A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11желтоқсандағы «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11желтоқсандағы № А-11/599 қаулысы

«Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі

туралы ережені бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

2. «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді камтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.

4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі С. Кулагин

Ақмола облысы әкімдігінің

2014 жылғы 11 желтоқсандағы

№ А-11/599 қаулысымен

бекітілді

«Ақмола облысының дін істері басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 Жалпы ережелер

  1. «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы бойынша діни қатынастар саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

  2. «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінде осы Ереженің қосымшасында көрсетілген ведомстволық ұйымдары бар.

  3. «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 139 а.

10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

14. «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: діни қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.

15. Міндеттері:

1) Конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және жүзеге асыру, діни наным еркіндігіне азаматтардың құқықтарын және діни бірлестіктермен өзара әрекет етуді жүзеге асыру бойынша ұсыныстар дайындау;

  1. діни бірлестіктердің, діни білім беру ұйымдарының, миссионерлердің қызметі және азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын іске асыру саласындағы үдерістерді талдау мен нәтижелерін жинақтап қорыту, жан-жақты және объективті зерделеу.

16. Функциялары:

1) облыстағы діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;

2) өңірде жұмыс істейтін дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеуді және талдауды жүргiзедi;

3) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;

4) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

5) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;

7) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайларды орналастыруды дайындайды, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келіседі;

8) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді (қайта тіркеуді) жүргізеді;

9) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) мәселелерін келіседі;

10) діни бірлестік құрушы бастамашы-азаматтардың тізімдерін тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді;

11) Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамаларының бұзылуы анықталған жағдайда, кейіннен сот органдарына берілуімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды;

12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттемелері:

  1. мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, басқа да ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрату және алу, «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі құзырына жататын мәселелер бойынша құжаттар әзірлеуге мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың қызметкерлерін тарту;

  2. «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асыру.

Мемлекеттiк органды қызметін ұйымдастыру

18. «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.

19. «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын Ақмола облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысына басшылық етеді және ұйымдастырады;

2) Заңға сәйкес «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен  «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

4) «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымын және бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

5) «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мүддесін қорғайды;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар қолданады және ол үшін дербес жауапкершілік алады;

7) «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентін бекітеді;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

«Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға аткарады.

22. Басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіліктерін анықтайды.

 Мемлекеттiк органды мүлкі

23. «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

«Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

24. «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 

«Ақмола облысының дін істері

басқармасы» мемлекеттік

мекемесі туралы ережеге

қосымша   

Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік ұйымдарының тiзбесі

Ақмола облысы дін істері басқармасының жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Дата обновления статьи: 15.04.2015 16:35
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 83, индекс: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23