A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қаз | Рус | Eng
Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы Ақмола облысында «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қорғау аймағының аумағында режим түрін және табиғатты пайдалану тәртібін, қорғау аймағының көлемі мен шекараларын белгілеу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № А-10/556 қаулысы

Ақмола облысында

«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық

табиғи паркі қорғау аймағының

аумағында режим түрін және

табиғатты пайдалану тәртібін,

қорғау аймағының көлемі мен

шекараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 123-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес, «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құрудың табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылық комитеті төрағасының 2010 жылғы 23 тамыздағы № 291 бұйрығының негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бұйратау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қорғау аймағының бекітілген жерге орналастыру жобасына сәйкес Ақмола облысындағы «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі айналасында Ерейментау ауданында жалпы ауданы 79060,8 гектар көлемінде қорғау аймағының шекаралары белгіленсін.

2. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес, Ақмола облысында «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғау аймағының аумағында шаруашылық қызметінің реттелетін режимі белгіленсін.

3. Қоса берілген Ақмола облысында «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғау аймағының аумағында табиғатты пайдалану қағидалары бекітілсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.

5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақмола облысының әкімі С. Кулагин

Ақмола облысы әкімдігінің

2014 жылғы 24 қарашадағы

№ А-10/556 қаулысымен

бекітілген

Ақмола облысында «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қорғау аймағының аумағында табиғатты пайдалану қағидалары

1. Осы Ақмола облысында «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі күзет аймағының аумағында табиғатты пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Ережелер) Ақмола облысында «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (бұдан әрі – Ұлттық паркі) күзет аймағының аумағында табиғатты пайдалану тәртібін анықтау мақсатында әзірленді.

2. Ұлттық паркі күзет аймағының аумағында рұқсат етіледі:

орман шаруашылығы қызметi;

мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлi жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық саналуандықты ұзақ мерзiмдi сақтау мен оның берiктiгiн қамтамасыз ету шеңберiндегi өзге де қызмет;

туристiк және рекреациялық қызмет;

минералды суларды, жер астының жылы суларын және климаттық ресурстарды пайдалану;

кәсiпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

орман және дала өрттерiн сөндiру жөнiнде жердегi және авиациялық жұмыстарды жүргiзу;

бүлiнген жерлердi рекультивациялау;

орман және өзге де өсiмдiк қауымдастықтарын қалпына келтiру;

жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтiру;

жер учаскелерiн туристер болатын жерлердi жайластыру, өсiмдiктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетiн және құрып бара жатқан түрлерiн жасанды жолмен көбейту, өсiру, өндiру үшiн питомниктер салу, мемлекеттiк табиғи қорық қызметкерлерiнiң тұруы үшiн қызметтiк үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерiн беру үшiн пайдалану, келесілерді есептемегенде:

жаңа елдi мекендер құруға және бар елдi мекендердi кеңейтуге;

мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн объектiлердi орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгiзуге;

өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi үшiн зәрлi улы химикаттар, тыңайтқыштар мен гербицидтер қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивтi нысандарын енгiзуге;

атмосфераға және ашық су көздерi мен рельефке ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға;

пайдалы қазбалар өндiруге;

әуесқойлық (спорттық) және кәсiпшілік аң аулауға;

радиоактивтi материалдар мен өнеркәсiп қалдықтарын көмуге;

мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiнiң гидрологиялық режимiн өзгертетiн қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектiлер салуға);

жабайы жануарлар мен жабайы өсiмдiктердiң бөтен түрлерiн жерсiндiруге.

Мақаланы құрған күні 15.04.2015 16:24
Мақаланы жаңартқан күні 15.04.2015 10:27
Қаралым саны: 374

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 индексі: 020000

Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі:
8 (7162) 29-72-00

Қабылдауға жазылу:
8 (7162) 29-72-43

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-71

Шығыс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-49

Кіріс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-44

Факс:
8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі: akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫШТЫ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы