A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қаз | Рус | Eng
Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 31 наурыздағы № А-4/127 қаулысы «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереженi бекiту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.Қоса берiлiп отырған «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң ережесi (бұдан әрi — Ереже) бекiтiлсiн.

2.«Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгiленген тәртiпте және мерзiмде Ереженi әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасызетсiн.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Д.З.Әдiлбековке жүктелсiн.

4. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi С. Кулагин

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң

2015 жылғы 31 наурыздағы

№ А-4/127 қаулысымен

бекiтiлдi

«Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ережесi

1. Жалпы ережелер

1. «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi еңбек қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ақан серi көшесi, 111 «А» үй.

9. Мемлекеттiк органның толық атауы: «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы Ереже «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтайшылық құжаты болып табылады.

11. «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы,негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттемелерi

13. Миссиясы: еңбек қатынастарын реттеу, соның iшiнде еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру.

14. Мiндеттерi:

еңбек, еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау саласындағы бақылау;

ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету.

15. Функциялары:

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

өндiрiстiк жарақаттанудың, кәсiптiк аурулардың, кәсiптiк уланулардың себептерiн талдау жүргiзу және олардың алдын алу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

жұмыс берушiлермен ұсынылған ұжымдық шарттардың мониторингiн жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте өндiрiсте жазатайым оқиғаларды тергеу;

жұмыс берушiде еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың бiлiмдерiн тексеру;

өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдап алу жөнiндегi қабылдау комиссиясының құрамына қатысу;

еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау нормативтерiн жетiлдiру мәселелерi бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өкiлеттi өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасау;

еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау мәселелерi бойынша қызметкерлердiң, жұмыс берушiлердiң және олардың өкiлдерiнiң өтiнiштерiн қарау;

еңбек жағдайлары бойынша өндiрiстiк объектiлердiң аттестациясына мониторингiн жүзеге асыру;

еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға кезеңдiк есептердi, сондай-ақ еңбектi қорғау және қауiпсiздiк жөнiндегi ақпараттық жүйе негiзiнде еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау жағдайы туралы мониторингiнiң нәтижесiн ұсыну;

еңбек қатынастары бойынша қажеттi ақпаратты еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға ұсыну;

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулердiң жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi.

16. «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құқықтары мен мiндеттемелерi:

жұмыс берушiлерден «Ақмола облысының еңбек испекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген функцияларды орындауға қажеттi құжаттарды, түсiнiктемелердi, ақпаратты сұратуға және алуға;

жұмыс берушiлер орындауға мiндеттi нұсқамалар, қорытындылар беруге, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруға, әкiмшiлiк жазалар қолдануға;

«Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша түсiнiктемелер беруге; 

өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды белгiленген тәртiппен тергеп-тексеруге; 

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қолдану мәселесi бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өтiнiштерiн уақытылы қарау;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мiндеттермен құқықтарды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттiк органныңқызметiн ұйымдастыру

17. «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне басшылық ету еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмiмен, «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болатын басшы — облыстың бас мемлекеттiк еңбек инспекторымен жүзеге асырылады.

18. «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы облыс әкiмiнiң өкiмiмен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

19. «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары бар.

Басшы өз орынбасарының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

20. Басшының өкiлеттiгi:

«Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң штат кестесiн мен жұмыс регламентiн бекiтедi;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн және лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiн мемлекеттiк ұйымдарда бiлдiредi;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген тәртiппен «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi;

«Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;

сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргiзу бойынша шаралар қолданады және ол үшiн жеке жауапкершiлiк алады;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

«Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға атқарады.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

21. «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

«Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiңмүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ, өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

22. «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық мүлiкке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөнiндегi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2015 ж. 05.05. № 4782 болып тiркелген

Мақаланы құрған күні 05.06.2015 12:50
Мақаланы жаңартқан күні 05.06.2015 06:52
Қаралым саны: 716

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 индексі: 020000

Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі:
8 (7162) 29-72-00

Әдеп жөнiндегi уәкiлi:
8 (7162) 29-73-54

Қабылдауға жазылу:
8 (7162) 29-72-43

Кіріс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-44

Шығыс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-49

Электрондық жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-51

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-71

Факс:
8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі: akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-23, 29-72-25, 29-72-54

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫШТЫ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы