A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қаз | Рус | Eng
Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 06 сәуiрдегi № А-4/142 қаулысы «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң ережесiн бекiту туралы»

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 06 сәуiрдегi № А-4/142 қаулысы «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң ережесiн бекiту туралы»

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң

2014 жылғы 20 мамырдағы

№ А-5/202 қаулысына

өзгерiс енгiзу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң ережесiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 20 мамырдағы № А-5/202 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4225 болып тiркелген, «Акмолинская правда» және «Арқа ажары» газеттерiнде 2014 жылы 14 маусымда жарияланған) келесi өзгерiс енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже (бұдан әрi-Ереже), осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгiленген тәртiпте және мерзiмде Ереженi әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi камтамасыз етсiн.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсiн.

4. Осы облыс әкiмдiгiнiң қаулысы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ақмола облысының әкiмi
С. Кулагин

Акмола облысы әкiмдiгiнiң

2015 жылғы 6 сәуiрдегi № А-4/142 қаулысына қосымша

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы

27 мамырдағы № А-5/202 қаулысымен

бекiтiлдi

«Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесi Ақмола облысының аумағындағы балалардың бiлiм және құқықтарын және заңды мүдделерiн қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң осы ережесiнiң қосымшасында көрсетiлген ведомстволық бағыныстағы ұйымдары бар.

3. «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесi ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

6. «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

8. «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

9. «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң мекенжайы: индексi 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесi, 1.

10. Мемлекеттiк органның толық атауы: «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесi.

11. Осы Ереже «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтайшылық құжаты болып табылады.

12. «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi (облыстық) бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттемелерi

14. Миссиясы: Ақмола облысының аумағындағы бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады.

15. Негiзгi мiндеттерi:

1) ұлттық және жалпы адами құндылықтарының, ғылым мен тәжiрибе жетiстiктерiнiң негiзiнде тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсiби қалыптасуына бағытталған сапалы бiлiм алуға қажеттi жағдай жасау;

2) оқушылардың кәсiби уәждемесiн қамтамасыз ету;

3) мектепке дейiнгi тәрбие, оқыту және мектепте бiлiм беруде сапалы қызмет көрсетудi арттыру;

4) педагогикалық кадрлардың кәсiби шеберлiктерiн және мұғалiм мамандығының беделiн арттыру;

5) оқушылардың салауатты өмiр салтын қалыптастыруда және шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға қолдау көрсету;

6) техникалық және кәсiби бiлiм берудiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;

7) даму мүмкiндiктерi шектеулi балалардың бiлiм алу кезеңiнде бiлiм беру қызметтерiне қолжетiмдiк жағдайларын жақсарту;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың барлық санаттарының құқықтарын жүзеге асыруға байланысты кешендi шараларды iске асыруда ведомство аралық серiктестiктi жергiлiктi деңгейде үйлестiру;

9) әлеуметтiк жетiмдiктiң, балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету және еңбегiн қанаудың алдын алу және ескерту, өмiрде қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету, балалардың өмiр сүру сапасын жақсарту үшiн жағдай жасауға жәрдемдесу, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде тәрбиеленушiлердi отбасылық орналастыруға итермелеу;

10) балалардың құқықтары туралы тұжырымдаманың ережелерiн, адамгершiлiк-рухани тәрбие бағдарламаларды iске асыру мониторингi, балалардың әлеуметтiк әл-ауқатын және рухани өсуiн талдау және болжау, аймақтағы балалардың тұрмыс жағдайын жақсарту туралы ұсыныстарды әзiрлеу.

16. Функциялары:

1) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудi қамтамасыз етедi;

2) балаларды арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етедi;

3) дарынды балаларды мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз етедi;

4) бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс беру және негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, солармен қамтамасыз етудi ұйымдастыру және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

5) Қазақстан Республикасының белгiленген заңнамасына сәйкес техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын, арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын облыстағы бiлiм беретiн мемлекеттiк ұйымдарды уәкiлеттi органмен құру, қайта құру және тарату туралы ұсыныс енгiзедi;

6) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасының ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастырады және ұйымдастырады;

7) оқушылардың ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысуын ұйымдастырады;

8) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;

9) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне және жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемдi талап ететiн отбасылардан шыққан балаларға және бiлiм беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге жалпы бiлiм беретiн мектептердi ағымдағы ұстауға бөлiнетiн бюджет қаражатының кемiнде бiр пайызы мөлшерiнде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

10) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары үшiн қағаз және электронды түрде оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн сатып алуды және жеткiзудi қамтамасыз етедi;

11) облыс ауқымында жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсiби шеберлiк конкурстарын ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз етедi;

12) балаларға облыстық деңгейде жүзеге асырылатын қосымша бiлiм берудi қамтамасыз етедi;

13) бюджет қаражатының есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

14) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалтуды және әлеуметтiк бейiмдеудi қамтамасыз етедi;

15) жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттiк қамтамасыз етудiң белгiленген тәртiбiнде жүзеге асырады;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртiпте оқушылардың жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

17) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының негiзiнде бiтiрген адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi;

18) жыл сайын 15 сәуiрге дейiн облыстық бiлiм беру және денсаулық сақтау уәкiлеттi органдарына ауылдық жерде кадрларды ұсынылған өтiнiмге сәйкес одан әрi жұмысқа тұрғызу қажеттiлiгi туралы өтiнiмдердi ұсынады;

19) бiлiм беру мониторингiн жүзеге асырады;

20) кәмелетке толмаған балаларды бейiмдеу орталығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi және кәмелетке толмаған балаларды бейiмдеу орталығында тұратын тұлғаларға жағдай жасауды қамтамасыз етедi;

21) қорғаншылық кеңестерге көмек көрсетедi;

22) мамандырылған және арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат бередi;

23) орта бiлiм беру ұйымдарында психологиялық қызметтiң ережесiн әзiрлеудi ұйымдастырады;

24) бiлiм беру ұйымдарында iшкi тәртiптiң үлгiлiк ережесiн әзiрлейдi;

25) Ақмола облысының әкiмдiгiмен кәмелетке толмағандардың iстерi мен олардың құқықтарын қорғау және оның жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның жеке құрамын облыстық мәслихаттың бекiтуiне ұсыну үшiн ұсыныстарды дайындауды жүзеге асырады;

26) қиын өмiрлiк жағдайға тап болған кәмелетке толмағандардың және берекесiз отбасылардың өңiрлiк есебiн жүргiзедi.

17. Құқықтары және мiндеттемелерi:

1) «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құзiретiне енетiн жеке тұлғалардың мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан қажеттi ақпараттарды және құжаттарды сұратады және алады;

2) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта құру және тарату туралы ұсыныстарды енгiзедi;

3) өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де құқықтар.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

18. «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне басшылықты «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өзiнiң функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

19. «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы Ақмола облысы әкiмiнiң өкiмiмен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

20. «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының өкiлеттiгi:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарма қызметкерлерiн және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк ұйымдарда «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiн ұсынады;

3) «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құқықтық актiлерiне қол қояды;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген тәртiппен  «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi;

5) «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесi қызметшiлерiнiң, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;

6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қолданады және оған жеке жауап бередi;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

21. «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы болмаған кезеңде, оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға атқарады.

22. «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

Басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

23. «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң заңнамамен көзделген жайдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

«Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ, өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

24. «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық мүлiкке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз еркiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.    

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Ақмола облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ережеге қосымша

Ақмола облысы бiлiм басқармасының қарамағындағы мемлекеттiк мекемелердiң тiзбесi

1. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Ақкөл қаласы, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 1 балалар үйi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

2. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Есiл қаласы, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 2 балалар үйi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

3. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Сандықтау ауылы, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 3 балалар үйi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

4. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Степногорск қаласы, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 4 балалар үйi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

5. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Аққөл ауданы, Урюпинка ауылы жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 1 құрамдастырылған балалар үйi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

6. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Щучинск қаласы, балалар мен жасөспiрiмдердi оңалту және әлеуметтiк бейiмдеу облыстық орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

7. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Көкшетау қаласы ақыл-ой бұзушылықтары мен психикалық дамуы кеш балаларға арналған № 1 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

8. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Атбасар қаласы ақыл-ой бұзушылықтары мен психикалық дамуы кеш балаларға арналған № 2 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

9. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Степногорск қаласы ақыл-ой бұзушылықтарымен психикалық дамуы кеш балаларға арналған № 3 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

10. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Көкшетау қаласы, есту және тiл кемiстiгi бар балаларға арналған № 4 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

11. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Көкшетау қаласы дарынды балаларға арналған № 1 облыстық мамандандырылған «Қазақ-түрiк лицейi» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

12. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Астана қаласы дарынды балаларға арналған № 2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

13. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Көкшетау қаласы (қазақ тiлiнде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

14. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Cтепногорск қаласы дарынды балаларға арналған № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп– интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

15. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

16. «Атбасар қаласы, № 1 ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

17. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Степногорск қаласы, № 2 ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

18. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Көкшетау қаласы, ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

19. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Көкшетау қаласы, № 1 сервистiк-техникалық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

20. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Степногорск қаласы, № 2 индустриалдық-техникалық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

21. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Көкшетау қаласы, Красный Яр селосы № 3 агротехникалық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

22. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, туризм және сервис индустриясы колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

23. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Есiл ауданы, Есiл қаласы № 7 агротехникалық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

24. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы № 1 индустриалдық-техникалық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

25. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Ақкөл ауданы, Ақкөл селосы № 10 агротехникалық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

26. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Көкшетау қаласы, № 1 құрылыс-техникалық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

27. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Сандықтау ауданы, Каменка селосы № 2 агротехникалық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

28. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Степногорск қаласы, № 2 құрылыс-техникалық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

29. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Аршалы ауданы, Аршалы ауылы № 4 агротехникалық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

30. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Шортанды ауданы, Бозайғыр ауылы № 5 агротехникалық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

31. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Астрахан ауданы, Астраханка селосы № 6 агротехникалық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

32. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы № 11 агротехникалық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

33. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы № 8 агротехникалық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

34. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Целиноград ауданы, Новоишимка селосы, № 9 агротехникалық колледжi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

35. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Жұлдыз» санаторлық типтегi облыстық орта мектеп интернаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

36. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

37. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Ақмола аймақтық бiлiм берудегi жаңа технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

38. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Облыстық оқу-әдiстемелiк кабинетi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

39. Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Степногорск қаласы, облыстық «Жастар» жасөспiрiмдер үйi (әлеуметтiк бейiмделу орталығы)» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.

Ақмола облысы бiлiм басқармасының қарамағындағы мемлекеттiк

кәсiпорындардың тiзбесi

1. Ақмола облысы бiлiм басқармасының жанындағы «Зерендi ауданы, Шағалалы ауылындағы, Агробизнес колледжi» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

2. Ақмола облысы бiлiм басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан серi атындағы мәдениет колледжi» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

3. Ақмола облысы бiлiм басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, (қазақ тiлiнде оқытылатын) Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжi» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

4. Ақмола облысы бiлiм басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылы, ауыл шаруашылық колледжi» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

5. Ақмола облысы бiлiм басқармасының жанындағы «Щучье қаласы, экология және орман шаруашылығы колледжi» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

6. Ақмола облысы бiлiм басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Бiржан сал атындағы музыкалық колледжi» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

7. Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы «Щучье қаласы, жоғары техникалық мектебi» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

8. Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы «Көкшетау қаласы, жоғары техникалық мектебi» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

9. Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы «Степногорск қаласы тау-кен техникалық колледжi» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

10. Ақмола облысы бiлiм басқармасының жанындағы «Щучье қаласы, педагогикалық колледжi» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

11. Ақмола облысы бiлiм басқармасының жанындағы «Облыстық дене тәрбиесi, спорт және алғашқы әскери дайындық оқу-әдiстемелiк орталығы» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

12. Ақмола облысы бiлiм басқармасының жанындағы «Облыстық балалар мен жасөспiрiмдер туризмi, өлкетану және экология орталығы» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

13. Ақмола облысы бiлiм басқармасының жанындағы «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргiзу жөнiндегi облыстық оқу-әдiстемелiк орталығы».

Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2015 ж. 12.05. № 4789 болып тiркелген

Дата создания статьи: 05.06.2015 14:20
Дата обновления статьи: 05.06.2015 14:20
Қаралым саны: 291

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 индексі: 020000

Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі:
8 (7162) 29-72-00

Қабылдауға жазылу:
8 (7162) 29-72-43

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-71

Шығыс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-49

Кіріс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-44

Факс:
8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі: akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫШТЫ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы