Өңірдің өнеркәсібі

Ақмола облысының аумағында кең таралған пайдалы қазбалардың
келiсiмшарттары бойынша ақпарат
(2018 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша).

Ақмола облысының аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндiруге арналған 181 келiсiмшарт жасалды.

Аудандар бөлiнiсiнде: Целиноград ауданы — 58 (саз, ұсақ тас, әктас, құм, құрылыс тас, қиыршықтас), Аршалы — 41 (саз, ұсақ тас, құрылыс тас, қиыршықтас, құм), Зерендi — 19 (балшық, құм, құрылыс тас, қиыршықтас, каолин), Шортанды — 12 (саз, құрылыс тас, қиыршықтас), Бурабай — 9 (саз, құрылыс тас, құм), Ерейментау — 8 (кварцит, құм, құрылыс тас), Астрахан — 6 (құрылыс тас, қиыршықтас), Бiржан сал — 5 (әктас, қаптама тас, құрылыс тас, қызыл түстi құмдақ, құрылыс құм), Көкшетау қ. — 4 (қиыршық тас-құм қоспасы, құм, саз), Ақкөл — 4 (граниттер, саз, құм, атқылаудан кейiнгi жыныстар), Қорғалжын — 3 (кварц құм, құрылыс құм), Сандықтау — 3 (балшық, қаптама тас, құрылыс тас), Жарқайың — 3 (құрылыс тас, құм), Есiл — 3 (құрылыс тас, құм), Атбасар — 2 (қиыршықтас, саз), Егiндiкөл — 1 (құм).

Ақмола облысының 2018 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтiк-
экономикалық дамуының қорытындысы жөнiндегi анықтама

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 140,8 млрд. теңгенi құрады. Тауар өнiмнiң НКИ — 105,1%.

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 104,4% құрады.

Өсiм құрамында алтыны бар кендер 10,9%-ға, қиыршық тас 47,3%-ға артуымен байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 106,5% құрады.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ-121,8%) өткен жылмен салыстырғанда (заттай көрiнiсте) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 20,1%, өсiмдiк майы 6,6%, ұн 40,9% өстi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ-93,5%) минералды су және алкогольсiз сусындар өндiрiсi 14,3% төмендегенi байқалады.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ-103,8%) этил спиртi өндiрiсi 86,6%-ға өстi.

Резеңке және пластмасса өнiмдерi өндiрiсiнде (НКИ 94,0%) пластмасстан жасалған фитинг және құбыр өндiрiсi 33,8% төмендегенi байқалады.

Машина жасау саласында (НКИ 142,9%) «ЕПК Степногорск» (темiржол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндiру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (КАМАЗ жүк автомобильдерiн жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электорвоздарды жөндеу зауыты (электровоздарды күрделi жөндеу) жетекшi кәсiпорындар болып табылады.

Өсiм келесi кәсiпорындар бойынша байқалады:

«Қамқор-Локомотив» ЖШС АЭЖЗ филиалы бойынша а.ж. қаңтар-наурыз айларында тауарлық өнiм көлемi 2,3 млрд. теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 132,5% құрады;

«ЕПК Степногорск» АҚ (подшипниктер, 68,8%-ға);

«КАМАЗ-Инжиниринг» а.ж. қаңтар-наурыз айларында жүк және мамандырылған автомобильдер өндiрiсi 121 дананы құрады (өсiм 23,5%).

Басқа да металл емес минералды өнiмдер өндiрiсi саласында (НКИ 251,1%) керамикалық кiрпiш өндiрiсiнiң көлемi 75,8%-ға өстi.

Металлургия саласында (НКИ 99,6%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндiру көлемiнiң 3,2% ұлғаюы байқалады, бұл «Altyntau Kokshetau» АҚ қызметiне байланысты болды.

«СТКХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратты өңдеу көлемi 795 тоннаны құрады (2017 жылмен салыстырғанда 8,6% төмендеген).

Өндiрiстiң төмендеуiне облыстың 3 өңiрiнде жол берiлдi, атап айтқанда — Бұланды (86,7%), Зерендi (98,7%), Қорғалжын (80,4%).

Құрылған күні: 16.04.2015 15:49
Жаңартылған күні: 05.05.2018 09:30
Қаралым саны: 3333

Қаз Рус Eng