A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Жол сілтеуші: өз емханаңызды таңдаңыз!

Неге емханаға тiркелу керек?

Емхана — алғашқы медициналық көмек көрсететiн медициналық мекеме.

Пациент емханадан қандай қызмет түрлерiн ала алады?

Бұл — учаскелiк дәрiгерлер мен мамандардың қабылдауы, медициналық рәсiмдер мен емдеулер, диагностика және медициналық тексеру, балалар патронажы мен жүктi әйелдердi қарау, дәрiгердi үйге шақыру және «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы арқылы стационарда емделуге рұқсат алу.

Басқа сөзбен айтқанда, емхана — кез келген медициналық көмек алуға мүмкiндiк беретiн «кiреберiс», сондықтан да алғашқы медициналық мекеменi таңдау мен шын мәнiнде қай емханаға тiркелгенiңiздi анықтау өте маңызды. Бiздiң елде халықтың басым бөлiгi қала, аудандарда тұрады да, басқа мекен-жай бойынша тiркеуде болады. Мұндай жағдайда медициналық қызмет көрсету бойынша қиындықтар туындайды.

Пациент өзiнiң дәрiгер мен емхананы еркiн таңдау құқығын пайдаланып, алғашқы медициналық мекеменi өзi тұрып жатқан қала немесе елдi мекендегi тiркелген жерi бойынша, сондай-ақ тұрғылықты мекен-жайы арқылы да таңдай алады.

Алайда уақытша немесе тұрақты түрде қызмет көрсететiн емхананы таңдаған кезде, емхана мен үйiңiздiң жақындығына көңiл бөлгенiңiз жөн.

Емхана жақын маңда орналасқан болса, сiзге де, үйге шақырған жағдайда дәрiгерiңiзге де тез жетуге мүмкiндiк бар.

Рәсiмделу мен емханаға тiркелудi тексеру қалай жүзеге асыруға болады?

Сонымен сiз емхананы таңдадыңыз.Оған қалай тiркелу керек?

Бұл өте оңай. Емханаға барып, тiркеу бөлiмiне жолығып, медициналық мекеменiң бас дәрiгерiнiң атына еркiн түрде өтiнiш жазып, жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшiрмесiн (төлқұжат, туу туралы куәлiк) өткiзуiңiз керек. 30 минуттың iшiнде Сiздiң емханаға тiркелуiңiз рәсiмделедi. Сiз туралы мәлiметтер «Тiркелген тұрғындар регистрi» порталына енгiзiлiп, сiздiң аты-жөнiңiзресми түрде медициналық қызмет көрсету кестесiнде көрсетiледi.

Емханаға тiркелудiң екiншi жолы ғаламторды пайдаланушылар үшiн ыңғайлы болмақ. «Электронды үкiмет»порталына (Egov.kz) электронды құжат түрiнде жеке мәлiметтерiн көрсете отырып, азамат куәландырылған электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы сұрау жiберуi қажет. Емханада жауапты маман аталмыш ақпараттық жүйеден электронды сұрауды қабылдап, Сiздiң тiркелгендiгiңiз жөнiндегi талон және электрондық тiркелу түрiн рәсiмдейдi.

Сiздi автоматты түрде тiркеген кезде, тұрғылықты мекен-жай мен емхананың сәйкес келмеуiне байланысты түсiнiксiз жағдайлар орын алмауы үшiн, ақпаратты өз ЖСН кодыңызды арқылы Egov порталының «Емхананы таңда» бөлiмiнен тексере аласыз.

Азамат тек бiр ғана емханаға тiркеле алады, қосымша бiрнеше емханаларда тiркеуде болуы мүмкiн емес екендiгiн ескерген жөн. Азамат алғашқы мед-санитарлық көмек алуы үшiн, медициналық мекемеге тiкелей өз өтiнiшiмен тiркелген жағдайда, «Тiркелген тұрғындар регистрi» порталының деректер қоры арқылы бұған дейiн алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуы үшiн тiркелген медициналық мекемеден автоматты түрде тiркеуден шығарылады.

Азаматтың дәрiгер мен емхананы еркiн таңдау барысында емханаға тiркелу мен тiкеуден шығарылу 1 жылда бiр рет қана жүзеге асырылады.

Денсаулығының әсерiнен өз еркiмен емханаға келе алмайтын тұлғаларды тiркеу олардың емхана мекен-жайына хат жазуы арқылы жүзеге асырылады.

Төтенше жағдай орын алғанда сiзге кез келген емхана ол мекемеге тiркелмесеңiз де қызмет көрсетедi, ал екiншi рет барған жағдайда, қажеттi құжаттарыңызды көрсету арқылы сол емханаға тiркелуiңiз керек.

Егер азамат ауырып қалғандықтан, емханаға бара алмаған жағдайда оған медициналық көмек үйде көрсетiледi. Дәрiгердi үйге шақыру тiкелей телефон соғу арқылы немесе «Электронды үкiмет» порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасыз онлайн тәртiбiнде жүзеге асырылады.

Әр емхана өзiне тiркелген тұрғындардың денсаулығы үшiн жауапты!

Сiздiң емханаңыз — МӘМС жүйесiне «кiру мүмкiндiгi»!

Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесiне қатысуыңыз үшiн сiздiң емханаға тiркелуiңiз аса маңызды болмақ. Денсаулық сақтау жүйесiне тек емхана арқылы ғана есiк ашылады және сақтандырылған азаматтардың болашақта сақтандыру медицинасы шеңберiнде медициналық қызмет пакеттi пайдалануы да осыған байланысты болмақ.

Тiркеу науқаны барысында елiмiздiң әр тұрғыны өзiнiң бастапқы тiркелген медициналық мекемесiн тексерiп қана қоймай, өзiнiң мәртебесi туралы да айтуы керек. Сiз кiмсiз? Жалданбалы жұмысшы ма, жеке кәсiпкер ме, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған азамат па, ресми табысы жоқ немесе еш жерде тiркелмеген жұмыссыз ба?

Сақтандырылған азамат ретiнде мәртебе алу кезiнде және медициналық көмек қабылдаған сәтте қиындықтар туындамауы үшiн, осының барлығын қазiр анықтау керек.

Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiне қатысу талаптары туралы барлық ақпаратты,жарна мөлшерi мен төлем кестесi жөнiнде мәлiметтердi өз емханаңыздың тiркеу бөлiмiнен немесе арнайы кабинеттiң медқызметкерлерiнен бiле аласыз.

Медсақтандыру туралы ақпартты жақын маңдағы емханадан алыңыз!

Дата создания статьи: 18.04.2017 14:48
Дата обновления статьи: 18.04.2017 14:48
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23