A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру

Облыста 14 –тен 29 жасқа дейiнгi 162,7 мың адам тұрады, бұл жалпы аймақ халқы санынан 22% құрайды.

Ауылдық жастар — 88,7 мың адам (54,5%),қалалық- 74,1 мың адам (45,5 %).

Экономикалық белсендi жастар — 94,7 мың адам, экономикалық белсенсiз- 38,2 мың адам. Ресми түрде жұмыссыз болып тiркелген жастар саны — 299 адам.

2016 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша, жастар жұмыссыздығының деңгейi 3,3% құрады, бұл республикадағы деңгейден 0,4% төмен.

Аймақ жастары облыстың 4 жоғары және 39 техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алады.

2016 жылдың 4 тоқсанныңда NEET жастар үлесi (оқымайтын, жұмыс iстемейтiн және бiлiктiлiгiн жоғарылатпаған) 7,9% құрады, бұл республикадағы деңгейден 2,1 % төмен.

2017 жылғы қаржыландыру көлемi 225,0 млн.теңгенi құрады (2016ж. -130,7 млн. теңге).

Облыста 20 жастар ресурстық орталықтары жұмыс iстейдi (1- облыстық деңгейдегi және 19 — облыстың аудандары мен қалаларында). Орталықтардың қызметкерлерiнiң жалпы штаттағы саны 115 адамды құрайды.

Барлық деңгейде әкiмдiктер жаңында жастар iстерi жөнiндегi Кеңес қызмет атқарады (20 Кеңес).

Облыста 102 жастар бiрлестiктерi тiркелген, олардың iшiнде ең белсендiлерi — 56 ҮЕҰ, қамтуы 1400 адамды құрайды. Ұйымдардың көп бөлiгi облыстық бюджеттен қаржыландырылады. 2017 жылы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде 61,3 млн.теңге соммасына 26 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Жастарды ынталандыру мақсатында 11 номинация бойынша облыс әкiмiнiң «ЖАС АҚМОЛА» сыйлықақысы тағайындалған.

Сонымен қатар, дарынды жастарды, әлеуметтiк қорғалмаған топқа жататын жастарды, облыста кадр тапшылығын құрайтын мамандықтарға тарту үшiн облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақысы тағайындалған. 2016-2017 оқу жылдарында шәкiртақы алушылар саны 226 адамға дейiн жеттi. Кадр тапшылығын құрайтын мамандықтар бойынша оқитын шәкiртақы алушылар келiсiм шартқа отырғызылады, соған сәйкес оқуды аяқтағаннан кейiн олар таратумен облыста 3 жыл жұмыс атқарулары тиiс. 2017 жылы атаулы шәкiртақыны тағайындауға 87,0 млн. теңге бөлiндi.

2017 жылдың басынан, «Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша қатысушылар саны 371 адам болды, оның iшiнде 133 ауылдық жерлерден. Әлеуметтiк жұмыс орындарына 167 адам, жастар iс-тәжiрибесiне 101 адам жiберiлдi. Жалпы, жұмыспен қамту органдарымен а.ж. 590 адам жұмысқа орналастырылды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында, 2017 жылы көтерме жәрдемақы төлеу соммасы 374 адамға 59,5 млн.теңге, бюджеттiк несиелер 314 адам үшiн 1069,0 млн.теңгенi құрады. Бюджеттiк несиелер мен көтерме жәрдемақыларды төлеу а.ж. наурыз айынан басталды.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберiнде облыстағы iс-шаралар басқа елдердiң қатысушыларын шақырумен өткiзiледi, облыс өкiлдерi де әр түрлi халықаралық iс-шараларда қатысады.

Дата создания статьи: 06.04.2017 18:34
Дата обновления статьи: 17.05.2017 16:03
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-72-98

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23