Ақмола облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру

Ақмола облысында мемлекеттiк жастар саясатының басым бағыттарын iске асыруға, жастарды қолдауға және жан-жақты дамуына бағытталған жүйелi жұмыс жүргiзiлуде.

Облыста жастар арасынан 152 541 адам тұрады, бұл жалпы облыс халық санынан 21% құрайды.

2018 жылы облыста жастар саясаты саласын қаржыландыру сомасы 436,9 млн теңгенi құрайды.

«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттiк жастар саясатының 2020 жылға дейiнгi тұжырымдамасын iске асыру шеңберiнде облыстың барлық қалалары мен аудандарында жастар ресурстық орталықтары (20 орталық) жұмыс iстеуде, аталмыш орталықтарда әр адам тегiн түрде психологиялық, құқықтық, әдiстемелiк көмек алуына болады және жұмысқа орналасуға жәрдем жасалынады.

Жастарды жұмыспен қамту жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетiнiң мәлiметi бойынша 2017 жылдың 4- тоқсанында жастар жұмыссыздығының деңгейi 2,9% құрады, бұл республикадағы деңгейден 1,2% төмен.

2017 жылдың 4-тоқсаны бойынша NEET жастар үлесi (оқымайтын, жұмыс iстемейтiн және бiлiктiлiгiн жоғарылатпаған) 7,6% құрады, бұл республикадағы деңгейден 0,7% төмен.

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру аясында а.ж. қаңтар-ақпан айларында 811 жастар өкiлi қатысушылар болды, оның iшiнде 370 ауылдық жерлерден. Әлеуметтiк жұмыс орындарына 47 адам жiберiлдi, жастар iс-тәжiрибесiне — 100 адам.

Жалпы, а.ж. басында жұмыспен қамту органдарымен жастар арасынан 582 жас адам жұмыспен қамтылды.

Халықты жұмыспен қамту, ауылдық жерлерге кадрлар әлеуетiнiң тоғысуына жағдайын жасау мақсатында облыста «Дипломмен ауылға» бағдарламасы iске асырылуда.

Жоспарға сәйкес, 2018 жылы 333 адамға 56,4 млн теңге сомасына көтерме жәрдемақы төлеуге және 477 адамға 1 млрд 722,6 млн. теңге сомасына бюджеттiк несиелер беру қарастырылған.

Облыста әкiмдермен (облыстық, аудандық және қалалық) басқарылатын Мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi 20 кеңес жұмыс iстейдi (1 облыстық, 19 аудандық және қалалық).

Облыста 65 жастар бiрлестiгi тiркелген. Оның iшiнде 45 жұмыс iстейдi. Жастар ұйымдарына қолдау көрсету, әлеуметтiк бағдарламалар мен жобаларға тарту мақсатында мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру үшiн жастар саясаты мәселелерi басқармамен жыл сайын қаржы қарастырылады.

2018 жылы жастар саясаты мәселелерi басқармасымен маңызды әлеуметтiк жобалардың конкурстарын өткiзу үшiн 11 лотқа 54388,0 мың теңге бөлiндi. Облыста әлеуметтiк қорғалмаған санаттағы жастарды қолдау, сапалы кәсiптiк бiлiм алуға ынталандыру үшiн облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақысы тағайындалған. 2017-2018 оқу жылында атаулы шәкiртақы иегерлер саны 276 адамға жеттi. 2018 жылы атаулы шәкiртақыны тағайындау үшiн облыстық бюджеттен 102,0 млн теңге бөлiндi.

Жастар iстерi жөнiндегi комитеттер облыстың 4 жоғары оқу орнының 3-iнде, ТжКБ-ның 39 ұйымында және облыстың 5 iрi кәсiпорын ұйымдарында жұмыс iстейдi.

Құрылған күні: 06.04.2017 18:34
Жаңартылған күні: 06.04.2018 17:00
Қаралым саны: 2569

Қаз Рус Eng