A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 28 ақпандағы № А-3/65 қаулысымен бекiтiлдi «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) ауылдық аумақтарды дамыту жөнiндегi аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органдар (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi көтерме жәрдемақысы және бюджеттiк кредит түрiндегi әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну болып табылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 12 ақпандағы № 80 қаулысымен бекiтiлген «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi құжаттар қабылдауды iске асырады, оларды тiркеудi жүргiзедi — 15 минут. Нәтижесi — көрсетiлетiн қызметтi алушыға қолхат берiледi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшылығы хат-хабармен танысады — 15 минут. Нәтижесi — орындау үшiн жауапты атқарушыны айқындау;

3) жауапты атқарушы құжаттардың толықтығын тексередi — 1 жұмыс күн. Нәтижесi — құжаттарды тұрақты түрде жұмыс iстейтiн комиссияға (бұдан әрi  — комиссия) қарастыру үшiн ұсыну;

4) комиссия құжаттармен танысып оларды сәйкестiкке тексередi — 2 жұмыс күн. Нәтижесi — көрсетiлетiн қызметтi алушыға көтерме жәрдемақы және бюджеттiк кредит түрiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы аудан әкiмдiгiне ұсыным;

5) жауапты атқарушы әкiмдiгiнiң әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы қаулысының (бұдан әрi — қаулы) жобасын әзiрлеу, келiсу және ұсыну — 10 жұмыс күн. Нәтижесi — аудан (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмдiгiнiң әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы бекiтiлген қаулысы;

6) жауапты атқарушы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы Келiсiмдi дайындайды — 7 жұмыс күн. Нәтижесi — көрсетiлетiн қызметтi берушi, көрсетiлетiн қызметтi алушы және сенiм бiлдiрiлген өкiлi (агентi) арасындағы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы Келiсiм;

7) көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке дербес шоттарына көтерме жәрдемақы сомасын аударады — 7 жұмыс күн. Нәтижесi — көтерме жәрдемақы ретiнде қаражатты көрсетiлетiн қызметтi алушыға аудару;

8) сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) үй құрылысына немесе сатып алуына бюджеттiк кредит ресiмдеу рәсiмiн iске асырады — 28 жұмыс күн. Нәтижесi — көрсетiлетiн қызметтi берушi, көрсетiлетiн қызмет алушы және сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) арасындағы үш жақты қарыз және кепiл шарттарын жасасу;

9) сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) құрылған немесе сатып алынған үй үшiн бюджеттiк кредит аударылуын iске асырады — 2 жұмыс күн. Нәтижесi — көрсетiлетiн қызметтi алушыға үй құрылысына немесе сатып алуына бюджеттiк кредит ретiнде қаражатты аудару.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын қызмет берушiлердiң, құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбе:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшылығы;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты атқарушы;

4) комиссия;

5) аудан (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмдiгi;

6) сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент).

7. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлердiң) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдың) сипаттама:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi құжаттарды басшылыққа бұрыштама салу үшiн бағыттайды — 15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшылығы бұрыштама салып, құжаттарды жауапты атқарушысына бағыттайды — 15 минут;

3) жауапты атқарушы құжаттарды материалдарымен қоса комиссияға қарастыру үшiн бередi — 1 жұмыс күнi;

4) комиссия әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы шешiм қабылдап жауапты атқарушысына, қаулы жобасын дайындау үшiн бағыттайды — 2 жұмыс күнi;

5) жауапты атқарушысы қаулының жобасын әзiрлеп, келiсiп және әкiмдiк мүшелерiне келiсуге ұсынады — 1 жұмыс күнi;

6) аудан (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмдiгi қаулыны қабылдап жауапты атқарушысына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы Келiсiмдi жасасу үшiн бағыттайды — 9 жұмыс күнi;

7) жауапты атқарушысы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы Келiсiмдi дайындап басшыға, көрсетiлетiн қызметтi алушыға және сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) қол қою үшiн ұсынады — 7 жұмыс күнi;

8) көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке дербес шоттарына көтерме жәрдемақы сомасын аударады — 7 жұмыс күнi;

9) сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) үй құрылысына немесе сатып алуына бюджеттiк кредиттi ресiмдеу рәсiмiн iске асырады — 28 жұмыс күнi;

10) сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) құрылған немесе сатып алынған үй үшiн бюджеттiк кредит қаражатын аударылуын iске асырады — 2 жұмыс күнi.

8. Рәсiмдер (iс-қимылдар) реттiлiгiнiң сипаттамасы осы Регламенттiң қосымшасына сәйкес блок-сызбамен сүйемелденедi.

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет

регламентiне қосымша

Рәсiмдер (iс-қимылдар) реттiлiгiнiң сипаттама

(Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2014 ж. 11.04. № 4090 болы тiркелген)

Дата создания статьи: 04.06.2015 14:51
Дата обновления статьи: 04.06.2015 14:51
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23