Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы

                Қанат Бейбітұлы Шөкенов

                телефон: 8 (7162) 29-72-75

                e-mail: rukap@akmo.kz   

 

 

 

Қанат Бейбiтұлы Шөкенов, 1981 жылы туған, жоғары бiлiмдi, Қазақ еңбек және әлеуметтiк қатынастар академиясының Ақмола филиалын заңгер мамандығы бойынша аяқтады, Тұран-Астана университетiн қаржы бакалаврының академиялық дәрежесiмен бiтiрдi.

М.В. Ломоносов атындағы Москва мемлекеттiк университетiнiң магистранты.

Еңбек жолын 2004 жылы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi мен Үкiметiнiң әкiмшiлiк ғимараттары дирекциясының маманы болып бастады. 2008 және 2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасы ресми iс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлiмiнiң сарапшысы, сектор меңгерушiсi, содан кейiн бөлiм меңгерушiсiнiң орынбасары болып жұмыс iстедi.

Осы тағайындалуына дейiн Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасы ресми iс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлiмi меңгерушiсiнiң лауазымын атқарды.

Облыс әкiмi аппаратының басшысы

Қанат Бейбiтұлы Шөкенов

Облыс әкiмi мен облыс әкiмдiгi, облыс әкiмi аппараты жұмысының жоспарларын құрастыру жұмысын ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасы Президентi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi, Қазақстан Республикасы Үкiметi, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесi, орталық атқарушы органдар актiлерi мен тапсырмаларының мемлекеттiк органдармен және барлық деңгейдегi әкiмдермен орындалуын бақылауды үйлестiрудi ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, облыс әкiмi мен әкiмдiгiнiң өз құзiреттiлiгiне жататын мәселелерi бойынша актiлерi мен тапсырмаларын орындауға бақылауды және олардың орындалуы бойынша облыс әкiмiнiң хабардар етiлуiн ұйымдастыру.

Облыс әкiмдiгiнiң, облыс әкiмi аппаратының жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдарымен өзара қатынас жасауын жүзеге асыру.

Жергiлiктi атқарушы және өкiлеттi органдардың Орталық, облыстық және төменгi тұрған сайлау комиссияларымен өзара қатынас жасасуын қамтамасыз ету.

Облыс әкiмiне аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi мен жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн жетiлдiру, сондай-ақ аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округ әкiмдерi актiлерiнiң күшiн жою, немесе толық, немесе iшiнара тоқтату туралы ұсыныстар енгiзу.

Кадрлық саясат, кадрлар резервiн құру, барлық деңгейдегi әкiмдердi тағайындау мәселелерi.

Облыс әкiмi көмекшiлерiнiң, кеңесшiлерiнiң, бас инспекторларының, облыс әкiмi аппараты құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерi аппараттарының жұмыстарын үйлестiру.

Өз құзыретiнiң шегiнде аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн ұйымдастыру, үйлестiру және бақылау.

Облыстың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының мәселелерi.

Сайлауға дайындалу және өткiзу мәселелерi.

Ақпаратты жинақтау, өңдеу жөнiндегi қызметтi, облыс әкiмiн өңiрлердегi жағдай, сонымен қатар стратегиялық маңызды проблемалар туралы уақытылы және толық көлемде ақпараттандыруды, мемлекеттiк басқару, мемлекеттiк бақылау және облыстың өңiрлiк кадрлық саясат жүйесiнiң мәселелерi бойынша ақпараттық-талдамалы материалдармен қамтамасыз етудi үйлестiру.

Кадрларды дайындау, қайта дайындау және бiлiктiлiгiн жетiлдiру мәселелерi.

Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi заңнаманы жүзеге асыру мәселелерi.

Облыс әкiмiнiң құрмет грамотасымен марапаттау мәселелерi.

Облыс әкiмi мен әкiмдiгi тапсырмаларының орындалу сапасын бағалауды жүргiзу мәселелерi.

«Мемлекеттiк органның азаматтармен өзара iс-қимылы», «Мемлекеттiк органды ұйымшылдылықпен дамыту» блоктары бойынша мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау мәселелерi.

Ақпараттық технологияларды дамыту мәселелерi.

Облыс әкiмдiгiнiң интернет-ресурсының жұмысын ұйымдастыру.

Облыс әкiмi аппаратының қызметiн қаржылық-бухгалтериялық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерi.

Ведомстволық тұрғын үйдi бөлу мәселелерi.

Қадағаланатын салаларында облыс әкiмiнiң алғыс хаттарымен, құттықтау хаттарымен марапаттау мәселелерi.

Құрылған күні: 16.11.2015 11:45
Жаңартылған күні: 11.04.2018 10:22
Қаралым саны: 27939

Қаз Рус Eng