ҰОС қатысқандарды, мүгедектер, балаларды әлеуметтік қорғау

Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау

Мүгедектердiң орталықтандырылған қорының мәлiметi бойынша облыста 28 821 барлық топтағы мүгедектер тұрады (оның iшiнде 1-топтағы — 2 751 адам, 2-топтағы — 11 297 адам, 3-топтағы — 12 024 адам, мүгедек-балалар — 2 749 адам).

Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012-2018 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында облыста 1 672 әлеуметтiк инфрақұрылымдық маңызы бар нысандар қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз етiлдi.

Облыс тұрғындарын нәтижелi жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтiк қорғау мен қолдаудың атаулылығын күшейту жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған «Паспортталған объектiлердiң жалпы санынан бейiмдеуден өткен объектiлердiң санын ұлғайту» Меморандумның көрсеткiшiне қол жеткiзу 100 %-ды құрады.

2018 жылы 1 672 паспортталған нысандарды толық бейiмдеу шаралары бойынша жұмыстар жалғасуда.

2018 жылы 595 мың. теңге сомасына 27 жол белгiлерiн орнату және 1 жаяу жүргiншiлер өткелдерiн қайта жабдықтау жоспарланған.

2014 жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң № 139-р өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершiлiк құндылықтарды нығайтудың 2015-2020 жылдарға арналған жалпыұлттық iс-шаралар жоспарының 27-тармағын орындау мақсатында, 2018 жылы «Ақмола облысында iске асырылатын үздiк әлеуметтiк жобалар» жыл сайынғы облыстық көрмесiнiң өткiзiлуi жоспарланды. Бүгiнгi танда республикалық жоспар негiзiнде облыстық жоспар бекiтiлдi.

Ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiн 8 өтiнiш қабылданды (Ақкөл — 1, Жарқайың — 2, Степногорск қ. — 2, Көкшетау қ. — 3).

Жыл сайын мүгедектердi құрылғылар және оңалту қызметтерiмен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттен ақшалай қаражат бөлiнедi. Сонымен қатар, 2018 жылы 294,5 млн.теңге сомасына мүгедектердi:

- санаторий-курорттық емделумен 136,4 млн. теңге сомасына 1 239 адамды, оның iшiнде 20 мүгедек-балаларды;

- тифлотехникалық құралдармен 27,4 млн. теңге сомасына 161 құралмен;

- сурдотехникалық құралдармен 11,6 млн. теңге сомасына 215 құралмен;

- кресло-арбалармен 38 млн. теңге сомасына 448 құралмен;

- протездiк-ортопедиялық құралдармен 81,1 млн.теңге сомасына 1 584 құралмен қамту жоспарланған.

- «Инватакси» қызметiне 27,2 млн.теңге (РБ — 2,7 млн.теңге, ОБ — 11,8 млн. теңге, ЖБ — 12,7 млн.теңге) қарастырылды.

Республикалық бюджет қаражатының есебiнен сөйлеу процессорымен 14,4 млн.теңгеге 4 мүгедектi қамту жоспарланған.

2018 жылы республикалық бюджет есебiнен үкiметтiк емес ұйымдармен көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтермен 164 млн.теңгеге 450 адамды қамту жоспарланған (жартылай стационар — 203, үй жағдайы арқылы — 197, адам саудасының құрбандары — 10, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары — 40).

Мемлекеттiк сектор аясында облыста үйде әлеуметтiк көмек көрсететiн 26 бөлiм жұмыс iстейдi, 591 әлеуметтiк қызметкер 2 852 адамға қызмет көрсетедi (оның iшiнде, жалғыз басты мүгедектер — 122, психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек-балалар — 160, ҚҚК бұзушылығы бар — 148, 18 жастан үлкен психоневрологиялық сырқаттары бар — 138, қарттар — 2 284). 2018 жылдың 1 сәуiрiне — 138,5 млн.теңге игерiлдi.

Ымдау тiлiнiң 15 мамандарымен есту бойынша 145 мүгедек үшiн қызметтер көрсетiледi, 2018 жылдың 1 сәуiрiне игеру сомасы 6,6 млн. теңгенi құрады. 626 жеке көмекшiмен қозғалыста қиыншылық көретiн бiрiншi топтағы 653 мүгедекке қызметтер көрсетiледi, 2018 жылғы 1 сәуiрге игерудiң сомасы 21,8 млн. теңгенi құрады.

2018 жылғы 1 сәуiрге мiндеттi гигиеналық құралдармен 102,5 млн. теңге сомасына 2 347 мүгедек қамтылды.

Құрылған күні: 15.04.2015 17:13
Жаңартылған күні: 12.04.2018 16:55
Қаралым саны: 2403

Қаз Рус Eng