A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Спорт

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының
2016 жыл бойынша жұмысы және 2017 жылдың I тоқсанға
қойылатын мiндеттерi туралы АҚПАРАТ

Облыс спорт ұйымдарының жұмысндағы басты бағыттар: бұқаралық спорт пен жоғары жетiстiктер спортын дамыту.

Аумақтарды дамыту бағдарламасында айқындалған нысаналы индикаторлар және көрсеткiштер:

1.Дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде шұғылданатын азаматтардың қамтылуы.

2017 жылдың 1 қаңтарында дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде шұғылданатын халықтың қамтылуы 26,2 % құрады (жоспар — 25,5%). Былтырғы жылмен салыстырғанда ұлғаю — 1,4 %, орындау — 102,7% құрады.

2. Спорт мектептерiнiң секцияларында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспiрiмдердiң қамтылуы.

Балалар мен жасөспiрiмдердiң қамтылуы 13,7% құрады (жоспар — 13,7%) Былтыпрғы жылмен салыстырғанда ұлғаю 0,1%. Орындау — 100% құрады.

Қазiргi кезде облыста 195334 адам, оның iшiнде ауылдық жерде 107325 адам жүйелi түрде жаттығатын 1235 дене шынықтыру ұжымы бар. Жоғары көрсеткiштер Жарқайың (29,3%), Зерендi (28,6%) Аршалы (28,4%), Жақсы (28,2%), Астрахан (28,1%), Сандықтау (28%) аудандарында және Степногорск қаласында (29,2%) байқалып отыр. Көкшетау (22,9%) қаласында, Еңбекшiлдер (24,9%), Бурабай (25,3%) және Қорғалжын (24,2%) аудандарында көрсеткiштер орташа облыстықтан төмен.

2016 жылы облыста 18 дербес дене шынықтыру және спорт бөлiмдерi жұмыс iстедi. «Жергiлiктi атқарушы органдардың штаттық санының лимиттерi туралы» Егiндiкөл ауданының 2013 жылғы 13 шiлдедегi № а-7/131 қаулысына сәйкес дене шынықтыру және спорт бөлiмi бiлiм бөлiмiмен бiрiктiру арқылы қайта ұйымдатырылып, бiлiм, дене шынықтыру және спорт бөлiмi болып қайта құрылды.

Алғашқы ұжымдар мен ауылдық округтерде 2015 штаттық қызметкер жұмыс iстейдi, оның iшiнде ауылда 1088 адам. Оның iшiнде 1071 жалпы бiлiм беретiн мектептерлiң мұғалiмдерi, 144 жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары, 354 жаттықтырушы-оқытушы.

Кәсiпорындар мен ауылдық округтерде жұмысты 170 спорт жөнiндегi нұсқаушы-әдiскер жүргiзедi, оның iшiнде ауылда 155 адам, бұл ауылдық округтердiң қамтасыз етiлуiнiң 66,5% құрайды (2015 жылы  — 61,5%). 2016 жылы штаттық нұқаушы әдiскерлер Бурабай, Целиноград аудандарында және Степногорск қаласында штаттық нұсқаушы әдiскерлер енгiзiлдi. Еңбекшiлдер аудланында ауылдық әкiмдiктердiң өкiмдерiмен 12 ауылдық округте а.ж. 1 қарашасынан бастап әдiскерлер лауазымдарына (0,5 ставка) дене шынықтыру мұғалiмдерi қабылданды, 2017 жылы 7 iрi ауылдық округте нұсқаушы-әдiскерлер енгiзу жоспарланып отыр.

Аталған мәселе Есiл ауданында шешiлмей отыр, онда 17 ауылдық округте барлығы 3 нұсқаушы-әдiскер жұмыс iстейдi.

Дене шынықтыру қызметкерлерiнiң iшiнде 1547 адамның жоғары дене шынықтыру бiлiмi бар, дене шынықтыру кадрларының жалпы санының 76,8%. (2015 жыл — 74,8%).

Аудандық және қалалық дене шынықтыру және спорт бөлiмдерiнiң статистикалық мәлiметтерi бойынша дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн Ақмола облысында 2301 спорт құрылысы бар, оның iшiнде ауылда — 1642. Былтырғы жылмен салыстырғанда спорт құрылыстарының саны 71 бiрлiкке артты.

2016 жылы Бұланды ауданының Макинск қаласындағы, Шортанды ауданында жүзу бассейнiнiң, Сандықтау ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрылысы жүргiзiлдi. 2016 жылдың 29 желтоқсанында Шортанды ауданыда бассейн қоданысқа енгiзiлдi.

Сабақтан тыс уақытта балалар мен жасөспiрiмдердiң, жастардың бос уақытын ұйымдастыру үшiн қазiргi заманға сай спорт алаңдарын және хоккей корттарын жабдықтау жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Аталған нысандардың құрылысы жергiлiктi бюджет және шаруашылық етушi субъектiлердiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi. 2016 жылы облыста барлығы 67 спорт алаңы, 8 хоккей корты салынды. Бұл бағытта Целиноград ауданында мейлiнше белсендi жұмыс жүргiзiлдi, онда Стрит Воркаутпен шұғылдану үшiн 26 алаң және аула треннажерлерi бар 11 алаң (барлығы 37 алаң) салынды. Сонымен бiрге 6 ауданда қазiргi заманғы спорт алаңдарын салу жүргiзiлген жоқ (Бұланды, Зерендi, Жарқайың, Ерейментау, Атбасар, Қорғалжын).

Көкшетау қаласында жалпы сомасы 37,6 млн.теңгеге «Оқжетпес» стадионын күрделi жөндеу және жүгiру жолақтарын қайта жөндеу өткiзiлдi. Степногорск қаласында қзiргi заманғы спорт алаңдары мен мини-стадион құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Осы мақсаттарға жергiлiктi бюджеттен 30 млн. теңге бөлiндi. Астрахан ауданында жалпы сомасы 87,7 млн. теңгеге стадионның футбол алаңын жөндеу және жасанды жабын төсеу жүргiзiлдi. Щучье МБЖСМ-нiң күрделi жөндеу жүргiзiлiп жатыр, жергiлiктi бюджеттен 39,5 млн.теңге игерiлдi.

Инвесторлардың қаражаты есебiнен келесi жұмыстар жүргiзiлiп жатыр: Бурабай ауданында Щучье-Бурабай курорттық аймағының аумағында («Қазмұнайгаз сервис НС» АҚ) — гольф-клубының құрылысы, Жақсы ауданында («Запорожье» ЖШС) — Запорожье ауылындағы ауа тiрек құрылысын қайта жөндеу, Егiндiкөл ауданында («Сарымсакты» ЖШС) — спорт залы бар тынығу орталығының құрылысы, Көкшетау қаласында («Агример-Астык» ЖШС) спорткешен салынды.

Нысандарға қол жеткiзу жоспарында: спорт мектептерiндегi және балалар-жасөспiрiмдер клубтарында сабақ ақысыз негiзде, бюджеттiк қаражат есебiнен жүргiзiледi.

Бұдан басқа, мемлекеттiк коммуналдық меншiктегi спорт нысандарында халыққа дене шынықтыру-сауықтыру қызметi бассейнге — ересек адамға 300 ден 600 теңгеге дейiн, балаларға 150-300 теңгеге дейiн, жаттығу залдарында 150 ден 600 теңгеге дейiн, балалар мен 18 жасқа дейiн жастар үшiн — 150 ден 300 теңгеге дейiн. Мұз айдынына ересектер үшiн 600 теңге, студенттер және оқушылар үшiн 300 теңге. Мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға, 7 жасқа дейiнгi, балалар үйiнiң, көпбалалы отбасылардың балаларына, спортшы-ардагерлерге қызмет тегiн ұсынылады, студенттер мен зейнеткерлерге 50% жеңiлдiк ұсынылады.

Бiрiншi тоқсанда дене шынықтыру және спорт басқармасы мен бiлiм басқармасының арасында халыққа кешкi уақытта және демалыс күндерi жалпы бiлiм беретiн мектептердiң спорттық базасын халыққа ұсыну жөнiнде меморандумға қол қойылды.

Жер бойынша жұмысты 5 жасөспiрiмдер, 4 балалар мен жасөспiрiмдер және қызығушылық бойынша 47 дене-сауықтыру клубы жүзеге асырады. Оларда жалпы 22631 адам спортпен шұғылданады. 2016 жылы Зерендi ауданында «Жiгер» дене тәрбиесi дайындығының балалар мен жасөспiрiмдер спорт клубы ашылды.

Мүмкiндiктерi шектеулi адамдармен дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын жүргiзу тұрғысында облыс орталығында мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға арналған «Мерген» спорт клубы жұмыс iстейдi, 200 адамды қамтиды.

Есеп беру кезеңiнде облыста 3248 спорттық-бұқаралық iс-шара өтiзiлдi. Оған 276079 адам қатысты. Ауылда 175900 адам қатысуымен 2418 iс-шара өтiзiлдi. 2015 жылдың осындай кезеңiне қарағанда iс-шаралар саны 9 %-ға өстi.

«Кешендi облыстық спартакиадалар өткiзу туралы» облыс әкiмдiгiнiң қаулысына сәйкес келесi спартакиадалар өткiзiлдi:

- 9 спорт түрлерiнен ХХХ облыстық қысқы «Хрустальный колос» спартакиадасы, оның финалы Сандықтау ауданында өткiзiлдi. Спартакиадасының барлық кезеңдерiнде 8748 адам қатысты.

- 9 спорт түрлерiнен физикалық мүмкiндiктерi шектеулi адамдар арасында «Надежда», барлық кезеңдерiнде 600 адам қатысты.

- 10 спорт түрлерiнен облыстық жазғы «Ақ бидай» спартакиадасы, оның финалы Астрахан ауданында өткiзiлдi. Спартакиадасының барлық кезеңдерiнде 16992 адам қатысты.

- 11 спорт түрлерiнен ұлттық және халықтық спорт түрлерiнен «Құлагер» спартакиадасы, оған 700 адам қатысты.

Облыс орталығында ақпан-мамыр аралығында 21 команда қатысуымен 11 спорт түрiнен ведомстволық «Бiрлiк» және 19 команда қатысуымен 8 спорт түрiнен мемлекеттiк қызметшiлер арасында «Отан» спартакиадалар өткiзiлдi.

Қазақ күресiнен «Қазақстан барысы» республикалық турнирдiң аясында облыс ауыл округтерiнде 2870 адам қатысуымен 1 кезең және 36 адам қатысуымен финалы өткiзiлдi.

Облыста 29 спорттық мектеп (оның iшiнде 4 олимпиадалық резерв мектептерi және ЖШСМ) және 1 спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты спорттық резерв даярлауды жүзеге асырады.

Спорттық мектептерде, СДБОМИ-де және ЖСШМ-де 42 спорт түрi дамытылады (олардың iшiнде 20 олимпиадалық), жаттығушылар саны 13355 адам.

Облыста Қазақстан республикасының Чемпионаттарына қатысатын 3 кәсiби спортклубы бар — «Арлан» хоккей клубы» ЖШС, «Оқжетпес» ШЖҚ МКК, әйелдер мен ерлер баскетбол командалар бар «Спорттың ойын түрлерiнен спорт клубы» ШЖҚ МКК. Аталған клубтарда барлығы 626 ойыншы бар. 2015-2016 жылғы маусымда Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасындағы баскетболдан ҚР чемпионатына қатысу қорытындылары бойынша «Оқжетпес» БК жеңiмпаз, ал облыс құрама командасы қола жүлдегер атанды. «Арлан» хоккей командасы 2015-2016 жж маусымдағы ҚР Чемпионатында күмiс жүлдеге ие болды. «Окжетпес» футбол клубы 2016 жылдың ҚР Чемпионатында 5 орынға ие болды (2015 жылы — 8 орын).

ҚР ұлттық құрама командалардың құрамына әртүрлi спорт түлерiнен Ақмола облысының 261 спортшысы кiредi, оның iшiнде: олимпиадалық спорт түрлерiнен — 140, олимпиялық емес спорт түрлерiнен — 121.

2016 жылы облыстың спорттық ұйымдары 1 разрядты 167 спортшы, 323 спорт шеберлiгiне үмiткердi, 56 спорт шеберiн, 14 халықтық дәрежедегi спорт шеберiн және 1 еңбек сiңiрген спорт шеберiн даярлап шықты.

1111 спортшы мен олардың жаттықтырушылары үшiн жауапты республикалық және халықаралық жарыстарға дайындалу үшiн 142 оқу-жаттығу жиыны өткiзiлдi, 1903 спортшы мен жаттықтырушылар 230 республикалық және халықаралық жарысқа қатысты.

2016 жылдың негiзгi халықаралық спорттық оқиғалары:

1.Қазақстан Республикасының Спорт ардагерлердiң 3-шi Спартакиадасы, Өскемен қ.

Облыс құрама командасы 6 орынға ие болып, өткен спартакиадаға қарағанда 2 сатыға жоғарылады (өткен спартакиадада 8 орын).

2.Рио-де-Жанейро қаласындағы (Бразилия) жазғы паралимпиада ойындары.

Алғаш рет облыс тарихында ҚР паралимпиадалық құрама командасының құрамында бiздiң спортшы, Целиноград ауданының өкiлi Дукарт Вадим қатысып, пауэрлифтингтен жарыстарда 8 орынға ие болды.

3.Астана қаласындағы әйелдер арасындағы бокстан Әлем Чемпионаты

Облыс спортшысы Дина Жоламан бокстан әлем чемпионы атанды. 17 жылда бұл олимпиадалық спорт түрлерiнен облыс қоржынындағы алғашқы алтын медаль (1999 жылы Дмитрий Гааг тратлоннан әлем чемпионы атанды).

Ресми республикалық және халықаралық жарыстарға қатыса отырып, спортшылар 769 медальға ие болды (оның iшiнде 275 — алтын, 261 — қола, 233 — күмiс), оның iшiнде олимиадалық спорт түрлерiнен — 386, олимпиялық емес спорт түрлерiнен — 383 медаль. (2015 жылы — 672 медаль).

Жылдың басынан спортшыларға спорттық разрядтар мен санаттарын беру бойынша 520 мемлекеттiк қызмет және спорт түрлерiнен спорт федерацияларын аккредиттеу бойынша 13 қызмет көрсетiлдi.

2017 жылдың 1 тоқсанына қойылатын мiндеттер:

1.Халықтың жүйелi түрде дене шынықтыру және спорт жаттығуларымен қамтылуын арттыру бойынша әрi қарай жұмыс жүргiзу.

2.Сандықтау ауданының Балкашино ауылында ДСК және Бұланды ауданының Макинск қаласында жүзу бассейнiнiң құрылысын жалғастыру.

3.28-шi дүниежүзiлiк қысқы универсиаданың алау эстафетасын өткiзу.

4.Қысқы спорт түрлерiнен жетекшi спортшыларының Алматы қаласындағы 2017 жылғы Дүниежүзiлiк Универсиадаға қатысуы (облыстан қатысуға 17 адам үмiткер: шаңғы жарыстары — 5, биатлон — 5, шайбалы хоккей — 6, керлинг –1).

2016 жылы 1 тоқсан бойынша Ақмола облысында дене шынықтыру және спортты дамыту туралы ақпарат (DOC 73 Kb)

Дата создания статьи: 16.04.2015 17:56
Дата обновления статьи: 06.04.2017 18:56
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23