Спорт

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының 2018 жылғы 1-тоқсандағы әлеуметтiк-экономикалық даму қортындысы және 2018 жылғы 2-тоқсанға арналған мiндеттер туралы ақпарат

Облыс спорт ұйымдарының жұмысындағы басты бағыттар: спорт инфрақұрылымын, бұқаралық спорт пен жоғары жетiстiктер спортын дамыту.

Қазiргi кезде дене шынықтыру және спорт басқармасы жүзеге асыру бойынша жұмыс iстеп жатқан басты құжаттар — Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2025 жылға дейiнгi тұжырымдамасы, Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы.

Аумақтарды дамытудың бағдарламасында спорт саласы үшiн 2 нысаналы индикатор айқындалған.

1.Дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде шұғылданатын азаматтардың қамтылуы.

2018 жылғы 1 қаңтарда дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде шұғылданатын халықтың қамтылуы 203758 адамды немесе 27,6 % құрады (жоспар — 27%). Былтырғы жылмен салыстырғанда ұлғаю — 8424 немесе 1,4 %, орындау — 102%. 2018 жылға арналған жоспар — 28%.

2. Балалар мен жасөспiрiмдердiң жалпы санынан балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнде, дене тәрбиесi дайындығының балалар мен жасөспiрiмдер клубтарында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспiрiмдердiң қамтылуы.

Былтырғы жылмен салыстырғанда спорт мектептерiнде және балалар мен жасөспiрiмдердiң клубтарында шұғылданушылардың саны 1663 адамға немесе 1,1% артып, 17658 адамды немесе 14,8% құрады (жоспар — 14,8%). 2018 жылға арналған жоспар — 14,9%.

Осылайша екi индикатор орындалды.

Жоғарғы көрсеткiштер Степногорск қаласында (33,4 %), Жарқайың (29,4%), Жақсы (29,4%), Зерендi (29,4%) аудандарында байқалады. Көкшетау (25,6%) қаласында, Бурабай (25,7%) ауданында көрсеткiштер орташа облыстықтан төмен.

Казiргi уақытта облыста 18 жеке дене шынықтыру және спорт бөлiмдерi жұмыс iстейдi. «Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерi туралы» Егiндiкөл ауданы әкiмдiгiнiң 2013 жылғы 13 шiлдедегi № а-7/131 қаулысына сәйкес, дене шынықтыру және спорт бөлiмi бiлiм бөлiмiмен бiрiктiру арқылы қайта ұйымдастырылып, бiлiм, дене шынықтыру және спорт бөлiмi болып қайта құрылды.

Дене шынықтыру және спорт саласында 2079 адам жұмыс iстейдi, оның iшiнде ауылда — 1148 адам. Оның iшiнде: жалпы бiлiм беретiн мектептердiң мұғалiмдерi — 1101, орта арнайы және жоғарғы оқу орындарының оқытушылары — 151, жаттықтырушы-оқытушылар — 392. Кәсiпорындар мен ауылдық округтерде спорт жөнiндегi 172 шаттағы әдiскер-нұсқаушылар жұмыс iстейдi, оның iшiнде: ауылда — 158 адам, ол ауылдық округтер қамтылуының 67,8 % құрайды.

Есiл ауданында бұл мәселе шешiлген жоқ, онда 17 ауылдық округте бар-жоғы 2 әдiскер-нұсқаушы жұмыс iстейдi, Бұланды ауданының бiрде-бiр ауылдық округiнде спорт жөнiндегi нұсқаушы жоқ.

Дене шынықтыру қызметкерлерiнiң iшiнен дене шынықтыру бойынша бiлiмi барлары 1567 адам немесе дене шынықтыру кадрларының жалпы санына 75,4% құрайды.

Ақмола облысында дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн 2355 спорт имараты бар, оның iшiнде: ауылда — 1672. Өткен жылмен салыстырғанда спорт имараттарының саны 54 данаға көбейдi.

2018 жылы аудан орталықтарын дене шынықтыру-сауықтыру кешендерiмен қамтамасыз ету жұмысы жалғастырылатын болады: Астрахан ауданында ДСК құрылысы жоспарлануда (жобаның құны 259,8 млн.теңге), Ерейментау ауданында ДСК ЖСҚ әзiрленiп, құрылысы басталды (жобаның құны 350 млн.теңге), Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы Спорт сарайының құрылысына ЖСҚ әзiрлендi (жобаның құны 1 млрд.теңге).

Халықтың бос уақытын ұйымдастыру үшiн заманауи спорт алаңдарының желiсiн дамтыу бойынша жұмыс жалғастырылуда. Қазiргi кезде «Менiң Елiм» әлеуметтiк инвестициялық бағдарламасының аясында алаңдар салу бойынша «Самұрық-Қазына» қорымен жұмыс жүргiзiлуде. Облыстан 14 жоба енгiзiлдi.

Тұрғылықты жерi бойынша жұмысты 4 жасөспiрiмдер, 5 балалар мен жасөспiрiмдер және қызығушылығына қарай 47 дене-сауықтыру клубы жүзеге асырады. Оларда жалпы алғанда 21570 адам спортпен шұғылданады.

Мүмкiндiктерi шектеулi адамдармен дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын жүргiзу тұрғысында облыс орталығында мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға арналған «Мерген» спорт клубы жұмыс iстейдi, 210 адамды қамтиды.

Салауатты өмiр салтын дәрiптеу және насихаттау мақсатында, облыста 1416 спорттық-бұқаралық iс-шара өтiзiлдi. Оған 72523 адам қатысты. Ауылда 36474 адамның қатысуымен 1117 iс-шара өтiзiлдi. Былтырғы жылмен салыстырғанда iс-шаралардың саны 11%-ға өстi.

«2018 жылы кешендi спартакиадаларды өткiзу туралы» облыс әкiмiнiң қаулысына сәйкес 9 спорт түрiнен «Хрустальный колос» қысқы облыстық спартакиадасы өткiзiлдi. Оның финалдық жарыстары Степногорск қаласында өттi. Спартакиаданың барлық кезеңдерiне 8184 адам қатысты.

Облыс орталығында 11 спорт түрiнен ведомстволық «Бiрлiк» спартакиадасы басталды.

Дәстүрлi түрде жыл басында қысқы спорт түрлерiнiң фестивалi өткiзiледi. Ағымдағы жылы ол ҚР құрама командасының қатарында Олимпиада ойындарына қатысқан бiздiң олимпиадашыларды қолдауға арналды. Аталған iс-шараға 5000 астам адам қатысты.

Облыста бұқаралық спортпен қатар жоғары жетiстiктер спорты дамытылады.

Облыста 29 спорт мектебi (оның iшiнде 4 олимпиадалық резерв мектептерi және ЖШСМ) және 1 Бөгенбай батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты спорттық резерв даярлауды жүзеге асырады. Кқкшетау қаласында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Бурабай» спорт сарайының базасында жаңа мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi ашылды.

Спорт мектептерiнде, СДБОМИ-де және ЖСШМ-де 43 спорт түрi дамытылады (олардың iшiнде 22 олимпиадалық), жаттығушылар саны 14107 адам.

Облыста Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысатын 6 кәсiби команда бар — шайбалы хоккейден «Арлан» ХК, футболдан «Оқжетпес» ФК (әйелдер мен ерлер командалары), баскетболдан «Синегорье» БК (әйелдер мен ерлер) және футзалдан.

Қазiргi кезде «Арлан» хоккей командасы Қазақстан Республикасының чемпионатында «Номад» (Астана) командасымен плей-офф финалының сериясын ойнауда, қазiргi кезде серияның есебi 1-1.

«Оқжетпес» ФК (ерлер) 2-турдан кейiн бiрiншi лига командаларының арасындағы ҚР чемпионатында 2-орында болып табылады.

«Синегорье» әйелдер баскетбол командасы ҚР тұрақты чемпионатында 2 орында.

Ерлер баскетбол командасы жоғарғы лига командаларының арасындағы ҚР тұрақты чемпионатында әзiрше 4 орында.

Ерлер футзал командасы ҚР Чемпионатында 5 орында.

ҚР ұлттық құрама командалардың құрамына әртүрлi спорт түлерiнен Ақмола облысының 364 спортшысы кiредi, оның iшiнде: олимпиадалық спорт түрлерiнен — 200, олимпиялық емес спорт түрлерiнен — 164 адам.

2018 жылдың басынан бастап 1 разрядты 41 спортшы, 66 спорт шеберлiгiне үмiткер, 2 спорт шеберi, 2 халықтық дәрежедегi спорт шеберi даярланды.

Ақмола облысының спортшылары үшiн 2018 жыл 4 жылдықтың басты оқиғасымен басталды.

1)ХХIII қысқы Олимпиада ойындары, ол Пхенчхан қаласында (Оңтүстiк Корея) 9-25 ақпаны аралығында өттi. ҚР құрамасының қатарында ел намысын 6 ақмолалық спортшы қорғады: 3 — шаңғы жарыстары (Волотка Денис, Величко Евгений, Тюленева Валерия) және 3 биатлоншы (Еремин Роман, Хамитгатин Тимур, Райкова Алина).

2)ХII қысқы Паралимпиада ойындары, ол Пхенчхан қаласында (Оңтүстiк Корея) 9-18 ақпаны аралығында өттi, онда шаңғы жарыстарында бiздiң облысымыздың атынан Бурабай ауданының өкiлi, тiрек қимыл аппараты зақымданған спортшы Петренко Денис өнер көрсетiп, эстафетада 6 орынға ие болды.

Республикалық және халықаралық жарыстарға қатыса отырып, спортшылар 376 медальға ие болды. (2017 жылы — 270 медаль).

Ынталандыру және материалдық көтермелеу үшiн нәтижелерi мен рейтингiне байланысты 42 жетекшi спортшыға 45-227 мың теңге аралығында ай сайынғы ақшалай қаржыландыру төленедi. Халықаралық аренадағы жоғары спорттық нәтижелерi үшiн бiржолғы сыйақы төленедi.

Халыққа мемлекеттiк қызметтер көрсету бойынша жұмыс тұрғысында жыл басынан бастап спорттық разрядтар мен санаттар беру бойынша 113 қызмет, спорт федерацияларын аккредиттеу бойынша 1 қызмет және спорт мектептерiне «мамандандырылған» және спорт мектептерiнiң бөлiмшелерiне «мамандандырылған» деген мәртебе беру бойынша 2 көрсетiлдi.

2018 жылғы 2-тоқсанға арналған негiзгi мiндеттер:

1.Дене шынықтырумен және спортпен жүйелi түрде шұғылданатын азаматтардың қамтылуын 28%-ға дейiн арттыру;

2.Заманауи спорт алаңдарының торабын кеңейту;

3.Астрахан ауданының Астраханка а. дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң және Көкшетау қ. «Оқжетпес» БЖФМ спорт залы мен футбол алаңының құрылысы;

4.Бұланды ауданының Макинск қ. жүзу бассейнiнiң құрылысын аяқтау;

5.Бурабай ауданында Спорт сарайының құрылысы үшiн ЖСҚ әзiрлеу;

6.Ерейментау ауданының Ерейментау қ. дене шынықтыру-сауықтыру кешенiне ЖСҚ әзiрлеу және құрылысын бастау.

Құрылған күні: 16.04.2015 17:56
Жаңартылған күні: 18.04.2018 16:11
Қаралым саны: 3355

Қаз Рус Eng