A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
2012-2020 жылдарға арналған шағын қалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы анықтама

2013–2015 жылдарға арналған Степногорск қаласының даму Кешендiк жоспарын iске асыру туралы ақпарат 2014 жылдың қорытындысы бойынша

2013–2015 жылдарға арналған Степногорск қаласының даму Кешендiк жоспары 2012-2020 жылдарға арналған моноқалалар бағдарламасын iске асыруға әзiрлендi және 2012 жылы облыстық мәслихат сессиясында бекiтiлдi. Кеншiк жоспармен 80 iс-шараларды iске асыру қарастырылды.

2014 жылы iс-шараларды iске асыруға 3655,9 млн. теңге, соның iшiнде (республикалық бюджеттен — 2806,8 млн. теңге, жергiлiктi бюджеттен — 849,1 млн. теңге) бөлiндi. Толық көлемде игерiлдi.

Бағдарламаның 1-шi бағыты шеңберiнде: Степногорск қаласында сирек металды өнеркәсiптiк кластер құру, сондай-ақ индустриалды зонаны ұйымдастыру мәселесi талқылануда. Қала әкiмдiгiмен индустриалды зонаны құру тұжырымдамасы әзiрлендi, «Есiл» ӘКК бизнес-жоспар және ТЭО әзiрлеуде. Аумағы 125 га жер учаскесi бөлiндi.

2-шi бағыт шеңберiнде: Степногорск қаласының тұрғындарын оңтайлы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшiн экономиканы әртараптандыру және шағын және орта бизнестi дамыту

1. Степногорск қаласының экономикасын әртараптандыру

Екi «зәкiрлi» жоба бойынша жұмыс жүргiзiлуде:

- 200 жуық жаңа жұмыс орындары құрылған «SARECO» БК» ЖШС «Сирек жер металдарының бiрлескен қоспалары өндiрiсiн ұйымдастыру». Жабдықты кешендi сынап көру өткiзiлдi, технологиялық кестелер өтелдi. Жоспарлы қуаттылыққа жету мақсатында, ағымдағы жылы жабдықты жартылай қайта құру өткiзiлдi. 2014 жылғы өндiрiс көлемi 195,2 млн. теңге сомасына 57,7 тонна құрады. Жоба Ақмола облысының өңiрлiк Индустриализация картасына енгiзiлдi.

- «СКЗ-пирит» ЖШС «Тауарлы күкiрт қышқылын алумен пириттi қоспаларды күйдiру және «Доре» қорытпасын алумен алынған тұқылдарды, мысты сульфидтi және цинктiк карбонатты қоспаларды гидрометаллургиялық өңдеу» жобалау қуаты 200 мың тонна күкiрт қышқылы және 7,21 тонна «Доре» қорытпасы. Жоба бойынша «Мемлекеттiк сараптама» РГК оң қорытындысы алынды. «Доре» қорытпасы бойынша жобаны iске асыру 2015 жылға, күкiрт қышқылы бойынша 2017 жылға белгiлендi.

«Самрұқ-Қазына» ҰКҚ АҚ iске асырылатын инвестициялық жобалардың бiрi «Қазатомөнеркәсiп» СКЗ БК» ЖШС жүзеге асырылатын, жылына өндiрiстiк қуаты 180 мың тонна күкiрт қышқыл зауытын қайта құру болып табылады. Жоба Республикалық индустриализация картасына енгiзiлдi. Ағымдағы жылдың желтоқсанында Президент Н. Назарбаевтың қатысуымен тiкелей телемост тәртiбiнде кәсiпорынды iске қосу жүргiзiлдi.

Кешендiк жоспар iс-шараларының қатары iске асырылуы ҚР Үкiметiнiң бақылауында тұрған «СТХК» ЖШС проблемалы мәселелерiн шешу бойынша Жол картасына енгiзiлетiн «СТХК» ЖШС қызметiне байланысты. Осы кәсiпорын қызметiнiң тұрақтылығына әсер ететiн шаралардың бiрi алтынды кен

өңдеуге көшу бойынша гидрометаллургиялық зауытқа (ГМЗ) өткiзiлетiн өндiрiстi әртараптандыру болып табылады. Барлығы 5 мыңға жуық тонна флотоқоспасы жүргiзiлдi. «Қазатомөнеркәсiп» ҰАК АҚ кен басқармасынан «СТХК» ЖШС гидрометталургиялық зауытына табиғи уранның химиялық қоспасын өндiруге жеткiзулер көлемi 3200 жуық тонна құрады.

Жаңа өндiрiстердi құру үшiн стратегиялық инвесторларды тарту бөлiгiнде мына жобалар бойынша жұмыстар жүргiзiлуде:

- жылына қуаты 60 тонна бекiре балық тұқымдарын өсiру — «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС жобаның техникалық-экономикалық негiзi әзiрлендi, жобалау жүргiзiлуде.

- өсiмдiктердi қорғаудың химиялық құралдарын өндiрудiң логистикалық орталығын ұйымдастыру — «Астана-Нан Кемикалз» ЖШС жобаны әзiрлеу бойынша алдағы жұмыс үшiн арнайы техникалық шарттарды келiсу бөлiгiнде ЖСҚ әзiрлеу жүргiзiлуде.

Тұтастай алғанда, 2014 жылы өнеркәсiп өнiмiнiң нақтылы көлемiнiң индексi 101,3%-ды, өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 67,2 млрд. теңгенi құрады.

2. Степногорск қаласындағы шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту

Бағдарламаның әрекет ету кезiнде әрекет ететiн және бастаушы кәсiпорындар 369 жұмыс орындарын құруға мүмкiндiк берген оның барлық құралдары түрiнде қолдау алды, ал ағымдағы жылы қаражаттандыру, гранттық қаржыландыру және шағын несиелеу арқылы тағы 224 жуық жаңа жұмыс орындарын ашу үшiн шарттар құрылды.

Сонымен, облыстың Өңiрлiк Үйлестiру Кеңесiмен банктiң пайыздық мөлшерлемесiн қаражаттандыру бойынша 2014 жылы 701,3 млн. теңге жалпы сомасына степногорск кәсiпорындарының 15 жобасы мақұлданды, осы жобаны iске асыру шеңберiнде 160 жуық жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

Грант бойынша2014 жылы жаңа өндiрiстердi құруға 12 млн. теңге жалпы сомасына 4 жоба қаржыландырылды: (қаз фермасы, жүн өңдеу, полиэтилендi пакеттер өндiрiсi, зефир және печенье өндiрiсi (Шаңтөбе кентi). Өткен жылы қаржыландырылған саңырауқұлақтарды өңдеу, жағажай демалысын ұйымдастыру, балықтарды өсiру, Шаңтөбе кентiндегi биогазды орнатуларды пайдаланумен жылыжай құрылысы жобалары iске асырылуда).

Ағымдағы жылы «Есiл» ШНҰ арқылы 2013 жылдың қаражаттары есебiнен 139 адам 375,6 миллион теңге жалпы сомасына өз iсiн ашуға және әрекет ететiн бизнестi кеңейтуге шағын несиелер алды.

2014 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақмола филиалына 39 өтiнiм жолданды. 34 өтiнiм бойынша 94,6 млн. теңге шағын несиелер берiлдi, 5 жоба аяқтау сатысында тұр.

Кәсiпкерлiктi қолдау орталығымен ағымдағы жылдың басынан бастап 575 адам кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау құралдары және бизнестi ашу бойынша 1259 жуық кеңес алды.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберiнде 2014 жылы «Бизнес-кеңесшi» экспресс-курстарында кәсiпкерлiк негiзiне 174 адам оқытылды. «Назарбаев-Университет» АБҚ 4 адам оқытылды, «Iскерлiк қатынастар»

жобасы бойынша АҚШ және Германияда шетелдiк сынақ мерзiмiнен өтудi 2 кәсiпкер алды.

Шағын және орта бизнес кәсiпорындарымен қала құру кәсiпорындары үшiн металл өнiмдерi, оттегi, дизелдi жанармай, арнайы киiм, ағаш өңдеу, құрылыс-монтаж жұмыстары, жүк және көлiк тасулар, жұмыскерлердiң тамақтануын ұйымдастыру, ақпараттық жүйелердiң қызмет етуi және т.б. әр түрлi тауарлар және қызметтер жүргiзiледi.

Бағдарлама шеңберiнде көрсетiлген мемлекеттiк қолдау шаралары:

- белсендi шағын және орта кәсiпкерлiк саны 2011 жылдың деңгейiне

32,8% (267 құрады);

- жеке кәсiпкерлер саны — 7,6 % (3139 дейiн);

- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен түсетiн салықтық түсiмдер өткен жылмен салыстырғанда 15 % артты (2 млрд. теңгеден аса құрады);

- орта айлық еңбекақы 7,7 % артуға мүмкiндiк бердi (92 317 теңгеге дейiн).

«Еңбек ресурстарының ұтқырлығын жоғарылату» 3 бағыты шеңберiнде:

«Жұмыспен қамту Жол картасы — 2020» бағдарламасының қатысушылары 2014 жылы -394 адам болды.

Бағдарлама қатысушыларының арасында жұмыссыздар –82,6%, өзiндiк жұмыпен қамтылғандар — 7%, жылдамалы жұмысшылар — 10,4% құрайды.

«Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебiнен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты шеңберiнде 2014 жылы 6 денсаулық сақтау, бiлiм және мәдениет объектiлерiн күрделi жөндеу өткiзiлдi. Жөндеу жұмыстарында 40 адам жұмыспен қамтылды.

«Жұмыс берушiнiң қажеттiлiктерi шеңберiнде оқу және көшу арқылы жұмысқа орналасуға көмектесу» үшiншi бағыты шеңберiнде:

Әлеуметтiк жұмыс орындарына–121 адам, оның iшiнде тұрақты негiзде жұмысқа орналасқандар — 96 адам жолданды;

Жастар тәжiрибесiне 77 адам жолданды, жастар тәжiрибесiнен кейiн жұмысқа орналасқандар — 67 адам.

Қайта дайындыққа — 46 адам жолданды, жартылай жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмыскерлердi оқытуға — 42 адам жолданды, кәсiби дайындыққа — 10 адам жолданды.

Қабылданған шаралар нәтижесiнде 2012 жылы 5,3% бастап 2014 жылы 4,9% дейiн жұмыссыздар деңгейiнiң төмендеуi қамтамасыз етiлдi.

«Қаланың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамыту» 4 –шi бағыты шеңберiнде 2014 жылы:

- магистралды су таратқышты қайта құру, (3 кезек — 9 км) — 834,3 млн. теңге, объектi пайдалануға енгiзiлдi;

- сумен жабдықтау жүйесiн қайта құру (2 кезек- 4 км) — 69,8 млн. теңге, жұмыс комиссиясы өткiзiлдi;

- Бестөбе кентiнiң сумен жабдықтау жүйесiн қайта құру (50 км) бойынша жобаларға — 916,5 млн. теңге қаражаттар бөлiндi, объектiнi пайдалануға енгiзу 2015 жылы жоспарланды.

Күрделi жөндеу, қаланың жолдарын қайта құру және ағымдағы жайластыру бойынша жұмыстарды өткiзу үшiн 1,1 млрд. теңгеден аса бөлiндi. Келесi жобалар бойынша жұмыстар аяқталды:

- Лунный даңғылы жолдарын күрделi жөндеу (сол жақ) ұзындығы 1,073 км);

- Целиноград көшесiн күрделi жөндеу ұзындығы 0,675 км;

- көшенi жарықтандыруды қайта құру, жаяу жолдарды жайластыру және жиек тастарды орнату (7-64, Славский, Коммунальный, Серова көшелерiнiң тұрғын үйлерiне) жалпы ұзындығы 2,333 км.

- аула аймақтарын жайластыру (1 шағын аудан) жалпы ұзындығы 0,487 км.

- «Құрылысшылар дөңгелегiн» ағымдағы жөндеу 0,5 км.

- автожолдарды ағымдағы жөндеу 2,504 км.

- флагштокпен демалыс зонасын жайластыру 0,13 км.

2014 жылы әлеуметтiк сала объектiлерiн жөндеуге:

- Бiлiм объектiлерiн күрделi жөндеуге 73,9 млн. теңге (№5 ОМ, «Батыр» БЖК, № 4 балабақша, № 4 ОМ шатыры және инженерлiк желiлерi, Заводской кентiнiң ОМ ас әзiрлейтiн бөлiгi). Жұмыстар аяқталды, қаражаттар толық көлемде игерiлдi.

- мәдениет объектiлерiн күрделi жөндеу — 22,2 млн. теңге (Ақсу кентi және Шаңтөбе кентiнiң МҮ шатырын және фасадын жөндеу). Жұмыстар аяқталды, қаражаттар толық көлемде игерiлдi.

- денсаулық сақтау ұйымдарын күрделi жөндеудi және жабдықтауды өткiзуге 54,8 млн. теңге (№2 қалалық емхана ғимаратын күрделi жөндеу 1848,0 мың теңге, қалалық емхана — рентген аппаратын сатып алуға 16 990,0 мың теңге; СОҚА — инсульт орталығын жабдықтауға 35 999,0 мың теңге). Жұмыстар аяқталды, қаражаттар толық көлемде игерiлдi.

2013 жылы өткiзiлген зерттеулер негiзiнде 2009 жылмен салыстырғанда:

- Су дуалы — 60 % (35 716,4 мың м3 бастап 14 391,8 мың м3 дейiн) төмендедi;

- техникалық судың ысырауы (12 990 мың м3 бастап 1 800 мың м3 дейiн) оның iшiнде нормативтi — 23 % бастап 19,1 % дейiн, нормативтен тыс — 41,7% бастап 0% дейiн төмендедi;

- шаруашылық ауыз суының ысырауы (8 660,1 мың м3 бастап 2 145,3 мың м3 дейiн), оның iшiнде нормативтi — 24,56% бастап до 21,09% дейiн, нормативтен тыс — 30,84 % бастап 0 % дейiн төмендедi.

Жалпы, экономикалық нәтиже 250 млн. теңгеге жуық құрайды.

Дата создания статьи: 14.04.2015 15:38
Дата обновления статьи: 14.04.2015 15:38
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83,
индексі: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23