A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қаз | Рус | Eng
Өзекті мәселелер жөніндегі анықтама
Жер қатынастары саласында
1 Шетел азаматтары Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық жерлерін алуы мүмкін бе және Қазақстан Республикасының азаматтары үшін осы мәселеде шектеулер бар ма? «Жер заңнамасының кейбір заңнамалық нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Елбасының 2016 жылғы 6 мамырдағы №248 Жарлығына сәйкес бүгінде мораторий қолданылады:1) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыз дана сатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттары мен уақытша жер пайдалану құқығын беруге2) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жеке меншік құқығын беруге.Мораторий 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
2 ҚР азаматы жалға алынған жерді сатып алуы мүмкін бе? Жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға бұған дейін оған жер пайдалануға берілген жер учаскесін сатып алу ниетін білдірген кезде, бұл тұлға аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне өтініш береді.Жер учаскесінің орналасқан жері бойынша уәкілетті орган кадастрлық құжаттама бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді, жер учаскесінің кадастрлық құнын (бағасын) бекітеді және 2021 жылға дейін мораторий жарияланған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді қоспағанда, жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды.
3 Мемлекет егер жер учаскесі мақсаты бойынша пайдаланылмаса, оны алып қоюы мүмкін бе? Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92 бабына сәйкес – жер учаскесін игерудің мерзімі мен жағдайларын жергілікті атқарушы органдармен осы аумақта жерді аймақтарға бөлуге және қала құрылысы регламенттеріне сәйкес белгіленген берілетін жер учаскесінің нысаналы мақсаты мен жердің құқықтық режиміне қарай айқындалады.Егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, онда Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.
4 Жер учаскесін жалға алу шартын ұзарту үшін қандай органға және қандай мерзімде өтініш білдіру қажет? ҚР Жер кодексінің 37-бабына сәйкес - Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған уақытша өтеулi жер пайдаланушы (жалға алушы) шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн, басқа тең жағдайларда, жаңа мерзiмге шарт жасасуға басқа тұлғалар алдында басым құқығы болады.Жалға алушы осындай шарт жасасу ниетi туралы жалға берушiнi шартта көрсетiлген мерзiмде, егер шартта мұндай мерзiм көрсетілмесе, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн үш ай мерзiмде жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
5 Коммерциялық мақсаттар үшін жер учаскесін қалай алуға болады? Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда), Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48-бабындағы 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жүзеге асырылады.Сауда-саттық, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығымен бекітілген Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электронды түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.Жер учаскелерінің сауда-саттыққа шығарылатыны туралы ақпарат мерзімді баспасөз басылымдарында және сатушының интернет-ресурсында жарияланады.
6 Жер учаскесінің нысаналы мақсаттылығы бойынша пайдалануын тексеру үшін қай органға өтініш білдіруге болады? Қолданыстағы Жер заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы, өзге де уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері өз құзыретінің аясында жүзеге асырады.
Ауыл шаруашылығы саласында
1 Астық нарығын мемлекеттік реттеу қалай жүзеге асырылады? Астық нарығына қатысушыларының қызметтерін мемлекеттік реттеу төмендегілер арқылы жүзеге асырылады:1) уәкілетті органмен бекітілетін біліктілік талаптарының негізінде астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензиялау;2)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу;
3) Астық сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелінген зертханалардың қызметін бақылау;4) астық қолхаттары айналымын құқықтық реттеу;5) астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтерді жүзеге асыруды лицензиялық бақылау.
2 ЖҚШ-ны ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктірудің артықшылығы неде? 1. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылтайшылары өздерінің заңды мәртебесін (ШҚ, ЖҚШ және т.б.) және өзінің мүлкін сақтайды, яғни, өз жерлерінің, өнімдерінің, техникаларының және т.б. мүліктерінің иелері болып қала беруі;2. Өнімді қайта өңдеу кәсіпорнына дейін (делдалсыз) өткізуге кепілдік беру;3. Алғашқы өңдеуден өткен өнімдерді өткізу есебінен өнім сапасы мен өнімнен алынған кірістердің артуы;4.Ауыл шаруашылығы кооперативі кірісінен кооператив мүшесінің өндірістік және шаруашылық қызметіне қатысуына қарай тепе-тең түрде дивидент алу;5. Кооператив қызметтерін өзіндік құн бойынша ұсыну;6. Кооператив мүшелерінің мүдделері қорғалады және өндірістік, ұйымдастыру, экономикалық және басқа да мәселелерді шешу кезінде жер жарнасына төленетін жарнаға қарамастан кооперативтің жалпы жиналысында кооператив мүшесінің дауыс беру құқығының болуы (1 мүше - 1 дауыс);7. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің (ШҚ, ЖҚШ және т.б.) ЖЖМ, тыңайтқыш, тұқым, гербицид, мал азықтарын және басқаларын сатып алған кезде шығындарын қысқарту;8. Ауыл шаруашылығы кооперативі мамандарынан (агроном, ветеринар және т.б.) ақпараттық-консультативтік көмекті өтемсіз алу;9. Жерлерді, ауыл шаруашылығы техникаларын, өнім өндірісінің озық технологиясын бірлесіп пайдалану мүмкіндігі;10. Кооперацияның бірлескен объектілерін ұйымдастыру мүмкіндігі (кооператив иесі);11. Мемлекеттік қолдау шараларын, ең алдымен, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне беру:- субсидиялар (гербицидтердің, тыңайтқыштардың, тұқымдардың, өнімдердің және басқалардың құнын субсидиялау), сатып алынған а/ш техникасын, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, қайта өңдеу бойынша техникалық жабдықтарды және т.б. инвестициялық субсидиялау;- жылдың пайыздық мөлшерлемесі 6% болып табылатын 3-5 жылға 3-16 млн. теңге көлемінде жеңілдікпен кредит беру («Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы) а/ш жануарларын өсіруге, бордақылауға, сүт қабылдау пунктін, мал сою цехын, мал азығы цехын және басқаларын ұйымдастыруға).
3 Инвестициялық субсидия төлеу кезінде қандай талаптар қойылады? Субсидиялауға операторға өтініш берілген жылға дейін екі жылдан кеш емес уақыиқа пайдалануға берілген, жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған (инвестициялық салымдар) инвестициялық жобалар жатады. Бұл ретте, субсидиялауға инвестор инвестициялық жоба пайдалануға берілетін күнге дейін 24 айдан ерте емес мерзімде шеккен инвестициялық жоба шеңберінде техника мен жабдықты сатып алуға кеткен шығыстар жатады.Инвестициялық субсидияны есептеу іс жүзінде салынған инвестициялар бойынша жүзеге асырылады. Шығындарды өтеу пайызы Жобалар төлқұжаттарының тізбесінде қарастырылған өтеу нормативіне сәйкес белгіленеді.
Ветеринария саласында
1 Жануарлар мен құс өсіру қызметімен айналысатын өндіріс объектілеріне есептік нөмір алу үшін қандай құжаттарды ұсыну қажет? «Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру» мемлекеттік қызметін көрсету үшін келесі құжаттар қажет:1) «Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің Стандартына сәйкес бекітілген нысан бойынша өтініш;2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);3) өндіріс объектісі қызметінің түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған ақпарат.
2 Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қандай рәсімдерді көздейді? Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру:1) ауыл шаруашлығы жануарларына жеке нөмір беруден;2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорға мәліметтерді енгізуден;3) ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне ветеринариялық паспорт беруден тұрады.
3 Қажетті құжаттарды берген күннен жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама өткізу қызметімен айналысу үшін лицензияны қандай мерзімде алуға болады? Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжат топтамасын тапсырған күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күнінен кеш емес.
Табиғатты қорғау саласында
1 Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Астана–Щучинск автожолының бойында орман алқаптарын қосу тапсырмасын орындау аясында қандай іс-шаралар өткізілуде ? Қазіргі уақытта, ауданы 1828 гектар (2012 жылғы отырғызу) орман екпелері отырғызылды, олар орманмен қапталған алаңға ауыстырылды. Алдағы 3 жылға 747 гектар ауданда (2017 жылға – топырақты дайындау, 2018 жылы – отырғызу, 2019-2022 жылдар – күтім жұмыстары) отырғызу жұмыстары, содан кейін осы алаңды орманмен көмкерілген ауданға ауыстыру қосымша жоспарлануда.
2 Аңшылық шаруашылығын пайдалану үшін қалай алуға болады және ол аумақтарды бекітіп беру қандай түрде жүзеге асырылатынын түсіндіріп жіберіңізші? «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ 2015 жылдан бастап аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурстарды ұйымдастырушы болып табылады.Конкурсты өткізуден күнтізбелік он бес күн бұрын хабарландыру республикалық деңгейдегі БАҚ-тарда, сондай-ақ басқарманың ресми интернет-ресурсында орналастырады, онда конкурстық құжаттамаларымен және конкурсқа қойылған аңшылық алқаптарын резервтік тізімімен танысуға болады.Аңшылық алқаптарын бекітіп беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген Аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурсты өткізу және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар ережесіне сәйкес жүргізіледі.
3 Біздің ауылдың шетінде шағын су айдыны орналасқан.Мен оны мал шаруашылығын өсіру кезінде пайдалану үшін жалға алуыма бола ма? Жеке және заңды тұлғаларға су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға ұсыну Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2125 қаулысымен бекітілген Қағидалармен белгіленген тәртіппен конкурстық негізде жүзеге асырылады.Су айдынын iшiнара оқшау пайдалануға ұсыну және одан әрі конкурсқа қатысу үшін, сізге аудан әкімдігіне суды пайдаланудың мақсаттары мен мерзімдері қысқаша баяндалған, су объектісінің тиісті негіздемесі мен орналасқан жері көрсетілген өтініш жазу қажет.«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ конкурстың ұйымдастырушы болып табылады
ТҮКШ саласында
1 Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұру үшін қайда өтініш білдіруіме болады? Сізге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегіне есепке тұру үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе электронды-цифрлы қолтаңбасы бар «электрондық үкіметтің» веб-порталына www.egov.kz. өтініш білдіруге кеңес береміз.
2 Тұрғын үй алуға кезекке қою үшін қандай құжаттар қажет? 1) өтініш берушіде және үнемі онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруге жергілікті атқарушы органның келісімі көрсетілген коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтініш;2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады) және өтініш берушімен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;3) өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы аумақтық әділет органының анықтамалары.4) мекенжай анықтамасы не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауыл әкiмдерінiң анықтамасы;5) өтініш беруші (отбасының) бір сатыға жататындығының тиесілігін растайтын қосымша құжаттарды ұсынады.
3 Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне кім тұра алады? «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67- бабы, 1-тармағына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұракты тұратын,тұрғын үйге мұктажжәне есепте тұрған:1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;1-1) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;2) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын (Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 1 және 2 топтағы мүгедектер; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;оралмандар; экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;көп балалы отбасылар;мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;толық емес отбасыларға жататың) Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.
4 Баспананы жақында ала аламын ба? Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ жетiм балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды бірінші кезекте алуға құқығы бар.Қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес, сіз мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үймен бекітілген тізімдегі кезек тәртібімен қамтамасыз етілетін боласыз.
5 Кезек неге баяу жылжиды? Кезектің жылжуы тұрғын үйлердің құрылысына және пайдалануға берілуіне қарай, сонымен қатар кезектегілердің тізіміне түгендеу өткізу бойынша жүреді.
Туризм саласында
1 Туристік сала дегеніміз не? Туристік сала – негізгі қызмет саласы туристік қызмет көрсету, туристік өнім жасау, оларды ішкі және халықаралық нарықтарда ұсыну мен өткізу болып табылатын экономика саласы
2 Туристiкқызметсубъектiлерi мен объектiлерi? Туристiк қызмет субъектiлерiне:1) туристiкоператорлар (туроператорлар);2) туристiкагенттер (турагенттер);3) гидтер (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскурсоводтар;4) туристер және олардың бiрлестiктерi;5) экскурсанттар;6) туристiк қызмет саласындағы өзге де бiрлестiктер;7) туристiк қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн мемлекеттiк органдар жатады.Туристiк қызмет объектiлерi - табиғиобъектiлержәнетабиғи-климаттықаймақтар, көрiктiорындар, тарихижәнеәлеуметтiк-мәденикөрсетуобъектiлерiжәнесаяхаткезiндетуристердiңқажеттерiнқанағаттандыраалатынөзге де объектiлер.
3 Саяхат жасаған кезіндегі туристтің міндеттері? Саяхатжасағанкезде, транзиттiқосаалғанда, турист:1) уақытшаболатынелдiң (жердiң) заңдарынсақтауға;2)уақытшаболатынелдегi (жердегi) қоршағанортанысақтауға, табиғи, тарихижәнемәдениескерткiштергеұқыптықарауға;3) уақытша болатын елге (жерге) келу және онда болу, сондай-ақ уақытша болатын елден (жерден) кету ережелерiн және транзиттiк жүрiп өтетiн елдердегi ережелердi сақтауға;4) саяхат кезiнде жеке өзiнiң қауiпсiздiк ережелерiн сақтауға мiндеттi.
Кәсіпкерлік саласында
1 Инновацияжәне инновациялық жобалар деген не? Инновация – бұл нарықпен талап етілетін, үрдістің немесе өнім тиімділігінің сапалы өсімін қамтамасыз ететін енгізілген жаңалық. Адамның зияткерлік қызметінің, оның қиялы, шығармашылық үрдісінің, жаңалықтардың, өнертабыстардың және оңтайландырудың соңғы нәтижесі болып табылады. Инновациялар үлгі нарыққа жаңа тұтыну қасиеттерімен немесе өндірістік жүйелердің сапалық тиімділігін арттырумен өнімді (тауарлар, қызметтер) шығару болып табылады.Инновациялық жоба - бұл түпкілікті инновациялық қызметтің техникалық-экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздемесі қамтитын жоба.Инновациялық жобаны әзірлеу қорытындысы инновациялық өнімнің егжей-тегжейлі сипаттамасын, оның өміршеңдігінің негіздеуін, қажеттілігін, мүмкіндігін және инвестициялар туралы нысандарын, орындаушылар, орындау мерзімдері туралы мәліметтерін қамтитын және оны жылжытудың ұйымдық-құқықтық сәттерін ескеретін құжат. Инновациялық жобаны әзірлеу идеяларды іздеуден басталады. Инновациялық жоба үшін идеяларды іздеу:соңғы ғылыми әзірлемелер мен зерттеулер; тұтынушылық сұраныстың талдау (маркетингтік зерттеулер, тұтынушылардың сауалнамалары) негізіндежүргізілуі мүмкін.
2 «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдаралмасының аясында кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен қандай мемлекеттік қызметтер көрсетіледі? «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдаралмасының аясында 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:- кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;- жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру;- мемлекеттік гранттар беру;- өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамытуға қолдау көрсету.
3 «Өнеркәсіпте еңбек өнімділігі» көрсеткіші нені сипаттайды? Еңбек өнімділігі — бұл нақты өнеркәсіп саласы бойынша өндірілген жалпы өнімінің көлемін сипаттайтын көрсеткіш және бір жұмысшыға ақшалай көріністе есептеледі.
Экономика саласында
1 Заң негізінде дипломмен ауылға бағдарламасы арқылы үй сатып алу үшін жеңілдікті несие және көтерме жәрдемақыны қалай алуға болады? «Дипломмен ауылға!» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген әлеуметтік сала және ветеринария (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агрономдар, ветеринарлық дәрігерлер, ветеринарлық фельдшерлер, ветеринарлық техниктер, зоотехниктер, инженер-технологтар, балық өсірушілер, технологтар, фермерлер) мамандарына келесі қолдау шаралары ұсынылады:- 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі (2017 жылға – 158 830 теңге) бір жолғы көтермелі жәрдемақы;- 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі (2017 жылға – 3 403 500 теңге), мерзімі 15 жылға дейін, жылдық 0,01%.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының 8-тармағындағы 2) тармақшасына сәйкес, көтермелі жәрдемақы және үй сатып алуға бюджеттік несие алған кезде маман әкімшіге келесі құжаттарды ұсынады:Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;құжаттарды дұрыс немесе толық топтамасын ұсынбау фактісі әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Әлеуметтік салада
1 Мен «Салық ісі бойынша» мамандығы бойынша колледж бітірдім. Жастар тәжірибесіне қатыса аламын ба және еңбекақысы қандай ? Жастар тәжірибесі – алғанкәсібі (мамандығы) бойынша бастапқыжұмыстәжірибесін алу мақсатында,техникалықжәнекәсіптік, орта білімненкейінгі, жоғарыжәнежоғарыоқуорнынанкейінгібілім беру бағдарламалардыбілім беру мекемелердің түлектеріменіске асыратын, еңбек әрекетің түрі;Білім беру ұйымдарыныңтүлектеріүшіналғанкәсібі (мамандығы) бойынша бастапқыжұмыстәжірибесін алу мақсатында, жастар іс-тәжірибесі ұйымдастырылады.Жастар тәжірибесі арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған кәсібі (мамандығы), оқуды аяқтаған 3 жыл ішінде, жиырма тоғыз жастан аспаған қатарынан білім беру ұйымдарының түлектері ішінен жұмыссыздар үшін арналған.Жастар тәжірибесі кәсіпорындарда және меншіктің барлық түрлеріндегі ұйымдарда ұйымдастырылады. Жастар тәжірибесі бойынша жұмыс уақытша сипатта болады. Жастар тәжірибесінің ұзақтығы 6 айдан аспайды.Жастар тәжірибесіне қатысу үшін жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталықтарына Жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына сәйкес үлгі бойынша өтініш береді.Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден бөлінетін бір айдағы субсидия мөлшері (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін) экологиялық үстемелер бойынша төлемдерді есепке алмағанда, 25 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
2 Мүгедектерді кресло-арбаларменқамтамасызетукезінде қандай нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады? ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген Мүгедектерді арнаулы жүріп-тұратын құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларымен.
3 Ымдаутілімамандарыныңәлеуметтікқызметтердіалуынақұжаттардыресімдеу үшінқайда жолығу керек ? Тұрақты мекенжайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолығу керек. Өзімен келесі құжаттар болуы тиіс: 1) жеке басын куәландыратын құжат; 2) мүгедектің жеке оңалту бағдарламасынан үзінді жазба; 3) мүгетектер туралы анықтама.Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, кейін өтініш иесіне қайтарылады.
4 Оралман мәртебесін алу үшін қандай құжаттарды ұсыну керек? 1) Өмірбаяны (еркіннысанда);2) отбасы отағасының, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесінің мөлшері 3х4 сантиметр 2 фотосуреті;3) нотариат куәландырған аудармасымен өтініш білдіруші үміткердің және онымен бірге қоныс аударған оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адам куәлігінің, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің) көшірмелері;
4) үміткердің осы Қағидалардағы 2-тармағының талаптарына сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері;5) отбасы отағасына, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне (бар болса) жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі-ЖСН) берілгені туралы анықтаманың көшірмелері не ЖСН бар екендігін растайтын өзге де құжаттар қоса беріледі.
5 Мен туу туралы куәлікті қайта алғым келді, куәлікті немесе азаматтық хал жағдайының актілерін қайта алу үшін қандай құжаттар керек екенін айтыңызшы? Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген Қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға қызмет алушының немесе оның өкілетті өкілінің өтінгені кезінде ұсыну керек:1) мемлекеттік қызметті алушыға алуға қажетті құжат түріне байланысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша туу, неке қию, некені бұзу, әкелікті анықтау, бала асырап алу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, қайтыс болу туралы қайталама куәлікті (анықтама) және некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама беру туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжаттың көшірмесі;
4) қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат;Қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) беру туралы өтініш берген кезде қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттар қосымша ұсынылады.Мемлекеттік корпорациясының қызметкері құжаттардың көшірмелері салыстырады, содан кейін көрсетілетін түпнұсқаларын қызметті алушыға қайтарады және өтініш берушіге қолхат береді.
6 Стационар жағдайында (интернат-үйлері)арнаулы әлеуметтік қызмет алуға қандайсанаттағыазаматтардың құқығы бар ? Стационарлықүлгідегіұйымдарғаарналғантәулікбойытұрақтынемесеуақытша (үшайғадейінгімерзімге) тұруға:
1) арнаулыәлеуметтікқызмет стационар жағдайында, балаларғаүшжастан он сегізжасқадейінгімұқтажкөрсетуге мұқтаж, салдарында:барлықдәрежедегіақыл-ой кемістігі, оныңішіндеарнайы (көмекші) сыныптарындаарнайыбілім беру түзетуұйымдарының (бөгдеадамның көмегінсіз жүреалатын, өзінкүшіауырлыққозғалысбұзушылықтар, жекекүтімдіқажетететін) оқудықиындататынжүріп-тұруфункцияларыныңөрескелбұзылуы бар;мамандандырылған мектеп-интернаттарында оқуды қиындататын, соқырлық (нашар көрушілік) немесе кереңдігі (нашар естушілік) барлық дәрежедегіақыл-есі кемістігі, оның ішінде болған кезде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы бар;көп дегенде төрт реттен аспайтын ақыл-есінің кемдігі бар қояншық (соның ішінде симптоматикалық) ұстауы;нәтижелі симптоматикасыз ақауы анық білінетін шизофрения;
миға келтірілген органикалық зақымы кесірінен ақыл-ой кемдігі.2) стационар жағдайында көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтажақыл-ойы бүтін ТҚА бұзылғанүш жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларды;3) стационар жағдайында көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар бірінші, екінші топтағытұлғаларға, салдарынан:барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігі, оның ішінде арнайы (көмекші) сыныптарында арнайы білім беру түзету ұйымдарының (бөгде адамның көмегінсіз жүре алатын, өзін күші ауырлық қозғалыс бұзушылықтар, жеке күтімді қажет ететін) оқуды қиындататын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы бар;мамандандырылған мектеп-интернаттарында оқуды қиындататын, соқырлық (нашар көрушілік) немесе кереңдігі (нашар естушілік) барлық дәрежедегі ақыл-есі кемістігі, оның ішінде болған кезде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы бар;жіті психотикалық симптоматикасы болмаумен сипаттанатын, жарыместігі немесе өрескел көріністерінің психикалық кемістігі бар психикалық аурулардың ұзаққа созылатын түрлері;психотикалық симптоматикасының күшеюсіз жеке тұлғаныңақауы айқын асқынған шизофрения;
көп дегенде төрт реттен аспайтын ақыл-есінің кемдігі бар қояншық (соның ішінде симптоматикалық) пен ілеспелерімен қоса ұстауы;
бас миының жұқпалы және басқа да органикалық аурулары салдарынан (энцефалиттер, туберкулезді менингиттер, менингоэнцефалиты, мидың мерезі басқа да инфекциялық және органикалық аурулары) құбылыстарымен ақыл-есінің кемдігі; ақыл-есі кемдігі айқын ақау құбылыстармен созылмалы алкоголизм;
өзгертілген сананың анық білінетін психомоторлық алаңдаушылық және ұзақ немесе патологиялық қайталама түрлері жоқ ақыл-есінің кемдігі құбылыстарымен тамыр және сенильных аурулары;
4) денсаулық жағдайы бойынша өзін өзі күте алмайтын және стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуіне мұқтаж мүгедектерді, еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары, жұбайы жоқ немесе еңбекке жарамды кәмелеттік жасқа толған балалары, жұбайы бар, олар объективті себептерімен (бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар, онкологиялық, психикалық ауруы бар, бас бостандығынан айыру орындарында болғандықтан, наркологиялық диспансерде есепте тұрған немесеел шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға көшкен, қосымша жұбайы үшін егде жасқа жеткен) тұрақты көмек пен күтімді қамтамасыз ете алмайтын) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес өзінің жұмысқа жарамсыз қамқорлықа мұқтаж ата-аналарын күтіп бағуға міндетті;
5) зейнеткерлік жасына жеткен, егде тұлғаларды, «Қазақстан Республикасының зейнетақылық қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңымен белгіленген, денсаулық жағдайы бойынша өзін өзі күте алмайтын және стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуіне мұқтаждарды, еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары, жұбайы жоқ немесе еңбекке жарамды кәмелеттік жасқа толған балалары, жұбайы бар, олар объективті себептерімен (бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар, онкологиялық, психикалық ауруы бар, бас бостандығынан айыру орындарында болғандықтан, наркологиялық диспансерде есепте тұрған немесеел шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға көшкен, қосымша жұбайы үшін егде жасқа жеткен) тұрақты көмек пен күтімді қамтамасыз ете алмайтын)
Еңбек саласында
1 Ұйымда қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөннідегі өндірістк кеңес қандай мақсатта құрылады және қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің төрағасы болып кім сайлана алады? Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу мақсатында, сондай-ақ техникалық еңбек инспекторларымен жұмыс орындарында жағдайлар мен еңбекті қорғауды тексеру үшін құрылады. Төраға кеңес мүшелерімен, жұмыс беруші және жұмыскерлердің және ротациялы негіздегі жұмыскерлер өкілдерінің ішінен, әрбір екі жылға сайланады
2 Жеке кәсіпкер өзінің еңбек кітапшасына жазба жасай ала ма? Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабындағы 43-тармағына сәйкес, жұмыскер – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлға және жұмысты еңбек келісімі бойынша атқарады. Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес, еңбек кітапшасы жұмыскердің еңбек қызметі туралы міліметтерді қамтитын құжат. Жұмыс беруші жұмыскердің еңбек кітапшасына (ол бар болса) оның ұйымдағы еңбегі туралы тиісті жазба енгізуге міндетті. Еңбек кітапшаларын сақтау ережелерінің 3-тармағындағы 1, 3-тармақшаларына сәйкес, еңбек кітапшасы – жұмыскердің еңбегі туралы міліметтер бар құжат.Еңбек кодексінің 35-бабы еңбек қатынастарының туындауына, жұмыс беруші мен жұмыскер арасында жасалған еңбек шарты негіз болатынын көздейді. Жұмыс берушімен еңбек қатынастарына түсу үшін еңбек шартын жасау қажет, сонан соң еңбек кітапшасына тиісті жазбалар енгізу керек.Осылайша, заңның жоғарыда көрсетілген нормаларын талдай келе, жеке кәсіпкер өзімен өзі еңбек шартын жасауға мүмкіндігі жоқ, осыған байланысты өзіне қатысты еңбек кітапшасына жазба енгізуге негіз жоқ. Жеке тұлғаны жеке кәсіпкер ретінде тіркеу барысында, еңбектік қызмет емес, кәсіпкерлік қызмет туындайды.Зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтілімін қалай растауға болады? «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес, Орталықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтілімін есептеу барысында кәсіпкерлік қызмет есепке алынады. Осылайша, зейнетақы есептеу барысында кәсіпкерлік қызмет жалпы еңбек өтіліміне енгізіледі. Жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті растайтын құжат болып саналады.
3 Қай жағдайда жұмыс беруші жұмыскердің еңбекақысынан ұстау жүргізе алады? Жұмыскердің еңбекақысынан ұстау Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 115 -абында көзделген жағдайларда жүргізіледі.Жұмыскердің еңбекақысынан өзі жұмыс істеп жатқан ұйымның алдындағы қарыздарын жабу үшін ұстау жұмыс беруші актісінің негізінде және жұмыскерге жазбаша хабарлау арқылы іске асырылады:1) іссапарға шығумен байланысты берілген, жұмсалмаған және уақытында қайтарылмаған соманы жабу үшін, сондай-ақ іссапармен байланысты құжаттарды ұсынбауы жағдайында;2) жұмыскердің оқуымен байланысты, жұмыс берушінің шығындарын қайтару көзделген жағдайда, оқыту келісімі бар болса, еңбек келісімін мерзімінен бұрын бұзғанда, жұмыстың атқарылмаған мерзіміне пропорционал;3) Еңбеақы есебіне берілген, атқарылмаған авансты қайтару үшін;4) жұмыскерді жылсайын төленетін еңбек демалысын ауыстырғанда немесе шақырып алынғанда. Егер шақырып алынғанда пайдаланылмаған еңбек демалысы бөлігінің орнына өтемақы төленсе, еңбекақысынан ұстау жүргізілмейді;5) жұмыскермен жазбаша келісім бар басқа жағдайларда (мысалы, басқа жұмысқа, басқа жұмыс орынына ауыстырумен байланысты, уақытында қайтарылмаған және жұмсалмаған авансты жабу үшін; жұмыскерге арифметикалық әрекеттермен (есептеумен байланысты) қате төленген артық соманы жабу үшін және т.б.).Бірнеше атқару парақтары бойынша жұмыскердің еңбекақысынан ұстау жүргізілген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен және Еңбек кодексімен көзделген жағдайда, айсайынғы ұстау көлемі жұмыскерге төленетін еңбекақысының елу пайызынан аспауы тиіс.
Білім саласында

1

Сәлеметсіз бе! Қыркүйек айының ортасында менің ұлым 6 жасқа толады. Біз дайындық сыныбын аяқтадық, бізді мектепке қабылдайды ма?

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (31-бап) және «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №127 қаулысына сәйкес, дайындық деңгейіне қарамастан, ағымдағы жылғы 1 қыркүйекте 6 (7) жасқа толған балалар 1-сыныпқа оқуға қабылданады. Өкінішке орай, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, мектеп әкімшілігі сіздің балаңызды оқуға қабылдай алмайды.

Жастар саясаты саласында

1 Ақмола облысы әкімінің шәкіртақысын қалай алуға болады?

Ақмола облысы әкімінің шәкіртақысының тағайындалуына үміткер болу үшін Ақмола облысының жастар мәселелері басқармасына келесі мекенжай бойынша өтінім беру қажет: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114 «б», 108-каб., тел: 87162257482. Қажетті құжаттар тізімі басқарманың сайтында (http://zhastar.akmo.gov.kz) орналастырылған.

2 Кеңес немесе бастама алу үшін қайда хабарласуға болады?

Сізге қалалық/аудандық немесе Облыстық жастар ресурстық орталығына (тел. 87162507269, 87162507279) хабарласуға болады.

3 «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа қалай орналасуға болады?

Студенттік еңбек жасақтарының облыстық штабына (тел. 87162770560) немесе қалалық/аудандық жастар ресурстық орталығына хабарласуыңыз қажет.

Дін саласында

1 Діни әдебиеттерді заңсыз таратқаны үшін ҚР ӘҚБК қандай жаза көзделген?

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 490-бабының 1-б. 3-т. сәйкес: діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға қызметтi үш ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2 Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қандай орындарда құлшылық ету, діни жоралар, жиналыстар өткізіледі? «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы, 2-тармағына сәйкес, Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) және оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, діни бірлестіктер мекемелері мен үй-жайларында, зираттар мен крематорийлерде, жақын жерде тұратын адамдардың құқықтары мен мүдделері сақталған жағдайда тұрғын жайларда, қажет болған кезде қоғамдық тамақтандыру объектілерінде бөгетсіз жүргізіледі (жасалады). Өзге жағдайларда діни іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Дене шынықтыру және спорт саласында
1 Ақмола облысында Елбасының алға қойған спортпен және дене шынықтырумен шұғылданатындардың санын 30%-ға дейін жеткізу міндеті қалай жүзеге асырылуда? Ақмола облысының аумағын 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасымен спортпен шұғылданатындарды қамтуды 30%-ға дейін арттыру қарастырылған.Аталмыш көрсеткіштің жылсайынғы өсімі байқалады, ол соңғы 3 жылда 3,3%-ға артты.Бүгінгі таңда облыста дене шынықтырумен және спортпен 195334 адам жүйелі түрде шұғылданады, бұл 26,2%-ды құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда, шұғылданатындар саны 10809 адамға немесе 1,4%-ға артты. Жалпы, біздің облысымыз қажетті көрсеткішке жақындады деп санаймын. Осылайша, 19 өңірдің ішінен 12-не (бұл облыс өңірлерінің жалпы санына 63%) дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушыларды қамту 27%-ды құрайды және одан жоғары. Ең жоғарғы көрсеткіш Жарқайың ауданында (29,3%), Степногорск қаласында (29,2%), Зеренді (28,6%) және Аршалы (28,4%) аудандарында.
2 Өткізілетін облыстық спартакиадалардың міндеттері қандай, қазіргі уақытта жетістікке қаншалықты қол жеткізілді? Бәрінен бұрын – ауылда бұқаралық спортты дамыту.Тұрғындарды бұқаралық спортпен шұғылдануға тартудың негізгі тәсілдерінің бірі жылсайынғы кешенді облыстық спартакиадалар өткізу болып табылады: қысқы «Хрустальный колос», жазғы «Ақ бидай», ұлттық және халықтық спорт түрлерінен «Құлагер», мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы «Надежда».Спартакиадалаға 4 кезең өткізу енеді: 1-кезеңде жарыстар бастауыш ұжымдарда, яғни ауылдық аймақтарда өткізіледі, 2-кезең – аудандық спартакиадалар, 3-кезең – аймақтық жарыстар және 4-кезеңде спартакиадалардың ақтық сайыстары өткізіледі. Спартакиадалардың барлық кезеңінде 30-ға жуық адам қатысады.Бүгінгі таңда дене шынықтырумен және спортпен ауылдық жерлерде 107325 адам шұғылданады, бұл спортпен шұғылданатындардың жалпы санының 55%-ын құрайды (барлығы шұғылданатындар – 195334 адам).Ауылда бұқаралық спортты дамыту дене шынықтыру кадрларының, материалдық базаның, қаржыландырудың болуымен тікелей байланысты.Қазіргі сәтте ауылдық аймақтарда дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын 155 әдіскер жүргізеді, бұл ауылдық аймақтардың қамтамасыз етілуінің 66,5%-ын құрайды, былтырғы жылы бұл көрсеткіш 63,6%-ды құраған еді. Өткен жылмен салыстырғанда, әдіскерлер саны 11 адамға артты.
3 Балалар спортпен шұғылданады. Білгіміз келетіні: спорттық атақтарды кім береді? Спорттық атақтар беру тұрғындарға мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызмет болып табылады.«Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңына сәйкес «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атақтарын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (6-бап), Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер, 1-дәрежелі спортшы спорттық дәрежелерін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармалары, 2-дәрежелі спортшы, 3-дәрежелі спортшы, 1-жасөспірімдер дәрежесіндегі спортшы, 2-жасөспірімдер дәрежесіндегі спортшы, 3-жасөспірімдер дәрежесіндегі спортшы спорттық атақтарын аудандар мен қалалардың дене шынықтыру және спорт бөлімдері береді.
Тіл саясаты
1 Көрнекі ақпараттардың мәтіні қандай тәртіппен орналастырылады? Көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай көрнекi ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттiк тiлде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде берiледi.
Архив ісі
1 Ұйымдар мен қәсіпорындар архивтерінде құжаттардыуақытша сақтау мерзімі қандай? Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 146 бұйрығымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын ведомстволық және жеке меншік архивтердің қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидаларына сәйкес құжаттарды келесі уақытша сақтау мерзімдері белгіленді:- облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың астананың) жергелікті мемлекеттік басқару органдарының құжаттары – 10 жыл;
- облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) деңгейдегі мемлекеттік ұйымдарының құжаттары – 10 жыл;- қаланың (ауданның) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құжаттары – 5 жыл;- қалалық және аудандық денгейдегі мемлекеттік заңды тұлғалардың құжаттары – 5 жыл;- азаматтық хал актілерінің жазбалары, шаруашылық кітаптары, үй кітапшалары нотариалдық іс-әрекет жазбалары, жылжымайтын мүлік бойынша орталықтар құжаттары және сот істері мен құжаттары – 75 жыл.
2 Еңбек өтілін растау үшін архивтік анықтаманы қалай алуға болады? Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 7 наурыздан №57 бекітілген «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет Ақмола облысының мемлекеттік архивінде жүзеге асырылады. Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) Қызмет көрсетуінің кеңесі (мемлекеттік архив) 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімшелері; 3) «Электронды үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады
Ішкі саясат
1 Қандай жағдайда БАҚ қайта есепке алуды жүргізу қажет Мерзімді басылым, ақпараттық агенттік және жүйелік басылым иегері ауысқанда немесе оның атауы өзгерген, сонымен қатар басылымның тілі немесе материалдар мен хабарландырулар, тарату аумағы, негізгі тақырыптық бағыты және шығарылым мерзімділігі ауысқан жағдайда қайта есептен өтуі қажет.
2 Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою рәсімін түсіндіріп кетіңіз «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылдың 23 шілдесінен № 451-I Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін мерзімді баспасөз басылымы, ақпараттық агенттік және желілік басылым міндетті түрде есепке қойылуға жатады. Есепке қою немесе қайта есепке алу үшін мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің және желілік басылымның меншік иесі не ол уәкілеттік берген тұлға осы Заңның 11-бабындағы талаптарына сай келетін өтініш береді. Мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы өтiнiш түскен күнiнен бастап он жұмыс күні iшiнде қаралуға жатады. Өтiнiштi қарау қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесiне есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куәлiк бередi немесе бас тартады.
Мәдениет саласында
1 Аса көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін қанша мерзім өткен соң ескерткіш орнатуға болады «Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 371 бұйрығына сәйкес, аса көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату арқылы мәңгі есте қалдыру аса көрнекті тұлғаның қайтыс болған немесе тарихи оқиғаның болған күнінен бастап кемінде бес жыл өткен соң жүзеге асырылады.
2 Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері туралы толық ақпаратты қай жерден алуға болады? Тарих және мәдениет ескерткіштері туралы ақпаратты «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінен алуға болады. Мекенжайы: Әуезов көшесі, 218, тел: 8 (716 2) 25-49-29
Мақаланы құрған күні 29.05.2017 17:48
Мақаланы жаңартқан күні 29.08.2017 12:45
Қаралым саны: 463

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 индексі: 020000

Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі:
8 (7162) 29-72-00

Қабылдауға жазылу:
8 (7162) 29-72-43

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-71

Шығыс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-49

Кіріс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-44

Факс:
8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі: akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫШТЫ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы