Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

Уәкiлеттi органның байланыс деректерi мен мемлекеттiк қолдау шаралары көрсетiлуiмен, халықтың көшi-қоны туралы мәлiметтерi

Ақмола облысының 2018 жылғы мамыр айындағы
әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Этникалық көшi-қон

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасымен 2018 жылғы 1 маусымға 89 отбасына (190 адам) оралман мәртебесi берiлдi, оның iшiнде Қытайдан — 44 (96), Өзбекстаннан 17 (26), Моңғолиядан — 10 (24), Ресейден — 3 (4), Қырғызстаннан — 1 (1), басқа алыс шетелдерден — 14 (39).

Жұмыс мәселелерi бойынша уәкiлеттi органдарға еңбектегi делдалдылық үшiн көрсетiлген мерзiмде оралмандардың арасынан өтiнiш жасағаны — 30 адам, қоғамдық жұмыстарға қатысқаны — 8, жұмыспен қамтылды — 7 адам, кәсiптiк оқуға жеберiлгендерi — 7 адам.

Еңбек көшi-қоны

2018 жылғы 1 маусымға 19 кәсiпорын шетелдiк жұмыс күштерiн жұмысқа тартады, қолданыста 46 рұқсат бар, оның iшiнде бiрiншi санат бойынша — 7, екiншi санат — 3, үшiншi санат — 19, маусымдық жұмысшылар — 13, корпоратив iшiлiк ауыстыру шеңберiнде ауыстырылғандар — 4.

Мақаланы құрған күні 15.04.2015 17:53
Мақаланы жаңартқан күні 11.06.2018 12:30
Қаралым саны: 2558
© 2018. Ақмола облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
;