A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қаз | Рус | Eng
Саласының жағдайы туралы ағымдағы ақпараты

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша Ақмола облысының
әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы
2016 жылғы анықтама

Экономика

2016 жылдың қаңтар –желтоқсан айы iшiнде ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жалпы шығарылымы 346 952,4 млн. теңгенi құрады, соның iшiнде: өсiмдiк шаруашылығы өнiмi –240 662,1 млн. теңге, мал шаруашылығы өнiмi — 105 120,6 млн. теңге. НКИ — 108,7 %.

Өсiмдiк шаруашылығы

Ақмола облысында 2016 жылы нақтыланған негiзгi ауыл шаруашылығы дақылдарының жинау алқабы 5,1 млн.ганы құрады, соның iшiнде дәндә және бұршақдәндi дақылдар алқабы — 4,3 млн.га, майлы дақылдар — 210,6 мың.га, азықтық дәндiлер — 558,4 мың га (көп жылдық шөптердi есепке алғанда), картоп — 18 мың га және көкенiстер  — 4,3 мың га.

Астықтың жалпы түсiмi 5,0 млн. тоннаны құрады (орташа өнiмдiлiк12,5 ц/га), 1,3 млн. тонна немесе жылдық қажеттi мөлшерiнiң 126,2% мөлшерiнде пiшен, 137 мың тонна пiшендеме (қажеттi көлемнiң 102,4%-ы), 115 мың тонна (107,4%) сүрлем дайындалды. Майлы дақылдардың жалпы түсiмi 173,9 мың. тоннаны құрады, өнiмдiлiк — 8,3 ц/га. Картоп өндiрiсi — 269,2 мың тонна (өнiмдiлiгi — 149,9 ц/га) и овощей — 69,4 тыс. тонн (өнiмдiлiк — 152,1 ц/га).

Тұқым шаруашылығы

Жалпы облыс бойынша 2017 жылдың өнiмдiлiгiне 522,2 мың тонна дәндi дақылдардың тұқымы құйылды, бұл қажеттi мөлшердiң 100%-ын құрайды. Қазiргi уақытта тұқым партияларын қалыптастыру және олардың егiстiк кондицияға дейiн жеткiзiп, қоймаларға салу жұмыстары жүргiзiлiп жатыр.

«Тұқым шаруашылығы туралы» ҚР Заңына сәйкес тұқым шаруашылығы субъектiлерiн аттестаттау және қайта аттестаттау жұмыстары атқарылып жатыр.

Материалдық-техникалық база

Бүгiнгi күнi машина-тракторлық алаңдағы техникалардың саны келесiдей болып табылады: астықты жинау комбайндары — 8708 бiрлiк, импорттық комбайндар — 3042 бiрлiк, тракторлар — 15697 бiрлiк, дестелегiштер — 2629 бiрлiк, жүк автокөлiктерi — 4709 бiрлiк және трактор тiркемелерi 7511 бiрлiк.

ЖЖМ-мен қамтылуы

2016 жылғы көктемгi-егiс және күзгi-орақ жұмыстарына қажеттi 155,4 мың тонна дизель отыны толық көлемде қамтамасыз етiлдi, соның iшiнде 143 мың тонна дизель отынының кепiлдендiрiлген көлемi МӨЗ-нан жөнелтiлдi.

Мал шаруашылығы

Статистиканың мәлiметтерiне сәйкес 2017 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi жағдай бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы IҚМ-дың саны 398,9 мың басты (өткен жылғы деңгейден 104,0%) құрады, соның iшiнде, сиыр саны 205,8 мың бас болды (106,8%).

Облыс бойынша шошқа саны — 116,9 мың басты құрады (104,5%). Облыс бойынша қойлар мен ешкiлердiң саны өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда өсiп, 515,6 мың басты (101,2%), жылқы саны 155,5 мың басты (102,2%), құс саны 5231,7 мың басты (106,2%) құрады.

Облыста 96,6 мың тонна тiрi салмақтағы ет өткiзiлдi (106,5%), 377,0 мың тонна (105,0%) сүт сауылды, 725,4 млн. дана (93,0%) жұмыртқа өндiрiлдi.

Өсiрiлiп жатқан малдың асыл тұқымдық әлеуетiн жақсарту бағыттарының бiрi мал шаруашылығында қолдан ұрықтандыру жұмыстарын жүргiзу болып табылады. Қазiргi уақытта облыста 38,7 мың бас сиыр мен қашар қолдан ұрықтандырылды. Облыс бойынша 21,5% аналық мал басы қамтылды.

Мал бордақылау алаңдары

Кондициялық малдың қажеттi көлемiн қалыптастыру үшiн облыста мал бордақылаудың жиынтық қуаттылығы 27,6 мың бастан асатын 31 мал бордақылау алаңы жұмыс iстеп тұр, соның iшiнде жалпы малды бiр уақытта бордақылау қуаттылығы 18,5 мың басты құрайтын iрi 7 мал бордақылау алаңы бар (Зерендi ауданының «Щучинский ГМЗ» ЖШС, Қорғалжын ауданының «Агро Экспорт ЛТД» ЖШС, Жақсы ауданының «Новокиенка» ЖШС, Атбасар ауданының «Бастау» ЖШС, Астрахан ауданының «Колутон-04» ЖШС, Шортанды ауданының «Новокубанское» ЖШС, Есiл ауданының «Заречное» ЖШС).

Тұқымдық түрлендiру

Тұқымдық түрлердiру жұмыстарын жүргiзу бойынша бiршама iс шаралар атқарылып жатыр, нәтижесiнде, 2016 жылы аталмыш үрдiске 79,8 мың бас аналық мал басы тартылды немесе бұл барлық аналық мал басы санының 41,4%-ын құрайды.

Сүт саласын дамыту

«Ырыс» бағдарламасы бойынша 2066 бас сиырға арналған 14 сүттi-тауарлы ферма қолданысқа енгiзiлдi (Жоспар бойынша қуаттылығы 1900 басқа 13 СТФ). Осы бағдарлама бойынша кредиттiк ресурстармен 6 шаруашылық субъект қолданды, қалған 8 өз қаражаттары есебiнен құрылды.

Ақмола облысының шаруашылық субектiлерi 2016 жылы Германиядан, Венгриядан, Украинадан, Ресей Федерациясынан 800 бас шамасында сүттi бағыттағы IҚМ сатып алғандығын атаған жөн.

Өндiрiлетiн сүттiң жалпы көлемiнiң 80%-дан астамы үй шаруашылықтарына тиесiлi екенiн назарға ала отырып, бұл санат тысқары қалған емес. Сүттi қайта өңдеумен айналысатын қолданыстағы зауыттардың өндiрiстiк қуаттарын жүктеу мақсатында халықтан сүт сатып алу жұмыстары жүргiзiлiп жатыр, ол үшiн облыс аудандарында сүт сатып алудың 145 пунктi ұйымдастырылды, соның iшiнде 19 пункт стационарлы болып табылады. 2016 жылдың 2017 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi жағдай бойынша 119,4 мың тонна сүт сатып алынды немесе бұл жоспарланған көлемнiң 100,1%-ын құрайды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2022 iрi қара мал сатып алынды немесе 101,1% (жоспар — 2000 бас);

«Алтын Асық» бағдарламасы бойынша 1843 қой сатып алынды немесе 111,7% (жоспар — 1650 бас);

«Құлан» бағдарламасы бойынша 1221 бас жылқы сатып алынды немесе 101,8% (жоспар — 1200 бас);

«Құдық пен скважина құрылысы» бағдарламасы бойынша жоспардағы 22 скважинадан 26 скважина iске қосылды.

Ветеринария

Ақмола облысына эпизоотияға қарсы iс-шараларды өткiзу үшiн 2016 жылы Республикалық бюджеттен 682,4 млн. теңге сомасында жалпы сипаттағы трансферттер бөлiндi.

Ауыл шаруашылығы жануарларын иммунизациялау жөнiндегi 2016 жылға арналған жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық iс-шаралар 100% орындалды (құтыру, сiбiр жарасына қарсы вакцинация, эхинококкозға қарсы дегельминтизация, қарасанға қарсы вакцинация, туберкулезге және жылқылардың маңқасына қарсы диагностикалық зерттеулер).

Ауыл шаруашылығы жануарлары ауруларының барлық түрлерi бойынша диагностикалық iс-шаралар бекiтiлген Жоспарға сәйкес 100 % орындалды: бруцеллезге IҚМ-нiң 522,3 мың басы және ҰМ-ның 579,1 мың басы зерттелдi. 2015 жылмен салыстырылғанда бруцеллезбен аурудың IҚМ арасында 0,02%, ҰМ арасында 0,16% төмендеуiне қол жеткiзiлдi.

1127 мың объектiлерде 175,3 мың шаршы метр алаңда оң әрекет көрсеткен малдар ұсталған үй-жайларда мәжбүр дезинфекция өткiзiлдi.

Қайта өңдеуге тапсырылған бруцелезбен ауыратын малдардың иелерiне өтеу үшiн 2016 жылы бөлiнген қаражаттың көлемi 81,2 млн. теңгенi құрады, бруцеллезге оң әрекет көрсеткен барлығы IҚМ-нiң 885 басы және ҰМ-ның 1257 басы өтелдi.

2016 жылдың жоспарының IҚМ — 151%, ҰМ — 127%, шошқалар — 123% және жылқылардың — 109% бiрдейлендiрiлдi.

Ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларымен 249,4 мың зерттеу өткiзiлдi, оның iшiнде зерттелдi: 119,6 мың ет сынамасы, 52,4 мың сүт және сүт өнiмдерiнiң сынамалары, 9,1 мың жұмыртқа және 68,3 мың сынама басқа тағам өнiмдерi.

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеумен айналысатын 319 кәсiпорын бар, соның iшiнде:

жылдық өндiрiстiк қуаттылығы 19 мың тоннаны құрайтын еттi қайта өңдеу бойынша 15 кәсiпорын.

жылдық өндiрiстiк қуаттылығы 132,6 мың тоннаны құрайтын сүт өнiмдерiн өндiру бойынша 14 кәсiпорын.

жылдық өндiрiстiк қуаттылығы 954 мың тоннаны құрайтын 55 ұн тарту кәсiпорындары.

жылдық өндiрiстiк қуаттылығы 89 мың тоннаны құрайтын 220 нан-тоқаш өнiмдерiн пiсiретiн кәсiпорындары.

басқа өнiмдердi өндiрумен айналысатын 15 цех жұмыс iстейдi.

Статистика департаментiнiң мәлiметтерi бойынша 2016 жылдың 11 айы iшiнде 68,5 млрд. теңгеге тамақ өнiмдерi өндiрiлдi (2015 жылдың осы кезеңiне 109,9%).

Ет өнiмдерi өндiрiсiнiң көлемi артып 11,4 млрд. теңгенi құрады (2015 жылдың осы кезеңiне 114,2%), ұн өндiрiсiнiң көлемi- 21,2 млрд. теңгенi (121,9%), өсiмдiк майы — 659,6 млн. теңгенi (193,9%) құрады.

Тамақ өнiмдерi өндiрiсi құрылымының негiзгi үлесi астықты қайта өңдеу саласына– 30,9%, сүт саласына — 22,9%, еттi қайта өңдеу саласына — 16,5%, нан және нан-тоқаш өнiмдерiне — 6,7%, басқа салаларға -23,0% тиесiлi болып табылады.

Еттi қайта өңдеу

Осы кәсiпорындар мен цехтар заттай мәнде 17074 тонна ет өндiрдi, бұл 2015 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 21,9%-ға өстi, шұжық өнiмдерi өндiрiсiнiң көлемi 1325 тоннаны кұрап, 2015 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 6,3%-ға артты.

Еттi қайта өңдеу кәсiпорындарының жүктелiмi орта есеппен келесiнi құрады: ет өндiрiсi 70,1% (2015 ж. — 57,5%), шұжық өнiмдерi 37,6% (2015 ж. — 35,3%).

Сүттi қайта өңдеу

Өңделген сүт өндiрiсiнiң көлемi 76061 тоннаны құрап, 2015 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 2,8%-ға төмендеген, сонымен қатар, 686 тонна сары май өндiрiлдi, бұл да 2015 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 6,4%-ға төмен болды, ал iрiмшiк пен сүзбе өндiрiсiнiң көлемi 896 тоннаны құрап, 3,1%-ға төмендедi.

Сүттi қайта өңдеу кәсiпорындарының жүктелiмi келесiдей сипатқа ие болды: өңделген сүт өндiрiсi 58,2% (2015 ж. — 56,7%), сары май- 59,4% (2015 ж. — 63,5%), iрiмшiк пен сүзбе — 77,5% ( 2015 ж.- 75,1%).

Майлы дақылдарды қайта өңдеу

Өндiрiлген өсiмдiк майының көлемi 8832 тонна болды немесе 2015 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 95,5%-ға өстi.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу кәсiпорындары қуаттарының жүктелiмi орта есеппен 51,1%-ды құрады (2015 ж.- 26,1%).

Ұн өндiрiсi

Майда тартылған ұн өндiрiсiнiң көлемi 434233 тоннаны құрады немесе 2015 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 23%-ға өстi.

Ұн өндiретiн кәсiпорындардың жүктелiмi 45,5% -ды құрады (2015 ж. — 37%).

Нан өндiрiсi

Жаңадан пiсiрлген нанның көлемi 26001 тоннаны құрады немесе бұл 2015 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 2,1%-ға өстi.

Нан өндiретiн кәсiпорындардың жүктелiмi 32,7% болып табылады (2015 ж — 32%).

Азық –түлiк белдеуi шеңберiнде инвестициялық жобаларды iске асыру

2016 жылы Астана қаласы төңiрегiндегi азық-түлiк белдеуiн дамыту бойынша 7,2 млрд. теңгеге 9 жоба iске асырылды, соның iшiнде:

2 –мал бордақылау алаңы

«Жаңа Береке» ШҚ (Ерейментау ауданы) 3000 бас IҚМ-ға арналған мал бордақылау алаңы; «Ерейментау Құлан» ЖШС 3000 бас IҚМ-ға арналған мал бордақылау алаңы;

1-мал шаруашылығы кешенiн ұлғайту

Жылына 5000 тонна еттi өңдейтiн еттi қайта өңдеу кешенi; "Агрофирма "Родина" ЖШС (Целиноград ауданы) 1000 сауын сиырды ұстауға арналған мал шаруашылығы кешенiнiң құрылысы.

2-элеватор кешенi

"Зерновой двор" ЖШС (Атбасар ауданы) жылдық қуаттылығы 9 мың тоннаны құрайтын астық қоймасының құрылысы (2 кезең); "Беркат" ЖШС (Атбасар ауданы) жылдық қуаттылығы 35,0 мың тоннаны құрайтын астық қоймасы.

4- астық қоймасы

"АКА" ЖШС (Целиноград ауданы) қуаттылығы 20 мың тоннаны құрайтын астық қоймасы; "Ирченко-элеватор" ЖШС (Атбасар ауданы) 20 мың тонна астыққа арналған элеватор кешенi (2 кезең); "Атбасар Ұн" ЖШС (Атбасар ауданы) жылдық қуаттылығы 12 мың тоннаны құрайтын астық қоймасы, тәулiгiне 150 тонна ұн тартатын диiрмен; "ElGrano" ЖШС (Ақкөл ауданы) жылдық қуаттылығы 13,5 мың тоннаны құрайтын дәндi және майлы дақылдардың тұқымдарын кептiруге, тазартуға, сақтауға арналған элеватор.

Астана қаласына азық — тұлiктердiң жеткiзiлуi

2016 жылға Астана қ. жеткiзiлген азық — түлiк:

- 94 мың тонна сүт немесе 2015 жылдың деңгейiнен 7,2 мың тонна мың тоннаға артық және астана халқының қажеттiлiгiнен 48%;

- 22,2 мың тонна ет немесе 1,3 мың тоннаға артық және астана халқының қажеттiлiгiнен 52%;

- 222,5 млн. дана жұмыртқа немесе қажеттiлiктен 100%, 5 млн. данаға артық;

- 84,5 мың тонна картоп немесе 100%, 1,8 мың тоннаға артық;

- 25,6 мың тонна көкенiс немесе қажеттiлiктен 38%, 6,5 мың тоннаға артық.

Дата создания статьи: 16.04.2015 16:01
Дата обновления статьи: 28.04.2017 17:55
Қаралым саны: 88

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 индексі: 020000

Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі:
8 (7162) 29-72-00

Қабылдауға жазылу:
8 (7162) 29-72-43

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-71

Шығыс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-49

Кіріс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-44

Факс:
8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі: akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫШТЫ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы