Саласының жағдайы туралы ағымдағы ақпараты

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жалпы түсiмi 16555,0 млн. теңгенi құрады, соның iшiнде: өсiмдiк шаруашылығы — 292,3 млн. теңге, мал шаруашылығы — 16262,3 млн. теңге. Нақты көлем индексi 106%-ды құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы

Ақмола облысында 2018 жылы 4743,8 мың га алқапқа жаздық егiстiк жұмыстарын жүргiзу жоспарлануда, соның iшiнде, дәндi және дәндi бұршақ дақылдары 4313,5 мың га жерге орналастырылатын болады.

Сонымен қатар, негiзгi азық-түлiк дақылы болып табылатын жаздық бидай 3697,9 мың га жерге себiледi (дәндi дақылдар алқабының 85,7%-ы).

Бұл ретте, негiзгi азық-түлiк дақылы жаздық бидай 3697,9 мың га егiстiкке егiлетiн болады (дәндi және дәндi бұршақ дақылдарының егiстiгiнен 85,7%).

Мал азығы дақылдарының жаздық егiсi 160,6 мың га жерге жүргiзiледi деп жоспарлануда. Жалпы, облыс бойынша мал азығы дақылдарының жалпы көлемi (өткен жылдары себiлген көп жылдық шөптердi есепке алғанда) 628,5 мың га құрайды (2017 жылғы деңгейден 31,5 мың га-ға жоғары), сонымен қатар, мал азығы дақылдарының үлес салмағы егiстiк жердiң 11,2%-ын құрайтын болады (егiстiк жердiң көлемi 5728,9 мың га).

Жұртшылықты есепке алғанда, картоп пен көкөнiстi отырғызу алқабының көлемi тиiсiнше 18,4 мың га мен 4,3 мың га-ды құрайтын болады, яғни, өткен жылғы көрсеткiштерден жоғары (картоп — 379,1 га, көкөнiстер — 150,6 га).

Жаздық егiс құрылымындағы ауыспалы егiс айналымының аймақтық жоспарына сәйкес, ағымдағы жылы майлы дақылдар алқабының көлемi 258,4 мың га-ды құрайтын болады.

Жалпы, а.ж. көзделiп отырған ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiк алқабының көлемi өткен жылғы көрсеткiштер деңгейiнде.

Облыс бойынша 2018 жылғы өнiмдiлiкке 520,4 мың тонна көлемiнде тұқым қажет, яғни бұл қажеттi мөлшердiң 100%-ын құрайды.

Қазiргi уақытта, толық талдауына 459,8 мың тонна (88,4%) ұсынылды.

«Тұқым шаруашылығы туралы» ҚР Заңына сәйкес, тұқым шаруашылығы субъектiлерiн аттестаттау және қайта аттестаттау жұмыстары жүргiзiлуде.

Мал шаруашылығы

Статистикалық мәлiметтерге сәйкес, 2018 жылғы 1 наурызға дейiнгi жағдай бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы IҚМ-ның мал басы 438,7 мың басты (өткен жылғы деңгейге 102,6%), соның iшiнде, сиыр саны 205,7 мың мал басын құрады (100,4%).

Облыс бойынша шошқа саны 123,3 мың (100,1%), қой мен ешкi саны 559,7 мың мал басын (98,4%) құрайды.

Жылқы саны — 169 мың (105,7%), құс — 5915,7 мың (118,2%).

Облыста 17,4 мың тонна ет тiрi салмақта союға өткiзiлдi (105,7%), сауылған сүттiң көлемi 31,5 мың тоннаны (100,2%), өндiрiлген жұмыртқаның көлемi 135,3 млн. дананы (126,4%) құрады.

Ветеринария

Ақмола облысына эпизоотияға қарсы iс-шараларды өткiзу үшiн 2018 жылы Республикалық бюджеттен 740 млн. теңге сомасында жалпы сипаттағы трансферттер бөлiндi.

Ауыл шаруашылығы жануарларын иммунизациялау жөнiндегi 2018 жылға арналған жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық iс-шаралар бiрiншi тоқсанның жоспарына100% орындалды (құтыру, сiбiр жарасына қарсы вакцинация, эхинококкозға қарсы дегельминтизация, қарасанға қарсы вакцинация, туберкулезге және жылқылардың маңқасына қарсы диагностикалық зерттеулер).

Ауыл шаруашылығы жануарлары ауруларының барлық түрлерi бойынша диагностикалық iс-шаралар бекiтiлген Жоспарға сәйкес орындалуда: бруцеллезге IҚМ-нiң 109,2 мың басы және ҰМ-ның 103,5 мың басы зерттелдi.

34 объектiде 10,2 мың шаршы метр алаңда оң әрекет көрсеткен малдар ұсталған үй-жайларда мәжбүрлi дезинфекция өткiзiлдi.

Қайта өңдеуге тапсырылған бруцелезбен ауыратын малдардың иелерiне өтеу үшiн 2018 жылы бөлiнген қаражаттың көлемi 76,5 млн. теңгенi құрады.

2018 жылғы жоспардың 29 % IҚМ, 23 % ҰМ, 27 % шошқа және 6 % жылқы бiрдейлендiрiлдi.

Механизация

Бүгiнгi таңда, машина-трактор паркi төмендегiдей: астық жинау комбайндары — 8463 бiрлiк, себу кешендерi — 1201 бiрлiк, тракторлар — 15240 бiрлiк, дестелегiштер — 2455 бiрлiк, жүк автомобильдерi — 4704 бiрлiк, трактор тiркемелерi — 7677 бiрлiк, сепкiштер — 16505 бiрлiк.

Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi 47 трактор, 12 астық жинау комбайнын, 64 сепкiш, 17 себу кешенiн және 72 бiрлiк басқа да ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды, соның iшiнде, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 1519,7 млн. теңгеге 5 трактор, 1 астық жинау комбайны, 13 себу кешенi және 9 басқа да ауыл шаруашылығы техникасы берiлдi.

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу

Статистика департаментiнiң мәлiметтерiне сәйкес, 2018 жылғы 2 айда 13,1 млрд. теңгеге тамақ өнiмдерi өндiрiлдi (2017 жылдың осы кезеңiне 119,3%).

Ет өнiмдерi өндiрiсiнiң көлемi артып, 2,4 млрд. теңгенi құрады (2017 жылдың осы кезеңiне 125,3%), ұн өндiрiсiнiң көлемi — 3,3 млрд. теңге (132,0%), өсiмдiк майы — 0,7 млн. теңге (116,1%).

Тамақ өнiмдерi өндiрiсi құрылымының негiзгi үлесi астықты қайта өңдеу саласына — 25,2 %, еттi қайта өңдеу саласына — 18,3%, сүт саласына — 13,7%, нан және нан-тоқаш өнiмдерiне — 6,1%, басқа салаларға 36,7%-ы тиесiлi.

Еттi қайта өңдеу: осы кәсiпорындар мен цехтар заттай мәнде 3,7 мың тонна ет өндiрдi, бұл 2017 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 23%-ға өстi, шұжық өнiмдерi өндiрiсiнiң көлемi 271 тоннаны кұрап, 2017 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 10,6%-ға артты.

Сүттi қайта өңдеу: өңделген сүт өндiрiсiнiң көлемi 8,1 мың тоннаны құрады, бұл 2017 жылдың осы деңгейiнен 13,3%-ға төмен, өндiрiлген сары майдың көлемi 88 тоннаны құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 41,9%-ға төмендеген, өндiрiлген iрiмшiк пен сүзбенiң көлемi 124 тоннаны, 20,4%-ға, қышқыл сүт өнiмдерiнiң көлемi 3008 тоннаны құрап, 9%-ға төмен болды.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу: өндiрiлген өсiмдiк майының көлемi 4,7 мың тоннаны құрайды немесе 2017 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 18,8%-ға өскен.

Ұн өндiрiсi: ұн өндiрiсiнiң көлемi 74,3 мың тоннаны құрады немесе 2017 жылмен салыстырғанда 34,7%-ға өстi.

Нан өндiрiсi: жаңадан пiсiрiлген нанның көлемi 5 тоннаны құрады немесе бұл 2017 жылғы деңгейiнде.

Азық-түлiк белдеуi шеңберiндегi инвестциялық жобаларды iске асыру

2018 жылы Астана қаласының төңiрегiнде азық-түлiк белдеуiн дамыту бойынша 7,5 млрд. теңгеге 8 жобаны iске асыру жоспарлануда.

4,6 млрд. теңгенi құрайтын 4 астық қоймасы.

0,2 млрд. теңгенi құрайтын 1 жылыжай кешенi.

1,7 млрд. теңгенi құрайтын 1 диiрмен кешенi.

0,2 млрд. теңгенi құрайтын 1 сүт өндiрiсi.

0,8 млрд. теңгенi құрайтын 1 өсiмдiк майының өндiрiсi.

Құрылған күні: 16.04.2015 16:01
Жаңартылған күні: 06.04.2018 09:34
Қаралым саны: 2721

Қаз Рус Eng