Сайлау бойынша ағымдағы жағдай

2018 жылғы 12 наурызда Ақмола облысы әкiмiнiң аппаратында аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалалары әкiмдерi аппараттарының басшыларымен, аумақтық сайлау комиссияларының төрағаларымен кеңес өткiзiлдi, оны Ақмола облысы әкiмi аппаратының басшысы Қ.Б. Шөкенов ашып жүргiзiп отырды.

2018 жылғы 26 ақпанда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы «Сайлаушылардың тiзiмдерiн қалыптастыру мен өзектiлендiруге заманауи көзқарастар», «Ресей Федерациясының Президент сайлауын халықаралық бақылауға дайындық» тақырыптарына екi семинар-кеңес өткiздi және 2018 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өткiзiлдi, онда 2017 жылғы жұмыстың қорытындысы және сайлау заңнамасын жетiлдiру аясындағы қызметтiң жаңа бағыттары қарастырылды.

Ағымдағы жылы сайлау туралы қолданыстағы заңнамаға көп өзгерiстер енгiзiледi. Осыған байланысты сайлаушылардың тiзiмдерiн нақтылау, сайлау учаскелерiнiң шекараларын түзету және барлық деңгейлердегi сайлау комиссияларының құрамдарын нақтылау бойынша көп жұмыстар жүргiзiледi.

Қатысты: облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, хатшысы, аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, аудан, қала әкiмдерi аппараттарының басшылары, сайлаушылардың тiзiмдерiн өзектiлендiруге жауапты тұлғалар, Ақмола облысы IIД көшi-қон қызметiнiң қызметкерлерi, облыс әкiмi аппаратының қызметкерлерi.

Қатысушылар кадрлық өзгерiстермен таныстырылды.

Облыс әкiмiнiң келiсiмi бойынша келесi аудандар әкiмдерi аппараттарының басшылары тағайындалған:

- Қасенов Марлен Маратұлы — Аршалы ауданы;

- Толқынбек Жәнiбек Толқынбекұлы — Зерендi ауданы;

- Баетов Мұрат Сәкiмбайұлы — Шортанды ауданы.

Жаңа тағайындалған аудан әкiмдерi аппараттарының басшыларына жұмыста сәттiлiк тiледi.

Келесi мәселелер қаралды:

- 2018 жылдың 15 қаңтары мен 23 ақпаны аралығында барлық деңгейлер әкiмдерiнiң халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзудiң қорытындысы туралы;

- Сайлаушылардың тiзiмдерiн қалыптастыру мен өзектiлендiру бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы;

- Сайлау заңнамасын жетiлдiру аясында сайлау жүйесiн дамыту туралы;

- «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңның кейбiр мәселелерi туралы.

Сөйледi:

I. «2018 жылдың 15 қаңтары мен 23 ақпаны аралығында барлық деңгейлер әкiмдерiнiң халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзудiң қорытындысы туралы». Облыс әкiмi аппараты басшысының орынбасары — Николай Афанасьевич Политкин.

II. «Сайлаушылардың тiзiмдерiн қалыптастыру мен өзектiлендiру бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы». Облыс әкiмi аппараты ақпараттық технологиялар бөлiмiнiң басшысы — Александр Васильевич Черней.

III. «Сайлау заңнамасын жетiлдiру аясында сайлау жүйесiн дамыту туралы». Облыстық сайлау комиссиясының хатшысы — Геннадий Герасимович Глухов.

IV. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңның кейбiр мәселелерi туралы». Облыс әкiмi аппараты мемлекеттiк-құқықтық жұмыс бөлiмiнiң басшысы — Валерия Михайловна Григорьева.

Сол күнi электоралдық оқытудың сертификатталған тренерi Людмила Сабировна Асанова кеңеске қатысушылар үшiн «Ресей Федерациясының Президент сайлауын халықаралық бақылауға дайындық» тақырыбына өңiрлiк семинар-кеңес өткiздi. Семинарға 75 адам қатысты.

Құрылған күні: 12.03.2018 18:54
Жаңартылған күні: 12.03.2018 18:54
Қаралым саны: 706

Қаз Рус Eng