A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қаз | Рус | Eng
«БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері

2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері

Алматы, Қазақстан – 2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,57 трлн. теңге болды. 2016 жылдың басынан бастап зейнетақы жинақтары 737,4 млрд. теңгеге көбейді.

2016 жылы 10 ай ішінде түскен зейнетақы жарналарының сомасы шамамен 566 млрд. теңге болды. Бұл ретте, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтару жүзеге асырылуда. 2016 жылы 10 ай ішінде мұндай қайтарымдардың жалпы сомасы шамамен 146 млрд. теңге болды.

2016 жылы 10 айы бойы салымшылардың ЖЗШ-сына есептелген инвестициялық табыстың таза сомасы 457,7 млрд. теңге болды.

2016 жылғы 1 қаңтар – 31 қазан аралығындағы кезеңде БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік 6,2% құнсыздану кезінде 7,7% болды.

БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің сомасы 2016 жылы 10 айы бойы 142,6 млрд. теңгені, оның ішінде сақтандыру ұйымына аударымдар 16,9 млрд. теңгені құрады.

Шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,07 млн. бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен 9,62 млн. бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 415 мың, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 39 мың болды.

Бүгінде салымшы (алушы) өзінің ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның дербес қызмет көрсететін 232 орталығының бірінен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта арқылы, www.enpf.kz сайтынан немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

2,6 млн. астам адам электрондық хабарлау тәсілін таңдаған. 212 мыңға жуық адам электрондық мекенжайға үзінді көшірме алады, ал 2,4 млн. адам сайт немесе түрлі операциялық жүйелерде қызмет ететін смартфондар мен планшеттер үшін «ENPF» ұялы қосымшасынан ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды. Ұялы қосымша шыққан кезден бастап оны жүктеу 408 мыңға жетті. Оның ішінде Android платформасындағы қосымша 331,8 мың рет, iOS - 70 мың рет, Windows Phone – 6,2 мың рет жүктелген.

2015 жылғы ақпанда Электрондық үкімет арқылы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы (инвестициялық табыс ескерілген) ақпарат беру» қызметі қолданысқа енгізілген кезден бастап 2016 жылғы 1 қарашада салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 338 мың үзінді көшірме берілді. Салыстыру үшін портал арқылы жыл басында 125 мың үзінді көшірме берілген болатын.

«БЖЗҚ» АҚ» 2013 тамызда 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру» ММ арқылы БЖЗҚ-ның құрылтайшысы әрі акционері болып табылады. «БЖЗҚ» АҚ-ның мемлекеттік акциялар пакеті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлікпен басқаруында тұр. БЖЗҚ зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар жасау функциялары Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық Қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін жүргізуді, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланы құрған күні 30.12.2016 12:47
Мақаланы жаңартқан күні 30.12.2016 12:47
Қаралым саны: 695

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 индексі: 020000

Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі:
8 (7162) 29-72-00

Әдеп жөнiндегi уәкiлi:
8 (7162) 29-73-54

Қабылдауға жазылу:
8 (7162) 29-72-43

Кіріс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-44

Шығыс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-49

Электрондық жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-51

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-71

Факс:
8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі: akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-23, 29-72-25, 29-72-54

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫШТЫ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы