2018 жылғы ақпанда облыс бойынша тұтыну бағасының индексi 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 100,8% құрады.
Жыл басынан бастап қызылшаға, қырыққабатқа, айранға, басты пиязға, сүзбеге, сәбiзге, алкогольдi сусындарға, қатты iрiмшiкке, сары майға, қара бидай мен қара бидай-бидай нанға, тұзға, шұжық тағамдарына; табак өнiмдерiне, тұрмыстық аспаптарға, фармацевтикалық заттарға; сұйылтылған газға, электр энергиясына, қоғамдық тамақтану қызметтерiне, суық суға, кәрiзге бағалар өстi.
Жармаларға, жұмыртқаға, қаймаққа, шайға, күрiшке, құс етiне, күнбағыс майына және картопқа бағалар төмендедi.
Азық-түлiк бағалары өсуiнiң негiзгi себептерi: тауар өндiрушiлерде көтерме-босату бағасының өсуi, жеке азық-түлiк тауарлары өндiрiсiнiң маусымдылығы, электр энергиясы тарифiнiң өсуi, ЖЖМ бағасының өсуiне байланысты көлiк шығындарының көбеюi және т.б.
Тауарлар мен қызметтерге бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу мақсатында, келесi iс-шаралар жүзеге асырылады.
Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы аудандар мен қалалар әкiмдiктерiмен бiрлесiп, облыстың қалалары мен аудандарының бөлiгiнде әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына және жанар-жағармай материалдарына бағалардың жағдайына мониторинг мен талдау үнемi жүргiзiледi.
Аудан және қала әкiмдiктерiмен тауар өндiрушiлер, көтерме және бөлшек сауда сатушыларымен әлеуметтiк маңызы бар тауарларына шектi сауда үстемесiн белгiлеу жөнiнде 941 жасалған меморандум аясында қабылданған мiндеттемелерi бойынша бақылау жұмыстары жүргiзiледi.
Облыс өңiрлерiнде дүкендер мен базарларға қарағанда, бағасы 15-20%-ға төмен 110 млн. теңгеге азық-түлiк сатылып, 92 ауыл шаруашылық жәрмеңкесi өткiзiлдi.
Жергiлiктi азық-түлiк тауарларының өндiрiсiн ұлғайту, бағаны тұрақтандыру факторларының бiрi болып табылады.
2018 жылдың қаңтар-ақпанында облыста 13,1 млрд. теңгеге азық-түлiк өнiмдерi өндiрiлдi, бұл 2017 жылғы мерзiммен салыстырғанда 119,3% құрады. Соның iшiнде, 3,7 мың тонна ет, 271 тонна шұжық тағамдары, 188 тонна күнбағыс майы, 8,1 мың тонна сүт және кiлегей, 77,1 мың тонна ұн, 5 мың тонна нан, 375 тонна жартылай фабрикаттар өндiрiлдi.
2017 жылғы қарашадан бастап «Көкшетау өнiмдерi» жобасының аясында Көкшетау қаласының 19 сауда орындарында «өндiрушiден дүкенге» форматында қала бойынша орташа бағалардан 10-30%-ға төмен бағамен жергiлiктi өндiрiстiң 80 тоннадан астам азық-түлiк тауарлары сатылды.
2018 жылғы 13 ақпанға әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының бағалары (Көкшетау қ. бойынша)
Тауарлардың атауы Наименование товара | Өлшем бірлігі Ед.изм. | Орташа бағалар Средние цены (теңге) |
1 | 2 | 3 |
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) Хлеб пшеничный из муки первого сорта (формовой) | кг | 125 |
Бірінші сортты бидай ұны Мука пшеничная первого сорта | кг | 102 |
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын) Рис шлифованный (круглозерный, весовой) | кг | 224 |
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын) Крупа гречневая (ядрица, весовая) | кг | 148 |
Рожки (өлшеніп салынатын) Рожки (весовые) | кг | 158 |
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) Говядина (лопаточно-грудная часть с костями) | кг | 1390 |
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік) Мясо кур (бедренная и берцовая кость с прилегающей к ней мякотью) | кг | 615 |
Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада Молоко пастеризованное 2,5% жирности в мягкой упаковке | литр | 231 |
Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада Кефир 2,5% жирности в мягкой упаковке | литр | 254 |
Майлылығы 5-9% сүзбе Творог 5-9% жирности | кг | 976 |
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ) Масло сливочное (несоленое, не менее 72,5% жирности, без наполнителей и растительных жиров) | кг | 1810 |
I санатты тауық жұмыртқасы Яйцо куриное I категории | ондық десяток | 206 |
Күнбағыс майы Масло подсолнечное | литр | 362 |
Ақ қауданды қырыққабат Капуста белокочанная | кг | 89 |
Басты пияз Лук репчатый | кг | 112 |
Асханалық сәбіз Морковь столовая | кг | 111 |
Картоп Картофель | кг | 118 |
Ақ қант – құмшекер Сахар белый – сахар-песок | кг | 201 |
Ac тұзы («Экстра»-дан басқа) Соль поваренная пищевая (кроме «Экстра») | кг | 48 |