A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қаз | Рус | Eng
Көлік

Ақмола облысының көлiк инфрақұрылымы

Автомобиль жолдары

Ақмола облысының жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 5626 шақырымды құрайды, оның iшiнде облыстық маңызы бар — 2661 км, аудандық маңызы бар — 2965 км.

2017 жылы Басқармаға 11 732,3 млн. теңге сомасында қаражат бөлiнген болатын, оның iшiнде: республикалық бюджеттен — 4 875,7 млн. теңге және жергiлiктi бюджеттен — 6 856,6 млн. теңге, бұл 2016 жылы бөлiнген қаражаттан 4 711,8 млн. теңгеге немесе 40,1%-ға көп.

Осы қаражатың есебiнен 48 жобаны жүзеге асыру, 5 бағдарлама аясында жергiлiктi маңызды автомобиль жолдарын, қала және елдi мекен көшелерiн жөндеу бойынша 32 жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеу және түзетужоспарланған:

• Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспары;

• моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы;

• мүгедектердiң өмiр сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi жоспар;

• Астана қаласына iргелес елдi мекендердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2011-2014 жылдарға арналған кешендi iс-шаралар жоспары;

• 2020 жылға дейiн өңiрлердi дамыту бағдарламасы.

Осы бағдарламалардың аясында 228 км жергiлiктi маңызы бар жолдарды жөндеуқарастырылды,оның iшiнде: салу және реконструкциялау –13,3 км, күрделi және орташа жөндеу — 106,7 км, ағымдағы жөндеу — 108 км.

Жолаушылар көлiгi

Ақмола облысының аумағында жолаушыларды автомобиль көлiгiмен тасымалдау 212 тұрақты маршрутта жүзеге асырылады, оның iшiнде 63 — қалаiшiлiк, 31 — қала маңы, 59 –облысiшiлiк қалааралық, 33 –ауданiшiлiк, 19 — облысаралық және 7 — халықаралық маршрут.

Қалалық автобус маршруттарының қоғамдық көлiгiнде жүру құны 50-ден 90 теңгеге дейiн соманы құрайды, (50 теңге Атбасар қ., Макинск қ., Балкашино а., 60 теңге Державинск қ., Шортанды к., Степногорск қ., 70 теңге Ақкөл қ., Степняк қ., 80 теңге Көкшетау қ., Есiл қ., Щучинск қ., 90 теңге Ерейментау қ., Целиноград ауданында) тұрақты облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысаралық) автобус маршруттарында 1 жолаушы/км 6,5-тен 10 теңгенi құрайды.

3 автовокзал (Көкшетау қ., Щучинск қ., Степногорск қ.), 2 автостанция (Атбасар қ., Макинск қ.), 5 жолаушыларға қызмет көрсету пунктi (Ақкөл қ., Астраханка а., Степняк қ., Ерейментау қ., Есiл қ.) жұмыс iстейдi.

Қазiргi уақытта, облыстың автовокзалдары мен автостанцияларын бiрыңғай белгiленген талаптар мен стандарттарға сәйкестендiру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Соған сәйкес мүмкiндiктерi шектеулi тұлғалар үшiн кедергiсiз қол жеткiзуiн қамтамасыз ету бойынша және терроризмге қарсы қауiпсiздiк талаптарына сәйкестендiру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Жолаушыларға қызмет көрсетудiң жаңа пункттерiн ашу бойынша жұмыс жүргiзiлуде. Атап айтқанда, 2016 жылы Есiл қ. жолаушыларға қызмет көрсету пунктi ашылды.

2017 жылы Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасының аясында автобус қатынасымен қосымша 7 елдi мекен қамтылды, бұл «Жолаушылар автокөлiгi қатынасымен қамтылмаған елдi мекендер үлесi» АДБ 20% жоспарлы индикаторына қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi. Жыл қорытындысы бойынша халқының саны 100 адамнан артық 521 елдi мекен iшiнен 418 немесе 80% жолаушылар автокөлiк қатынасымен қамтылды.

Көрсеткiшке 6 жаңа автобус маршрутын ұйымдастыру және 1 қолданыстағыны ұзарту есебiнен қол жеткiзiлдi.

Тұрақты автобус маршруттарында жұмылдырылған жылжымалы құрамды тасымалдаушымен жаңартуды ынталандыру мақсатында, тасымалдаушымен уақытылы автобустар мен шағын автобустарды жаңартқан жағдайда, шарттың мерзiмiн 10 жылға ұзарту көзделген.

Қазiргi уақытта, тұрақты маршруттарда жұмылдырылған жылжымалы құрам шамамен 700 бiрлiктi (автобустар мен шағын автобустар), оның iшiндегi пайдалану мерзiмi 12 жылдан асқан көлiк құралдарының үлесi 37,7% құрайды.

2017 жылдың өткен кезеңiнде облыс көлiгiмен 1 230 528,0 мың адам тасымалданды (өткен жылғы тиiстi кезеңiне 96,6%).

Жолаушылар айналымы 5462,1 млн. жкм. құрады (өткен жылғы тиiстi кезеңiне 100%).

Көкшетау қ. әуежайынан 8195 жолаушы ұшты, бұл 2016 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 47,9% артық.

Ұшақтардың ұшу саны 346 бiрлiктi құрады, бұл 2016 жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 13 бiрлiкке артық.

Әуежаймен 160,4 тонна жүк, багаж және пошта өңделдi, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 58,8 тоннаға артық.

2017 жылы 7 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi («Өздiгiнен жүретiн шағын көлемдi кемелердi жүргiзу құқығына куәлiктер беру», «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйесiз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйелi тасымалдау қызметiмен айналысу құқығын ие болу үшiн лицензия беру», «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру», «Тұрақты республикаiшiлiк — автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына куәлiк беру», «Қызмет өңiрi шегiнде механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу кестесiн келiсу», «Көлiк қызметi субъектiлерiн олардың жолаушылар мен көлiк инфрақұрылымы объектiлерiне келетiн адамдарды, олардың алып жүретiн заттарын, оның iшiнде қол жүгi мен багажын тексерiп қарауды жүргiзу тәртiбi мен талаптарына сәйкес келуi тұрғысынан аттестаттау», «Ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк), ауданiшiлiк, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау».

Ағымдағы жылдың өткен кезеңiнде басқармамен 4 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi:

- «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйесiз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйелi тасымалдау қызметiмен айналысу құқығын ие болу үшiн лицензия беру» — 2;

- «Қызмет өңiрi шегiнде механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу кестесiн келiсу» — 2.

Басқармаға мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы мен мерзiмдерiнiң бұзылуына қатысты шағымдар келiп түскен жоқ.

Мақаланы құрған күні 16.04.2015 16:11
Мақаланы жаңартқан күні 02.11.2017 15:35
Қаралым саны: 973

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 индексі: 020000

Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі:
8 (7162) 29-72-00

Әдеп жөнiндегi уәкiлi:
8 (7162) 29-73-54

Қабылдауға жазылу:
8 (7162) 29-72-43

Кіріс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-44

Шығыс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-49

Электрондық жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-51

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-71

Факс:
8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі: akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-23, 29-72-25, 29-72-54

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫШТЫ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы