Жұмысқа орналастыру (мемлекеттік қолдау шаралары, бос лауазымдық орындар туралы хабарлама)

Жұмыспен қамту

2017 жылдың 4-тоқсанында жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,8%, жастар жұмыссыздығының деңгейi 2,9 % құрады.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 3,2 мың адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендердiң жалпы санынан 75,9% құрады.

Қоғамдық жұмыстарға 832 адам жiберiлдi.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 419 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 340 адам (81,1%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 15 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 1077 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 158 адам жұмысқа, соның iшiнде тұрақты жұмысқа 97 адам орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 38 адамға жолдама берiлдi, әлеуметтiк жұмыс орындарына 12 адам, жастар практикасына 11 адам жiберiлдi.

2017 жылдың 3 айында облыста 2234 немесе жылдық жоспардан 20,05 % (11 140), соның iшiнде 2045 тұрақты орындар, олардың iшiнде 459 ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындары ашылды. Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласында (510).

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы

«Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсiби бiлiммен және қысқа мерзiмде оқытуымен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты аясында техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен 2665 адам, оның iшiнде:

- жоспар бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйгiнен бастап оқуға кiрiсетiн, техникалық және кәсiптiк бiлiммен 1190 адам;

- қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 1475 адамды қамтамасыз ету жоспарлануда.

2018 жылдың 1 сәуiрiндегi жағдай бойынша қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 987 адам қамтылды.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағыты шеңберiнде жұмыспен қамту шараларымен 2247 адамды, соның iшiнде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытумен 1927 адамды қамту;

- ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау мақсатында, 320 азаматқа 2,7 млрд. теңге сомасына несие беру жоспарлануда. «Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу және еңбек ресурстарын жұмылдыру арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты аясында жоспардағы 3175 адамға белсендi жұмыспен қамту шараларымен 1360 адам, соның iшiнде:

- қоғамдық жұмыстарға 832 адам (жоспар 2138);

- әлеуметтiк жұмыс орындарына 379 адам ( жоспар 520), олардың iшiнде 2018 ж. жаңа жинақ 329 адам (жоспар 470), 2017 ж. жалғастырушы 50 адам;

- жастар тәжiрибесiне 149 адам жiберiлдi, (517) олардың iшiнде 2018 ж. жаңа жинағы 111 адам (жоспар 407), 2017 ж. жалғастырушы 10 адам, Көкшетау қаласының жергiлiктi бюджетiнiң шеңберiнде 28 адам (жоспар 100) жiберiлiп қамтамасыз етiлдi.

Құрылған күні: 15.04.2015 16:43
Жаңартылған күні: 12.04.2018 16:53
Қаралым саны: 2576

Қаз Рус Eng