A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Туризм

2015 жылы Ақмола облысында туризмдi дамыту туралы ақпарат

Облыста негiзгi туристiк қызмет көрсететiн 825 туристiк ұйымдар бар, оның iшiнде: 334 санаторлық-сауықтыру мекемелерi және қонақ үй ұйымдары, 420 жол бойындағы сервис объектiлерi, туристiк қызмет көрсетуге лицензиялары бар 68 туристiк фирма, 3 Ұлттық парк «Көкшетау», «Бурабай», «Бұйратау», ЮНЕСКО табиғи мұрасы Тiзiмiне енгiзiлген Қорғалжын Мемлекеттiк орнитологиялық қорығы. Кластердiң мәдени-тарихи сегментi 900 ескерткiш арқылы ұсынылған, оның iрiлерi мемлекеттiк қорғалады және экскурсиялық бағдарламаларды қамтамасыз етуде пайдаланылады.

Туристер ағынына әсер еткен жалпы экономикалық дағдарысқа байланысты, 2015 жылдың 9 айында статистикалық деректер бойынша келушiлер саны 174406 адамды құрады. 2014 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 14,5% төмендедi. Осы жағдайда турбизнес субъектiлерi ыңғайлы баға саясатын жүргiзуде және көрсетiлетiн қызмет спектрiн кеңейтуде. Осылайша, демалыс объектiлерiнiң жартысына тең жуығында қызмет бағалары 20-30% төмедетiлген.

Қабылданған шаралар нәтижесiнде, туристiк салада көрсетiлген қызметтер мен жұмыстардың жалпы көлемi 3,4 млрд теңгенi құрады, бұл 2014 жылдың ұқсас кезеңiнен 3,0% көп. Келушiлердi орналастырумен айналысатын бъектiлер саны 334 бiрлiктi құрады, өсiм 122,8%. Оларда 4853 нөмiр, сонымен қатар, бiржолғы сыйымдылық127266 төсек-орынды құрайды.

2015 жыл iшiнде 14 туристiк объектi жасалды. Олар Зерендi ауданындағы «Ансат-кz» және «AVRORA GARDEN» мейманхана кешендерi, 237,3 млн. теңгеге Бурабай ауданыныдағы «Park House» меййманханасы, спорттық-сауықтыру және «Орленок» ЖШС тұратын-оқу кешенi, «Borovoe Tourism City» ЖШС 2 жолбойы сервисiнiң объектiсi,Сандықтау ауданындағы 5 қонақ үйлерi.

Бизнестiң жол картасы 2020 Бағдарламасы бойынша 2015 жылдың қорытыдысында туризм сферасының 10 жобасы қолдау тапты, 73 жаңа жұмыс орыны құрылды. Оның iшiнде екi жоба бойынша жалпы сомасы 5,41 млн. теңге сомасыа кепiлденген қаржыландыру алынды. Олар «Николаев А.А.» ЖК-нiң «Ақмола облысының интерактивтi туристiк картасы» және «Жаманбаева» ЖК-нiң «Жазғы және қысқы демалысты ұйымдастыру» жобалары. Банк кредиттерi бойынша субсидиялауды 8 жоба жалпы 191,0 кредит сомасына алды.

Республикалық шаңғы базасының құрылысы трамплин кешенi және биатлон алаңымен бiрге iске асырылуда, бұл көптеген туристердi көрермендер ретiнде тартатын, жоғары деңгейдегi халықаралық сайыстарды өткiзетiн орталыққа айналатын болады. Заманауи гольф-клуб құрылысы белсендi салынып жатыр.

«ЭКСПО-2017» ХМК кезеңiнде барылатын объектiлiердiң ең маңыздыларының бiрi Щучинск-Бурабай курорттық аймағы болады.

«ЭКСПО-2017» ХМК қонақтары және қатысушыларына қызмет көрсету үшiн, ҚР инвестициялар және даму Министрлiгiне, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ 4 туристiк маршрут бойынша ұсыныстар енгiзiлген.

Көрменiң қонақтарына қызмет көрсету үшiн, Ақмола облысының үздiк экскурсия жүргiзушiлерiнiрiктеу жүргiзiлуде, олар экскурсияны үш тiлде жүргiзетiн болады. «Круиз» туристiк фирмасы Ақмола облысының ғана емес, сондай-ақ Астана қаласының туристерiн де қабылдап, қызмет көрсету бойынша ЭКСПО-2017 ХМК бiрiншi сертификатының иегерi болып табылады

Бәсекелестiкке қабiлеттi туристiк өнiмдер жасау, туристiк әлеуеттi жылжыту мақсатында облыс әкiмдiгiмен бедел-бейне қалыптастыру бойынша тұрақты негiзде жұмыс жүргiзiледi, оның iшiнде ел iшiнде, сондай-ақ одан тыс жерлерде туризмдi ақпараттық жылжыту бойынша. 2015 жылы туризмдi дамытуға бағытталған ұлттық парктер, туристiк сфера өкiлдерi, оқу орындары, жергiлiктi атқарушы органдар өкiлдерi қатысқан, 20 шара өткiзiлдi. Облыс 5 халықаралық, 9 республикалық туристiк көрмелерге қатысты. Туризм тақырыбы БАҚ кеңiнен жарияланады.

Байланыс деректерi: 020000, Көкшетау қ., Әуезов к., 177 үй, Ақмола облысының туризм басқармасы.

Тел. 87162401592 қабылдауы, 401546, 401541, электрондық мекен-жайы: akm_tour@mail.ru, басқарманың сайты: www.turakmo.kz.

 

Дата обновления статьи: 17.02.2016 12:48
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі 83, индекс: 020000

8 (7162) 29-72-71, 29-72-51, 29-72-49, 29-72-43, 29-72-44

8 (7162) 29-73-10

akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23