A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қаз | Рус | Eng
ТКШ

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызмет.

2016 жылғы жұмыстың экономикалық қорытындысы

2016 жылы Ақмола облысы бойынша ТҮКШ саласында 10 464,6 млн. теңге немесе 96,3% игерiлдi. «БЖК-2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылым тарту бойынша қаржылық бақылау органы жүргiзген конкурс нәтижесiн қайтарып алуына байланысты 400 млн. теңге игерiлмедi.

Коммуналдық салада жағдай келесiдей:

Жылумен қамсыздандыру.

2016 жылы келесi объектiлердiң құрылысы жүзеге асырылуда:

Бурабай кентiндегi қазандық құрылысы

(Қазандық құрылысы 2013 жылы басталды, мердiгер «Азияэнергомпроектмонтаж» ЖШС. Жобаның құны — 2 342,5 млн. теңге.)

2013-2014 жылдары 2 116 млн. теңге игерiлдi, 2016 жылы объектiнi аяқтауға облыстық бюджеттен 220,1 млн. теңге бөлiндi. 1.10.2016 жағдай бойынша қаражат толық көлемде игерiлдi. Қазандық ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға берiлдi және Бурабай кентiн жылумен қамтамасыз етуде.

2016 жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында жылу энергетикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша 3 жобаны iске асыруға 2,4 млрд.тенге бөлiндi, жалпы сомасы 9,7 млрд. теңге, оның iшiнде:

- Есiл қаласындағы қазандық құрылысына 2016 жылы 1,6 млрд. теңге бөлiндi. 1.1.2017 ж. жағдай бойынша 1,6 млрд. теңге немесе жоспардың 100%-ы игерiлдi.

- Красный Яр ауылындағы блокты-модульдi қазандық құрылысына 2016 жылы 44 млн. теңге бөлiнiп, игерiлдi, бұл жылдық жоспардың 100%-ын құрайды. Объект пайдалануға берiлдi;

- Көкшетау қаласы Қопа көлi жағалауындағы тұрғын үйлерге сыртқы инженерлiк тораптарды реконструкциялауға 2016 жылы 683,2 млн. теңге бөлiндi, 683,2 млн. теңге немесе жылдық жоспар 100% игерiлдi.

Объект пайдалануға берiлдi.

Электрмен жабдықтау

Аталған салаға 2 жобаны iске асыруға 300 млн. теңге бөлiндi (Астана қаласына iргелес елдi мекендердi дамыту КЖ бойынша). Целиноград ауданы Қараөткел ауылын электрмен жабдықтау, жоба 2015 жылдан бастап iске асырылуда, құны — 1 208 млн. теңге (мердiгер — «Астана-Авто-Строй»ЖШС). 2016 жылы 126,2 млн. теңге игерiлдi. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргiзiлуде. Объектiнi 2017 жылдың I тоқсанында пайдалануға беру жоспарлануда.

Целиноград ауданы Қажымұқан ауылын электрмен жабдықтау, құны — 392,1 млн. теңге (мердiгер — «Дорстройтрест» ЖШС). 2016 жылы 173,8 млн. теңге игерiлдi. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргiзiлуде. Объект 2017 жылы жалғасуда.

Сумен қамсыздандыру және су бұру

Сумен қамсыздандыру және су бұру объектiлерiнiң құрылысы мен жөндеуге 137,7 млн. тенге бөлiндi, оның iшiнде:

Аршалы ауданы Аршалы кентiнiң канализация тораптарын реконструкциялау. Жоба 2013 жылдан бастап iске асырылуда, түзетуден кейiнгi жобаның құны 760,6 млн. теңгенi құрайды (мердiгер — «Мұнай Қамту» ЖШС). Объект 2017 жылы жалғасуда, облыстық бюджеттен 40,2 млн. теңге бөлiндi. Объектiнi 2017 жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Облыстық бюджеттен жобаны аяқтауға 16,7 млн. теңге бөлiндi.

Есiл ауданы Юбилейное ауылының су құбыры тораптарын күрделi жөндеу. Сметалық құны — 104,1 млн. теңге. Облыстық бюджеттен 80,8 млн. теңге бөлiндi. Жұмыстар аяқталды (80,8 млн. теңге игерiлдi). Объект пайдалануға берiлдi.

Бестөбе кентiнiң сумен қамсыздандыру жүйесiн реконструкциялау бойынша жобаны аяқтау. 95 км торап салынды. Объект 2016 жылдың тамыз айында пайдалануға берiлдi.

Бурабай кентiндегi тазарту салынымдарының құрылысы. Сметалық құны — 646,2 млн. теңге (мердiгер — «Казэнергоинвест» ЖШС). 2016 жылы 2 381,7 млн. теңге игерiлдi. 2016 жылы облыстық бюджеттен 16,7 млн. теңге бөлiнiп, игерiлдi. Жобаны ааяқтауға облыстық бюджеттен 2017 жылға 248,0 млн. теңге қаражат бөлiндi.

Сонымен қатар 2016 жылдың қазан айында «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында тағы 2 жобаны iске асыруға 2,8 млрд. теңге бөлiндi:

-Ақмола облысы Степногорск қаласының сумен қамсыздандыру және су бұру жүйесiн реконструкциялау. Су құбырының кварталiшiлiк тораптары. 1,3 млрд. теңге бөлiндi.

- Ақмола облысы Степногорск қаласы Ақсу, Заводской кенттерiнiң сумен қамсыздандыру және су бұру жүйесiн реконструкциялауға 1,5 млрд. теңге бөлiндi. Аталған жобалар бойынша Несие шартына сәйкес 2016 жылы бөлiнген қаражатты игеру мерзiмi — 2017 жылғы 10 желтоқсан.

Аяқталмаған объектiлердi пайдалануға беру бойынша

ҚР Ұлттық экономика министрлiгi аяқталмаған объектiлердiң жол картасына басқарма бойынша 3 объектiнi енгiздi:

Степногорск қаласының сумен қамсыздандыру және су бұру жүйесiн реконструкциялау (2-кезек). Объектiнi аяқтауға республикалық бюджеттен 172,9 млн. теңге бөлiндi. «Бали-Строй» ЖШС мердiгер болып белгiлендi, 07.08.2016 шарт жасалды. Объект 9.12.16ж. пайдалануға қабылданды. Степногоск қаласының өндiрiстiк аймағын сумен қамсыздандыру жүйесiн реконструкциялау. Облыстық бюджеттi нақтылау кезiнде жобаның құнын азайта отырып түзетуге және объектiнi пайдалануға беруге 15 млн. теңге бөлiндi. 28.12.16ж. пайдалануға берiлдi.

Бурабай кентiндегi екiншi кезектегi су бұру тораптарын реконструкциялау. Облыстық бюджеттi нақтылау кезiнде 37,4 млн. теңге бөлiндi. 7,8 км торап және 16 КСС салынды. Комиссияның 29.01.2016 ж. актiсiмен объект пайдалануға қабылданды.

Көппәтерлi тұрғын үйлердi (КТҮ) жөндеу.

2016 жылы 262 млн. теңге қайтарым қаражаты есебiнен Көкшетау, Степногорск (1 үй) қалаларында 6 КТҮ жөнделу жұмыстары басталды. 127,5 млн. теңге игерiлдi. 4 КТҮ жөнделдi.

Лифттердi қалпына келтiру бағдарламасы iске асырылуда. 2016 жылы Көкшетау қаласында лифттердi қалпына келтiруге облыстық бюджеттен 115 млн. теңге бөлiндi. Жұмыстар аяқталды. Жалпы сомасы 99,8 млн. теңгеге 9 көпқабатты тұрғын үйде 12 лифт iске қосылды.

Ортақ пайдаланудағы аумақты жөндеу

Көкшетау қаласын абаттандыруға 2016 жылда облыстық бюджеттен 285 млн. теңге бөлiндi, оның есебiнен «Васильковский» шағынауданында 11 көпқабатты тұрғын үйге iргелес аулалық аумақты күрделi жөндеу жүргiзiлдi (мердiгер «Кокшетауавтодор») және жергiлiктi бюджеттен бөлiнген 152,3 млн. теңгеге Абылай хан даңғылындағы 4 аулада 13 КТҮ-нi қамтыды. Барлық жоспарланған жұмыстар аяқталды.

Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгi

2016 жылы Ақмола облысында көше жарықтандырудың жалпы ұзындығы 44,2км-ге артты және 796,3 км-дi құрайды, оның iшiнде 274,9 км энергия үнемдеуiш шамдармен (2015 жылмен салыстырғанда 98,8км артты), бұл жалпы жарықтандыру желiлерiнiң 35%-ын құрайды.

Оның iшiнде қалалық жарықтандыру ұзындығы 301,47км, 135,83 км немесе 45%-ы энергия үнемдеу шамдарымен.

2016 жылы Ақмола облысының келесi аудандарында энергия үнемдеуiш шамдарымен көше жарықтандыру ауыстырылды: Есiл қ. — 1,82 км, Степногорск қ. — 0,25 км,.Атбасар қ. — 1,7 км, Зерендi ауданы — 108,2 км, Көкшетау қ. — 10,6 км. Барлығы — 122,57 км.

Жалпы көше жарықтандырудың техникалық жағдайы қанағаттанарлық, энергия тиiмдiлiгiн артыру мақсатында реконструкциялау бойынша жұмыс жалғасуда.

2015 жылы Ақмола облысы Ереймендау ауданындағы қуаты 45 МВт жел электр станциясы пайдалануға берiлдi. 2015 жылы жаңартылатын электр көздерi өндiрген электр энергия көлемi 80,3 млн.кВтч немесе облыс бойынша жалпы электр энергиясының 11%-ын құрады.

2016 жылы энергияның баламалы көздерi арқылы 141,7 млн.кВтч немесе облыстағы өндiрiлетiн электр энергиясының 17%-ын құрады.

2016-2017 жылу беру маусымына дайындық және оны өту

2016 жылы жалпы облыс бойынша 684 қазандық(100%), 59,2 км жылу торабы (100%), 87,2 км су-канализациия құбыры (100%) жөнделдi.

763 бiлiм беру(100%), 625 денсаулық сақтау (100%), 511 әлеуметтiк (100%), объектiсi және 2040 тұрғын үй — 100% дайындалды (2040 жоспарланды).

Облыс әкiмiнiң тапсырмасына сәйкес денсаулық сақтау, бiлiм беру және әлеуметтiк қорғаныс объектiлерi үшiн жылу беру маусымының басталуы а.ж. 25 қыркүйек, тұрғын үй объектiлерi үшiн а.ж. 1 қазаны болып белгiлендi.

ҚР Үкiметi резервiнен 2016 жылдың 4 тоқсанына 677 млн. теңге сомасында қаражат бөлiндi, оның iшiнде Макинск, Щучинск қалалары, Бурабай кентiне 557,3 млн. теңге және Көкшетау қаласына 119,4 млн. теңге бөлiндi.

Әлеуметтiк және коммуналдық шаруашылық сала объектiлерiнде қазандықтар жұмысы штаттық режимде жүзеге асырылды, жергiлiктi жерлерде жылумен қамсыздандыру объектiлерiнде температуралық режим сақталды.

«АЭҮК» АҚ және «Кокшетау Энерго» ЖШС электрмен жабдықтау желiлерiнде электрмен қамтамасыз ету режимiнiң бұзылуы тiркелген жоқ.

Елдi мекендердi сумен қамсыздандыру және су бұрумен қамтамасыз ету штаттық режимде жүзеге асырылуда.

Коммуналдық қызмет көрсету

Атқарылған жұмыстар нәтижесi жөндеудi қажет ететiн инженерлiк коммуникация үлесi бойынша көрсеткiштерге қол жеткiзу болып табылады. Ақмола облысы бойынша жөндеудi қажет ететiн жылу тораптарының үлесi 22,6%-ды, су құбыры торптары 23 %-ды, электрмен жабдықтау желiлерi 40%-ды құрады.

2016 жылы алдын ала мәлiмет бойынша тұтынушылардың электрмен жабдықтау бойынша көрсетiлетiн қызметтер сапасымен қанағаттану деңгейi 94%-ды құрады (2010 жылмен салыстырғанда 34 тармаққа өстi), жылумен қамсыздандыру бойынша — 93% (2010 жылмен салыстырғанда 29 тармаққа өстi), сумен қамсыздандыру бойынша 73,5% (2010 жылмен салыстырғанда 22 тармаққа өстi).

ТҮКШ саласында мемлекеттiк бағдарламаны орындау
бойынша

2016 жылы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 15 БИЖ iске асырылды:

- Целиноград ауданы Қараөткел, Қажымұқан селоларын электрмен жабдықтау бойынша 2 объект;

- Сумен қамсыздандыру және су бұру бойынша 4 объект: Аршалы кентiнде канализациялық тораптарды реконструкциялау, Бурабай кентiндегi су бұру тораптарының құпрылысы (екiншi кезек), Степногорск қ.сумен қамсыздандыру және су бұру жүйесiн реконструкциялау (екiншi кезек) және Бурабай кентiндегi тазарту қондырғыларының құрылысы;

- Жылумен қамсыздандыру — 1 жоба: Бурабай кентiнде қазандық құрылысы;

- БЖК — 3 жоба: Өтемiс ауылын электрмен жабдықтау желiлерiн реконструкциялау, Ақкөл ауданы Красный Горняк ауылында туристiк базаны газбен жабдықтау, Бұланды ауданы Макинск қаласындағы өнiмдiлiгi 60 тонна бройлер құс фабрикасына инфрақұрылым тарту;

- Нұрлы жол — 5 жоба: Есiл қаласында қазандық құрылысы, Красный Яр селосында БМҚ құрылысы, Көкшетау қаласы Қопа көлi ағалауындағы тұрғын үйлерге сыртқы инженерлiк тораптарды реконструкциялау, Степногорск қаласы Ақсу, Заводской кенттерiнде сумен қамсыздандыру және су бұру жүйесiн реконструкциялау, Степногорск қаласы сумен қамсыздандыру және су бұру жүйесiн реконструкциялау. Кварталiшiлiк су құбыры тораптары.

Бизнестiң жол картасы 2020 бағдарламасы аясында 2016 жылы жетiспейтiн инфрақұрылым бойынша Энергетика және ТҮКШ басқармасы 152,2 млн. теңге Целиноград ауданы Өтемiс ауылын электрмен жабдықтау желiлерi мен трансформаторлық кiшi станциясын реконструкциялау, 14,5 млн. теңгеге Ақкөл ауданы Красный Горняк ауылында туристiк базаны газбен жабдықтау бойынша үш жобаны iске асыруда, объектiлер пайдалануға берiлдi.

Бұланды ауданы Макинск қаласындағы өнiмдiлiгi 60 тонна бройлер құс фабрикасына инфрақұрылым тартуға 1,9 млрд. теңгенiң 400 млн. теңгесi 2016 жылы бөлiндi, алайда қаржылық бақылау органдарының конкурсты қайтаруына байланысты игерiлмедi. Қазiргi уақытта сот шаралары жүруде.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты ағымдағы және орташа жөндеу, ауылдарды, кенттердi, ауылдық округтердi абаттандыруға Ақмола облысының 10 ауданында, 23 ауылы мен кентiнде 39 жобаны iске асыруға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 142,7 млн. теңге бөлiндi, 124,3 млн. теңге или 87,1%-ы игерiлдi, мемлекеттiк сатып алу нәтижелерi бойынша үнемдеу 18,4 млн. теңге. Жұмыстар аяқталды: Ақкөл ауданында — 6 жоба, Аршалы ауданында –11 жоба, Атбасар ауданында — 2 жоба, Бұланды ауданында — 2 жоба, Бурабай ауданында — 7 жоба; Егiндiкөл ауданында — 3 жоба, Еңбекшiлдер ауданында — 2 жоба, Жарқайың ауданында — 2 жоба, Зерендi ауданында — 2 жоба, Қорғалжын ауданында — 2 жоба.

Республикалық бюжет қаражатынан БЖК 2020 бағдарламасы аясында қосымша «Шортанды кентi Пушкин көшесi бойындағы қоршауды ағымдағы жөндеу» жобасын iске асыруға қосымша 7, 2 млн. теңге бөлiндi, 100% игерiлдi, жұмыстар аяқталды.

Ұлттық қор қаражатынан «Целиноград ауданы Воздвиженка ауылында көше жарықтандыруды ағымдағы жөндеу» жобасын iске асыруға 27,0 млн. теңге бөлiндi, 100% игерiлдi, жұмыстар аяқталды.

2016 жылы ЩБКА дамыту кешендi жоспары аясында 10 жобаның Щучинск қаласында орталық қазандық құрылысы бойынша ТЭН және сумен қамсыздандыру және су бұру жобалары бойынша 9 жоба бойынша мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысы алынды. 2017 жылы объектiлердiң құрылысы үшiн қаражат бөлуге өтiнiм берiлдi. 2017 жылы республикалық бюджет қаражаты есебiнен сумен қамсыздандыру және су бұру жүйесiн дамыту бойынша 6 жобаға 2 203,3 млн. теңге қолдау тапты.

2016 жылы 107 елдi мекенге ауызсу беру бойынша қызметтер құнына 964,6 млн. теңге субсидия берiлдi.

Ақмола облысы энергетика және тұрғын үй
коммуналдық шаруашылық басқармасы

25.04.2017

Мақаланы құрған күні 25.04.2017 14:24
Мақаланы жаңартқан күні 01.06.2017 16:10
Қаралым саны: 633

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 индексі: 020000

Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі:
8 (7162) 29-72-00

Қабылдауға жазылу:
8 (7162) 29-72-43

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-71

Шығыс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-49

Кіріс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-44

Факс:
8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі: akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫШТЫ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы