Тұрғын үй құрылысы

2018 жылы әлеуметтiк құрылыс жобаларын iске асыру

2018 жылға әлеуметтiк саладағы 69 жобаны жүзеге асыру үшiн, бюджеттен 9 444,7 млн. теңге бөлiндi (РБ — 2589,1 млн.теңге, ОБ — 6 855,6 млн.теңге), оның iшiнде:

– 32 объектiнiң құрылысына — 8 035,994 млн.теңге (РБ — 2 589,1 млн.теңге, ОБ — 5466,9 млн.теңге) бөлiңдi.

Соның iшiнде мамыр айында 3 iрi әлеуметтiк объектiнiң құрылыстарын бастау жоспарлануда:

1.Көкшетау қ. онкология емханасының құрылысы (мердiгер «Еңбек-Өскемен» ШЖҚ РМК)

2.Биржан сал ауданы Макинка ауылында арнайы әлеуметтiк қызметтер көрсету орталығын салу (мердiгер «НИКС Инжиниринг Групп Ив» ЖШС)

3.Сандықтау ауданының Сандықтау қ. «Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №3 балалар үйi» МКМ ғимаратын реконструкциялау» (конкурстық рәсiмдер жүргiзiлуде).

Қалған 29 объект бойынша ағымдағы жылы жасалған шарттарға сәйкес пайдалануға беру жүргiзiледi.

Бұдан басқа, 37 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды әзiрлеуге облыстық бюджеттен 1 408,8 млн.теңге бөлiндi.

Тұрғын үйдi пайдалануға беру.

2018 жылдың 2 айы бойынша 106,426 мың м2 немесе 2017 жылдың деңгейiне қарағанда 94,9% тұрғын үй пайдалануға берiлдi. 2018 жылы барлық көздер бойынша тұрғын үйдi пайдалануға беру көлемi 430 мың м2.

Инженерлiк инфрақұрылым

2018 жылы 33,1 км инженерлiк желiлер салу жоспарлануда

Қаржыландыру

2017 жылы тұрғын үй құрылысы және инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым дамуы үшiн құрылыс басқармасына 8,5 млрд. теңге бөлiндi, соның iшiнде тұрғын үй құрылысына — 5,7 млрд. теңге (РБ-дан 1 529,253 млн.теңге және ОБ-дан 1030,746 млн.теңге, бағалы қағаздардың шығару есебiнен 3 121,758 млн.теңге) және инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына — 2,8 млрд. теңге (РБ — 1 574,570 млн. теңге, ОБ — 1 222,259 млн.теңге).

Ақмола облысының
құрылыс басқармасы

Құрылған күні: 16.04.2015 16:19
Жаңартылған күні: 11.04.2018 11:13
Қаралым саны: 2407

Қаз Рус Eng