A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қаз | Рус | Eng
Жер пайдалану

2017 жылғы 1 қыркүйекке
Ақмола облысының аумағында жер қатынастары саласының дамуы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы аумағының көлемi бойынша дүние жүзiнде 9 орында, ал республика бойынша бiздiң облысымыз 4 орында, Қазақстан Республикасының аграрлық өңiрлерiнiң бiрi болып табылады және республика астанасы Астана қ. шекаралас 3 ауданының болуын ескере отырып, облыста жер қатынастарының саласына ерекше рөл берiледi.

Жер ресурстары, бiздiң облысымыздың экономикалық құрылымында ерекше орын алады.

Бүгiнгi таңда, Ақмола облысы жер қорының ауданы 14,6 млн.га құрайды (Ерейментау ең үлкен аудан — 1765,8 мың га, ең кiшкентайы Көкшетау қаласы — 42,5 мың га).

Облыстың жер қоры құрылымында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер санаты 10782,2 мың га немесе 73,7% құрайды.

Облыстың жер қорының құрылымы:

- елдi мекендердiң жерi — 1325,4 мың га;

- өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметi, қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер — 144,9 мың га;

- ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi — 472,2 мың га;

- орман қорының жерi — 573,7 мың га;

- су қорының жерi — 199,4 мың га;

- бос жер — 1122,9 мың га.

1.Сауда-саттықтар (конкурс, аукциондар) арқылы жер учаскелерiн беру

Жерлердi ресурс ретiнде экономикалық айналымға тарту мәселесi, жерлердi ұтымды пайдаланудың маңызы факторларының бiрi болып табылады.

Сауда-саттық арқылы жер учаскесiн беру бюджеттi толықтыру үшiн ғана жақсы дереккөз болып табылмайды, ол осыдан бұрын iске қосылған жерлердiң тиiмдi пайдалануын қамтамасыз ететiн ең жақсы құралдардың бiрi болып табылады.

2017 жылдың өткен кезеңiнде (8 айдың қорытындысы бойынша) жергiлiктi атқарушы органдармен ауыл шаруашылық өндiрiсiн жүргiзу үшiн 5 конкурс өткiзiлдi, конкурстарды өткiзудiң нәтижесi бойынша ауыл шаруашылық айналымына жалпы алаңы 30,2 мың га 46 жер учаскесi тартылды.

17 аукцион өткiзiлдi, өткiзiлген аукциондардың қорытындысы бойынша ауданы 27 га 129 жер учаскесi 259 млн. теңгеге сатылды.

2.Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшiн жер беру

Бүгiнгi таңда, Ақмола облысы аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндiрумен барлау бойынша 176 келiсiмшарт қолданыста.

Анықтама: Ақкөл ауданы — 4, Астрахан — 4, Атбасар — 2, Аршалы — 37, Бурабай — 7, Егiндiкөл -1, Ерейментау — 11, Еңбекшiлдер — 5, Есiл — 3, Жарқайың — 3, Зерендi — 18, Қорғалжын — 4, Сандықтау -4, Целиноград — 60, Шортанды ауданы — 10, Көкшетау қаласы — 3.

Оның iшiнде белгiленген тәртiпте 135 жер учаскесi әзiрлендi, 41 жер учаскесi әзiрлеу сатысында.

Анықтама: Ақкөл ауданы — 4, Астрахан — 3, Атбасар — 2, Аршалы — 24, Бурабай — 6, Ерейментау — 9, Егiндiкөл — 1, Еңбекшiлдер — 3, Есiл — 3, Жарқайың — 1, Зерендi — 17, Қорғалжын — 4, Сандықтау — 4, Целиноград — 44, Шортанды — 8, Көкшетау қаласы — 1.

Бюджетке жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң өтемақысы ретiнде шамамен 74 млн. теңге төленгенiн атап өткен жөн, оның iшiнде 35 млн.теңге сот тәртiбiмен өтелдi.

Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшiн жер учаскелерiн беру бойынша жұмыс жалғасуда.

3.Соттық талап-арыз жұмысы

2017 жылғы 1 қыркүйектегi жағдай бойынша сот органдарымен 35,8 млн.теңгеге талап-арыз қанағаттандырылды.

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасымен 4 талап-арыз берiлдi, оның iшiнде 2 талап-арыз қанағаттандырылды, 2 жауапкерлермен соттық шешiм шығарғанға дейiн шарттар орындалды.

Сондай-ақ, шарттық мiндеттемелердi орындамауына байланысты, сот тәртiбiмен жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшiн жер учаскелерiнiң 2 жалдау шарты тоқтатылды, 1 сот өндiрiсiнде.

4.Мемлекеттiк қызметтердi көрсету

Облыстық және аудандық жер қатынастары органдарымен жер қатынастары саласында бекiтiлген мемлекеттiк стандарттардың жалпы саны 8 бiрлiк:

1) «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру»

2) «Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру»

3) «Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру»

4) «Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiнде жерге орналастыру жобаларын бекiту»

5) «Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту»

6) «Елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру»

7) «Сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекеттiк меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу»

8) «Бiр түрiне ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн беру туралы шешiм беру»

Барлық стандарттар бойынша тиiстi стандарттар әзiрлендi және бекiтiлдi. Олар, өз кезегiнде, облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметтердi көрсету мерзiмдерi мен тәртiбiн белгiлейдi.

5.Мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн алу

«Қала шетiне мүмкiндiгiнше жақын аудандарда Астана қ. жасыл аймағын тығыздау» туралы Елбасының 2011 жылғы 3 шiлдедегi № 01-7.7. тапсырмасына сәйкес, Астана қаласы мен Ақмола облысының әкiмдiктерiне Астана қ. жасыл аймағын қалыптастыру бойынша шараларды қабылдау туралы тапсырма берiлдi.

Бүгiнгi таңда, Астана қ. жасыл аймағын құруға елорданың қала маңындағы аудандарда орман екпелерiн отырғызуға 21,3 мың га жер учаскелерi алынды.

2017 жылы Бурабай ауданының орман алқаптары мен Астана қ. жасыл аймағын қосуға байланысты, Ақкөл ауданында жер учаскелерiн алу жұмыстары жоспарлануда.

Елбасының қатысуымен 2013 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кеңейтiлген отырысында берiлген тапсырма бойынша iс-шаралар жоспарын орындау үшiн «Астана-Өскемен» («Астана-Ерейментау-Шiдертi» учаскесi), «Астана-Алматы» (Астана-Темiртау» учаскесi) автокөлiк жолдарын реконструкциялау жоспарланды. Осыған байланысты Ерейментау, Целиноград, Аршалы аудандарының жергiлiктi атқарушы органдарымен мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн алу бойынша тиiстi iс-шаралар жүргiзiлуде. Бүгiнгi таңда тиiстi мақсаттарға 532,1 га жер алынды.

Мақаланы құрған күні 17.04.2017 15:07
Мақаланы жаңартқан күні 19.09.2017 09:55
Қаралым саны: 663

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 индексі: 020000

Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі:
8 (7162) 29-72-00

Әдеп жөнiндегi уәкiлi:
8 (7162) 29-73-54

Қабылдауға жазылу:
8 (7162) 29-72-43

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-71

Шығыс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-49

Кіріс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
8 (7162) 29-72-44

Факс:
8 (7162) 29-72-98

Электрондық пошта адресі: akim@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23

Яндекс.Метрика
@2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Астана қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Көкшетау қаласының әкімдігі

Степногорск қаласының әкімдігі

Ақкөл ауданының әкімдігі

Аршалы ауданының әкімдігі

Астрахан ауданының әкімдігі

Атбасар ауданының әкімдігі

Бұланды ауданының әкімдігі

Бурабай ауданының әкімдігі

Егіндікөл ауданының әкімдігі

Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

Ерейментау ауданының әкімдігі

Есіл ауданының әкімдігі

Жақсы ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданының әкімдігі

Зеренді ауданының әкімдігі

Қорғалжын ауданының әкімдігі

Сандықтау ауданының әкімдігі

Целиноград ауданының әкімдігі

Шортанды ауданының әкімдігі

ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫШТЫ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

Ақмола облысының мәдениет басқармасы

Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

Ақмола облысының дін істері басқармасы

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Ақмола облысының туризм басқармасы

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы