Жер пайдалану

Ақмола облысы жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен ағымдағы жылдың 1-тоқсанында жалпы ауданы 18700,0 га құрайтын 73 тексерiс(оның iшiнде 72-жоспардан тыс, 1-жоспарлы) жүргiзiлдi. Тексерiс қорытындысы бойынша жалпы ауданы 12592,5 га құрайтын (оның iшiнде ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша 12532,3 га)43 жер заңнамасы нормаларының бұзушылығы анықталды. Жалпы сомасы2млн 44 мың теңгенi құрайтын 24 әкiмшiлiк жаза қолданылды, оның iшiнде 1 млн 286 теңге теңге өндiрiлдi (63 %), сомасы 575 мың теңге сомасында салынған айыппұл құжаттары сот орындаушыларға мәжбүрлеп өндiруге жолданды.

ҚР Жер кодексiнiң 92,94-баптарына сәйкес, жер телiмдерiн нысаналы мақсатында пайдалану туралы жалпы ауданы 13 440,0 га құрайтын 27 ұйғарым жолданды.

Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 148-бабы,1-тармағындағы 4-тармақшасына сәйкес, 2018 жылдың бiрiншi тоқсаны бойынша Басқармамен, жер заңнамасының нормаларын бұзғаны үшiн жалпы ауданы 13,237 гектарға 33 талап-арыз берiлдi, оның iшiнде 1 талап-арыз қанағаттандырылды, жалпы алаңы 3 гектар, 0 талап арызсыз қалды, 3 талап-арыздан бас тартылған, қалған 29 iс сот органдарының қарауында.

- пайдаланылмайтын жер учаскелерiн мемлекеттiк меншiкке мәжбүрлеп алу бойынша сотқа 10 талап-арыз берiлдi, оның iшiнде ауданы 471,8 га жердегi 1 талап-арыз қанағаттандырылды, 2 талап арыз бойынша бас тартылды, 7 талап арыз қаралуда.

-жер учаскелерiн сату-сатып алу келiсiмшарттарының күшiн жою бойынша 2 талап-арыз берiлдi, оның iшiнде 1 талап-арыз қаралуда, 1 бас тарту;

- жер учаскелерiнiң жалға алу шарттарының күшiн жою бойынша 19 талап-арыз берiлдi, оның барлығы сот қарауында;

- әкiм өкiмiнiң күшiн жою бойынша 1 талап-арыз берiлдi, оның iшiнде 1 талап-арыз қаралу сатысында.

- сот орындаушының iс-әрекеттерi мен әрекетсiздiгiне шағымдану туралы 1 талап-арыз соттың қарауында.

2018 жылдың I жартыжылдығына арналған iрiктеп алынған тексерiстер тiзiмiне сәйкес, «Бурабай ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ қатысты iрiктелген тексерiс жүргiзiлдi.

Сонымен қатар, аудандардың прокуратура органдарымен бiрлесе отырып, Зерендi, Бурабай, Бiржан сал, Шортанды аудандары және де Көкшетау қаласының жергiлiктi атқарушы органдары және жер қатынастары бөлiмдерiне қатысты тексерiс iс-шаралары жүргiзiлдi. Тексерiс қорытындысы бойынша жоғарыда аталған аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарымен жiберiлген жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау мерзiмдерi бойынша заң бұзушылықтар анықталды.

Облыс әкiмi орынбасарының хаттамалық тапсырмасының негiзiнде, ағымдағы жылы Егiндiкөл, Есiл және Зерендi аудандарында «Ауыл және ауылдық округтер әкiмдерiмен жердi пайдалану мен қорғалуын мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру» тақырыбына семинар-кеңестер өткiзiлдi, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасы талқыланды.

Қазақстан Республикасы жер көлемi бойынша әлемде 9 орында, сонымен қатар бiздiң облысымыз Қазақстан Республикасы бойынша да сол орында. Республиканың аграрлық өңiрлерiнiң бiрi болып табылады және республиканың елордасы — Астана қ. шекаралас 3 ауданының болуын ескере отырып, облыста жер қатынастары саласына үлкен рөл берiлген.

Жер ресурстары — бiздiң облысымыздың экономикалық құрылымында ерекше орынға ие болады.

Бүгiнгi таңда, Ақмола облысының жер қоры 14 млн 613,2 мың га құрайды (облыстың ең үлкен өңiрi Ерейментау ауданы — 1765,8 мың га, ең кiшкентай өңiр Көкшетау қ. — 42,5 мың га).

Облыстың жер қорының жалпы құрылымында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 74 % немесе 10817,7 мың га құрайды.

Жер қорының құрылымы, жалпы алғанда келесiдей:

- елдi мекендердiң жерлерi — 1321,3 мың га;

- өнеркәсiп, көлiк, байланыс және ауыл шаруашылығының мақсатына жатпайтын өзге де жерлер — 144,9 мың га;

- ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi — 472,2 мың га;

- орман қорының жерлерi — 572,9 мың га;

- су қоры жерлерi — 199,4 мың га;

- босалқы жерлер — 1083,8 мың га.

1.Сауда-саттықтар (конкурс, аукциондар) арқылы жер учаскелерiн беру

Жерлердi ресурс ретiнде экономикалық айналымға тарту, жерлердi ұтымды пайдаланудың маңызды факторларының бiрi болып табылады.

Сауда-саттықтарды өткiзу жолымен жер учаскелерiн беру, бюджет толықтырылуының жақсы көзi болуымен қатар, бұған дейiн тартылмаған жерлердi ұтымды пайдаланудың барынша жақсы құралының бiрi болып саналады.

2018 жылдың өткен кезеңiнде аудандар мен қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарымен жерлердi ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзуге беру үшiн 3 конкурс өткiзiлдi, олардың қорытындылары бойынша ауыл шаруашылығының айналымына 16,8 мың га ауданымен 22 жер учаскесi тартылды.

Сонымен қатар, 3 аукцион өткiзiлдi, оның қорытындысы 45 млн.теңге сомасына 15 га ауданымен 35 жер учаскесi сатылды.

2.Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшiн жер беру

Бүгiнгi таңда, Ақмола облысы аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру мен барлау бойынша 180 келiсiмшарт қолданыста.

Анықтама ретiнде: Ақкөл ауданы — 4, Астрахан — 6, Атбасар — 2, Аршалы — 40, Бурабай — 9, Егiндiкөл — 1, Ерейментау — 8, Бiржан сал — 5, Есiл — 3, Жарқайың — 3, Зерендi — 19, Қорғалжын — 3, Сандықтау — 3, Целиноград — 58, Шортанды ауданы — 12, Көкшетау қаласы — 4.

Оның iшiнде белгiленген тәртiпте 131 жер учаскесi әзiрлендi, 49 жер учаскесi әзiрлеу сатысында.

Анықтама ретiнде: Ақкөл ауданы — 4, Астрахан — 3, Атбасар — 2, Аршалы — 24, Бурабай — 6, Ерейментау — 7, Егiндiкөл — 1, Бiржан сал — 3, Есiл — 3, Жарқайың — 2, Зерендi — 17, Қорғалжын — 3, Сандықтау — 3, Целиноград — 42, Шортанды — 9, Көкшетау қаласы — 2.

Бюджетке жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң өтемақысы ретiнде шамамен 108,4 млн. теңге төленгенiн атап өткен жөн, оның iшiнде 35 млн.теңге сот тәртiбiмен өтелдi.

Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшiн жер учаскелерiн беру бойынша жұмыс жалғасуда.

3.Соттық талап-арыз жұмысы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасымен жер учаскесiн жалға беру шартын бұзу туралы 4 талап-арыз берiлдi, оның iшiнде 4 талап-арыз қанағаттандырылды.

4.Мемлекеттiк қызметтердi көрсету

Облыстық және аудандық жер қатынастары органдарымен жер қатынастары саласында бекiтiлген мемлекеттiк стандарттардың жалпы саны 10 дана:

1) «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру»

2) «Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру»

3) «Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру»

4) «Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiнде жерге орналастыру жобаларын бекiту»

5) «Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту»

6) «Елдiмекеншегiнде объект салу үшiнжеручаскесiн беру»

7) «Сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекеттiк меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу»

8) «Бiр түрiне ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн беру туралы шешiм беру»;

9) «Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау»;

10) «Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру».

Барлық стандарттар бойынша тиiстi регламенттер әзiрленiп бекiтiлдi. Олар, өз кезегiнде, облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметтердi көрсету мерзiмдерi мен тәртiбiн белгiлейдi.

5.Мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн беру

«Қала шетiне мүмкiндiгiнше жақын аудандарда Астана қ. жасыл аймағын тығыздау туралы» Елбасының 2011 жылғы 3 шiлдедегi №01-7.7 тапсырмасына сәйкес, Астана қаласының және Ақмола облысының әкiмдiктерiне Астана қ. жасыл аймағын құру бойынша шара қолдану туралы тапсырма берiлдi.

Бүгiнгi таңда, Астана қ. жасыл аймағын құруға елорданың қала маңындағы аудандарында орман екпелерiн отырғызуға 21,3 мың га жер учаскесi алынды.

Ағымдағы жылы Ақмола облысы әкiмдiгiмен ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi комитетiне Ақкөл ауданы ормандарын Астана қ. жасыл аймақпен үздiксiз тiзбектi отырғызуын бiрлестiрiп жасау бойынша Ақкөл (20 140,1 га), Целиноград (6410 га) және Шортанды (7 000 га) аудандырының аумақтарынан жалпы көлiмi 33550,1 гектар iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн ұсынылды.

Бүгiнгi таңда жүргiзiлген жұмыстар бойынша Ақкөл ауданында алуға жататын ауданы 106 га жер учаскесi анықталды. Ақкөл ауданының жергiлiктi атқарушы органымен мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн алу бойынша тиiстi жұмыс жүргiзiлуде.

Елбасының қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 23 қаңтарда өткiзiлген кеңейтiлген отырысында берiлген тапсырмасы бойынша iс-шаралар жоспарын орындау үшiн «Астана-Өскемен» («Астана-Ерейментау-Шiдертi» учаскесi), «Астана-Алматы» (Астана-Темiртау» учаскесi) автокөлiк жолдарын реконструкциялау жоспарланды. Осыған байланысты, Ерейментау, Целиноград, Аршалы аудандарының жергiлiктi атқарушы органдарымен мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн алу бойынша тиiстi iс-шаралар жүргiзiлдi. Бүгiнгi таңда, тиiстi мақсаттарға 532, га жер алынды.

Құрылған күні: 17.04.2017 15:07
Жаңартылған күні: 20.04.2018 17:43
Қаралым саны: 3292

Қаз Рус Eng