A- A A+
Ақмола облысының
ресми интернет-ресурсы
Қаз | Рус | Eng
2017 жылғы қысқы Универсиада

2017 жылғы қысқы Универсиада

Бас ақпараттар:

  • Алматыдағы 2017 жылғы қысқы Универсиадаға55 елден 2 мыңға жуық спортшы қатысады.
  • Жарысты ұйымдастыруға 3 мың ерiктi жұмылдырылады (шет ел мен Қазақстанның әр өңiрлерiнен).
  • Жарыс уақытында 30 мыңға жуық шет елдiк қонақ пен турист келедi деп күтiлуде.
  • Алматы — студенттер қаласы.Қазақстанның әрбiр 4-шi студентi оңтүстiк астанада бiлiм алуда.
  • Қысқы Универсиаданы 80 елден 1 млрд адам телеарналардан тамашалайды.

Спорттық бағдарлама:

2017 жылдың 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында 28-шiБүкiләлемдiк қысқы Универсиада болады. 2017 жылғы қысқы Универсиада 12 спорт түрiнен өтедi:

  • биатлон,
  • шаңғы спорты,
  • кёрлинг,
  • коньки спорты,
  • шаңғы қоссайысы,
  • шаңғымен жарыс,
  • шаңғыментұғырдан секiру,
  • сноуборд,
  • мәнерлеп сырғанау,
  • фристайл,
  • шайбалы хоккей,
  • шорт-трек.

Жарыс 8 спорт нысанында өтедi: «Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайы, «Медеу» спорт кешенi, «Сұңқар» шаңғы трамплиндер кешенi, Б.Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, «Алатау» шаңғы-биатлон кешенi, Мұз сарайы, Мұз аренасы және Алматының орталығындағы уақытша спорт кешенi. Универсиада тарихында бiрiншi ретспортшылар жарыс уақытында тұратын Атлеттер қалашығы болмақ.

Спорт нысандар құрылысы:

Универсиада нысандарының ашылуы — 12 мың орынды Мұз аренасы, 3 мың орынды Мұз сарайы және Атлеттер қалашығы — Алматы қаласының 1000 жылдығын тойлауға арналған жылы, яғни 2016 жылдың тамыз айында өтедi. Әлемдегi экономикалық тұрақсыздыққа қарамастан, құрылыс жұмыстары дәл уақытында аяқталады.

Алматы қаласында болатын Универсиада — ең бiрiншiден, қаладағы бұқаралық спорттың дамуына жаңа күш беретiн және қала тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ететiн әлеуметтiк жоба. Универсиаданың 3 спорт нысанын қазақстандық құрылыс компаниялары жүргiзуде.

Универсиаданың жаңадан бой көтерiп жатқан спорт нысандары 2016 жылдың 30 тамызында өткiзiледi. Биылғы жылдың 28-шi наурызында Медеу ауданындағы сырғанау алаңы өткiзiлдi, ал шiлденiң 6-сында бас аренаның, әкiмшiлiк ғимараттың құрылысы және аймақтың абаттандыру жұмыстары аяқталады. Одан бөлек, әкiмшiлiк ғимараттың, бассейннiң, 12 мың орынды Мұз аренасының құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, ал негiзгi блок 2016 жылдың мамырдың 9-ында тапсырылады. Атлеттер қалашығы алаңының абаттандыру жұмыстары тамыздың 1-iнде аяқталады.

Жарыс алдында барлық спорт нысандары халықаралық дәрежедегi жарыстарды өткiзе алатындығын растайтын халықаралық сертификациядан өтедi. Қазiргi уақытта Алматыдағы «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешенi сертификациядан өттi. Универсиада алдында спорт нысандарында 2016 жылдың күзiнен бастап тестiк жарыстар болады.

Қазiргi таңда 5000 адамға арналған, жарыс уақытында спортшылар тұратын Атлеттер қалашығының құрлыс жұмыстары жүргiзiлуде. Атлеттер қалашығында әлеуметтiк инфрақұрылым (кафе, ресторандар, емханалар, банк бөлiмшелерi жәнет.б.)жақсы дамып, көлiк торабы кеңейтiледi. Бұл Алматы қаласы Алатау ауданының дамуына қосымша мультипликатифтi күш бередi.

12 000 және 3 мың адамға арналған Мұз кешендерi Универсиаданың ескерткiштерi болып қалмақ. Болашақта жыл сайын 800 мың көрермендi қабылдай алатын Қазақстанның iрi спорт

Мұз сарайы ең бiрiншi рет өз жұмысын 2017 жылғы қысқы Универсиада кезiнде бастайды. Ареналар, студенттiк ойындар аяқталғаннан кейiн де қолдануға болатындай мақсатпен арнайы жасалған. Универсиаданың ашылу және жабылу салатанаты, керлинг, мәнерлеп сырғанау жарыстары осында өтедi. Мұз сарайы кәсiпқой спортшылар дайындық жасауға келетiн спорттық нысан болады. Аренаның мүмкiндiктерiн кез-келген адам қолдана алады. Қазақстандық кәсiпкерлердi қолдау мақсатымен бұл нысанда өнiмдi сақтау мен қызмет көрсету саласындағы қазқамту 50 пайызды құрайды. Құрылыс жұмыстарын «Базис» құрылыс компаниясы жүргiзуде. Құрылыс жұмыстарына 1500 қазақстандық жұмылдырылған.

Мұз аренасы

2017 жылғы 28-iншi Бүкiләлемдiк қысқы Универсиада уақытында Мұз аренасы ерлер арасында шайбалы хоккейден жарысты қабылдайды. Спорт кешенi көп функциялы. Мұз аренасы 3000 көрермен сиятын трибунадан және 300 көрерменге арналған кiшi аренадан тұрады. Бұл жер волейбол, баскетбол, шағын футбол жәнет.б. спорт түрлерi алаңына трансформациялана алады. Қазақстандық кәсiпкерлердi қолдау мақсатымен бұл нысанда өнiмдi сақтау мен қызмет көрсету саласындағы қазқамту үлесi 51 пайызды құрайды. Құрылыс жұмыстарына «Азия Жаңа Арена» құрылыс компаниясы қатысуда. Құрылыс жұмыстарына 1200 қазақстандық және 80 отандық компания жұмылдырылған.

Атлеттер қалашығы

Қысқы Универсидалар тарихында бiрiншi рет Атлеттер қалашығы болмақ.

Атлеттер қалашығы 8-9 қабатты 8 ғимараттан және 14 қабатты 4 ғимараттан, орталық алаңнан, 800 орынды асханадан, бассейн, медициналық орталықтан, кинотеатр және тұрмыстық қызмет көрсететiн бөлмеден, 2 қабатты, инфрақұрылысы дамыған, Универсиадаға қатысушыларға қызмет көрсететiн платформадан тұрады.Қазақстандық кәсiпкерлердi қолдау мақсатымен бұл нысанда өнiмдi сақтау мен қызмет көрсету салсындағы қазқамтудың үлесi 50 пайызды құрайды. Құрылыс жұмыстарына «Элитстрой» құрылыс компаниясы қатысуда. Құрылыс жұмыстарына 2000 қазақстандық құрылысшы жұмылдырылған.

2017 жылғы Қысқы Универсиаданың бюджетi:

2015 жылдың күзiнде Универсиаданың бюджетi 2 есеге қысқарды — 32-ден 17 млрд теңгеге дейiн. Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаттары, «Мәдени Универсиада» жобасы,халықаралық PR және маркетинг, көлiк шығыны (жалға алудан бас тарту), эстафета алауы, тестiк жарыстар шығыны қысқарды.

17 млрд теңгенiң 50%-ынқазақстандық тауарлар, жұмыстар және қызметтер құрайды.

Универсиада бюджетiнiң басты бөлiгi — халықаралық телетрансляция шығыны, хронометраж бен нәтиже көрсету. Бұл қызметтердi FISU-дың талабы бойынша iрi шетелдiк компаниялар көрсетедi.

Универсиада уақытында туристер мен серiктестер табу:

2017 жылы Алматы қаласында өтетiн 28-iншi Бүкiләлемдiк қысқы Универсиаданы шет елде таныту үшiн бiрнеше мерекелiк шара өтедi.

ҚР елшiлiгiмен тығыз қарым-қатынас орната отырып, 2017 жылғы қысқы Универсиаданы шет елдерге танытып, Алматы қаласын халықаралық қысқы туризмнiң орталығы ретiнде таныстыруда. Туризмдi жоспарлау мен Алматы қаласы әкiмдiгiнiң бiрiгiп жұмыс жасауы нәтижесiнде бiр жылда Универсиаданың мүмкiндiктерi шет елдiң халықаралық iрi 30 көрмесiнде айтылады.

Одан бөлек, шет елде Road Show ұйымдастыру көзделiп отыр. Мысалы, Үндiстанның 8 қаласында (Дели, Мумбай, Хайдарабад, Ченнай, Бенгалуру, Пондичерри, Ахмадабад, Коччи) 2017 жылғы 28-iншi Бүкiләлемдiк қысқы Универсиаданың туристiк мүмкiндiктерi таныстырылады.

2017 жылғы қысқы Универсиаданы өткiзуге серiктерстер тарту мақсатында маркетингтiк бағдарлама жүзеге асырылуда. Тұрақты демеушiлерге «алтын», «күмiс», «қола» жарнамалық пакеттерi дайындалған.

Универсиада символикасы:

2017 жылғы қысқы Универсиаданың ұраны — «Қанатыңды кең серпi!», жас спортшыларды спорттың биiк шыңын бағындыр дегендi бiлдiредi.

Универсиаданың кез-келген логотипiнде FISU эгидасы бойынша жүргiзiлiп жатқан, мiндеттi элемент латын U әрпi болуы шарт.

2017 жылғы қысқы Универсиада логотипi жайылып тұрған құс қанаты бейнесiнде: солдан жоғары көтерiлiп тұрғаны биiктiктi және шыңды бағындыру деген мағынаны бiлдiредi.

 

 

 

 

2017 жылғы қысқы Универсиада талисманы Сұңқар құсы. Қазақ даласындағы мықты, еркiндiк сүйгiш, жылдамдық пен ұшудың, жылдамдық пен энергияның және жеңiске жетудегi зор талаптың белгiсi. Яғни, жас спортшылардың бойындағы қасиеттердiң барлығы.

 

 

 

 

 

 

Қазақстан құрамасының Универсиадаға қатысуы:

Универсиада — Халықаралық студенттер спорты Федерациясының(FISU) қанаты астында өтетiн, халықаралық студенттер арасындағы жарыс. Универсиада 50 жылдан берi әлемдiк спорт аренасында маңыздылығы бойынша екiншi орында. Жарысқа 17-ден 28 жас аралығында студент-спортшыларғақатысуға рұқсат етiлген.

Қазақстан Универсиадаға 1993 жылдан берi қатысып келе жатыр. Осы жылдар iшiнде 700 спортшы қатысып, 125 медаль иемденген.

Қазақстандық сопртшылар үшiн 2015 жылғы қысқы Универсиада ең нәтижелi болды. Құрама бiрiншi рет жылпы есепте 3-шi орын алды (5 алтын, 6 күмiс).

Жазғы Универсиадаға қатысқанда ең нәтижелi деп, 2007 жылғы Бангкоктағы Универсиаданы айта аламыз. Спортшыларымыз 14 медаль алды (11 орын).

2011 жылдың 29-шы қарашасында Халықаралық студенттер спорты 2017 жылы Алматы қаласын 28-шi Бүкiләлемдiк Қысқы Универсиаданы өткiзетiн қала деп таныды.

2017 жылдың 29-шы қаңтары мен ақпанның 8-i аралығында Алматы қаласында 28-iншi Бүкiләлемдiк Қысқы Универсиада өтедi. Қазақстанда спорттық шараларды өткiзуде тәжiрибе бар: 2011 жылы 7-шi Азия ойындары Алматы және Астана қалаларында өттi.

Қазақстан ТМД елдерi арасында бiрiншi болып Қысқы Универсиаданы өткiзбек(2013 жылы жазғы Универсиада Қазан қаласында, 2019 жылы қысқы Универсиада Красноярск қаласында өтедi).

2015 жылдың желтоқсан айында Халықаралық студенттер спорты Федерациясының президентi Олег Матыцин бастаған делегацияАлматының Универсиаданы өткiзуге дайындығы жақсы деген баға берiлген.

Универсида ерiктiлерi

Алматы қаласында өтетiн 2017 жылғы 28-iншi Бүкiләлемдiк қысқы Универсиадаға 3000 ерiктi жұмылдырылады. Олардың 100-i халықаралық, тағы 100-i Қазақстанның әр аймақтарынан. Ерiктi болғысы келетiн әр азаматalmaty2017.com ресми сайтында өтiнiш қалдыруына болады.Өтiнiштердi қабылдау 2016 жылдың желтоқсан айына дейiн созылады.

2016 жылдың қазан айы мен 2017 жылдың қаңтар айларында таңдалған ерiктiлер тренингтен өтедi.

Одан бөлек, нысандарда да оқыту жұмыстары жүргiзiледi:

  • экскурсия жүргiзу;
  • нысанды танып-бiлу мақсатында квест ұйымдастыру;
  • нысандарда қауiпсiздiк сақтау бойынша оқыту жұмыстары.

Универсиаданың мұрасы:

Алматы қаласында Универсиаданы өткiзiп болған соң, қысқы спорт түрлерiнен халықаралық жарыстарды ұйымдастыруға болатын дамыған спорттық инфрақұрылым қалады. Барлық спорт нысандары жарыс аяқталған соң Алматы қаласының тұрғындарына қолданысқа берiледi. Ол жерлерде қазақстандық және шетелдiк спортшылар жаттығу, дайындық жұмыстарын жүргiзе алады.

1. Атлетикалық қалашық, Алатау ауданы

Кешеннiң жалпы ауданы — 153 916 ш.м, оның iшiнде:

124 902 ш.м — студенттержатақханасы және 10 000 адамға арналған эконом-класстағы баспана;

29 014 ш.м — комменциялық және әлуметтiк-мәдени мәндегi бөлiмше

Коммерциялық аймақ 2-3 қабатты блоктарға бөлiнiп, мынадай функциялар атқаруға қолданылады:

  • Олимпиадаға дайындық орталығы
  • Емхана
  • Фитнес-орталық
  • Банк бөлiмдерi, пошта бөлiмдерi, тұрмыс үйi
  • Сән салоны
  • Дүкен, кафе
  • Полиция бөлiмшесi
  • ХҚКО
  • Салтанат сарайы бар ресторан

2. 12 000 адамға арналған Мұз сарайы, Алатау ауданы

Жалпы ауданы — 72 668 ш.м, оған:

  • 12 000 көрерменге арналған көп функциялы арена (тек қысқы спорт түрлерiнен жарыс өтiп қана қоймайды, сонымен қатар, жазғы спорт түрлерiнен, концер, шоу өткiзуге болады)
  • дайындық жасайтын сырғанау алаңы
  • дене шынықтыру кешенi, 7 спорт залы, массаж жасау кабинетi мен саунасы бар
  • 2 бассейнi (ересектерге, балаларға) бар аква-центр
  • фудкорт
  • конференц-зал, спорттық ұйымдар мен клубтардың кеңселерi

3. 3000 адамға арналған Мұз аренасы, Медеу ауданы

Жалпы ауданы — 59 085 кв.м, оған

  • 3000 көрерменге арналған бас арена
  • дайындық жасайтын сырғанау алаңы
  • фудкорт
  • конференц-зал, спорттық ұйымдар мен клубтардың кеңселерi
  • жер асты және жер үстi көлiк тұрағы

Универсиада жаңалықтары (наурыз 2016)

  1. Брюссельде FISU-дың атқарушы комитетi жиналысы болды. Жиналыс уақытында Алматы қаласындағы 2017 жылғы қысқы Универсиаданы ұйымдастыру және өткiзу бойынша дирекция директоры Әсет Абдуалиев спорт нысандарының құрылысы мен алдағы жарысқа дайындығы жайлы айтты. http://almaty2017.com/ru/fisu-executive-committee-meeting/
  2. 2017 жылғы қысқы Универсиада дирекциясы Алматы қаласы тұрғындарына арнап бұқаралық спорт ұйымдастырды. Салауатты өмiр салтын ұстану мақсатымен тауға жаяу көтерiлу ұйымдастырылды. Наурыз бен сәуiр айлары аралығында әрбiр сенбiде Тұңғыш Президентi саябағында фитнес-тренер Бауыржан Кариповтың басшылығымен тегiн спорт жаттығулары өтедi. http://almaty2017.com/ru/2017-zhylgy-kysky-universiadadirekciyasyn/
  3. Үндiстанның 8 қаласында (Дели, Мумбай, Хайдарабад, Ченнай, Бенгалуру, Пондичерри, Ахмадабад, Коччи)2017 жылғы 28-iншi Бүкiләлемдiк қысқы Универсиаданың туристiк мүмкiндiктерi таныстырылады. Үндiстанның өкiлдерi Алматы қаласында болып, спорт нысандарымен танысты. http://almaty2017.com/ru/%D2%AFndistannyn-8-kalasynda-universiadan/
  4. Алматы қаласының әкiмi қысқы Универсиаданың спорт нысандарықұрылысымен танысты. Алматы қаласының әкiмi Бауыржан Байбек Мұз сарайы, Мұз аренасы, Атлеттер қалашығының құрылысмен танысты.
  5. 2017 жылғы қысқы Универсиада туы Аконкагуа шыңына тiгiлдi. Атақты қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев пен велосипедпен әлемге саяхат жасайтын Мағжан Сағымбаев Оңтүстiк Американың ең биiк нүктесi — Аконгагуа шыңын бағындырды (теңiз деңгейiнен 6962 м биiктiкте). http://almaty2017.com/ru/flag-zimney-universiady-2017-vodruzili-n/
  6. Қазақстандық керлингшiлер 2017 жылғы қысқы Универсиадаға дайындық үстiнде. Спортшылар Оңтүстiк Кореяда дайындық жасауда. ҚР-ның керлингтен бас бапкерi  — Виктор Ким шетелдегi дайындықтары жайлы айтты. http://almaty2017.com/ru/kazakhstanskie-kerlingisty-gotovyatsya/
  7. Ерлер мен әйелдер арасында тұғырдан секiруден Алматы қаласында өткен Әлем Кубогi өз мәресiне жеттi. Бұл Универсиада алдындағы тесттiк мәнге ие жарыс болды. Ақпан айының 26-28 аралығында «Сұңқар» шаңғы трамплиндер кешенiнде трамплиннен секiруден әлем кубогының қысқы кезеңi өттi. http://almaty2017.com/ru/almatydagy-tugyrdan-shangymen-sekiru/

Комментарии

Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) өкiлдерi

Олег Матыцин, Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) Президентi: «Универсиадаға дайындық барлық бағытта жүрiп жатыр. FISU тарапынан бағдарламаны жүзеге асыруда ескертпелер жоқ. Қазақстанда спорттық инфрақұрылым жедел дамыуда. Қазақстан Республикасының Президентi, ел Үкiметi, Алматы әкiмдiгi, спортқа бей-жай қарап жатқан жоқ. Универсиада- Қазақстан үшiн әлеуметтiк жоба екенiн аңғарып отырмыз. Яғни, Қазақстан жарыстарды құр өткiзiп қоймай, Универсиада аяқталғаннан кейiн барлық спорт нысандарының халықтың пайдасына жарауын ойлағаны қуантады.

Аса жауапкершiлiк Алматы қаласына түсiп тұр. Өйткенi бұл шахарда барлық сайыстар өтедi. Сол себептi Халықаралық федерация мен Алматы әкiмшiлiгiнiң, қалалық Дирекциямен бiрлесе жұмыс туралы мәселерге назар аудардық. Бiз Алматы әкiмшiлiгiне ризашылығымызды бiлдiремiз, өйткенi олар осы жоба арқылы Алматыны әлемге танытуды көздеп, шетелдiк компанияларды тартып жатыр. Бiз бұл спорттық оқиғаны Алматы 2011 жылы қабылдаушы қала болып шешiлгеннен бастап күтiп жүрмiз. Бiз Алматыдағы Универсиада болашақтағы Универсиадаларға үлгi болады деп сенемiз. Универсиадаға дейiн көп уақыт қалған жоқ. Дегенмен бiраз жұмыстар атқарылды. Дайындық FISU бекiткен жоспар бойынша жүрiп келедi».

Милан Августин, Қысқы универсиадалар FISU директоры:

«2017 жылғы қысқы Универсиада нысандарының керемет үлгiде екенiне көз жеткiзгенбiз. Мұз сарайына мұз төсеу үшiн ең озық технологиялар қолданылуда. Универсиадаға салынып жатқан нысандар, спорттың дамуына үлкен рөл атқармақ. Бiрiншi рет Универсиада ойындарына арналып, Атлетикалық қалашық салынып жатыр. Бұл жерде жарыс кезiнде 5000 адам орналастырылады. Алматыдағы Универсиада, бұрыңғылардан әлдеқайда өзгерек болмақ».

Алматыдағы қысқы Универсиадаға қатысуға аккредтелген шетелдiк студенттер спорты федерацияларының өкiлдерi:

Австрия студенттер спорты федерациясының бас хатшысы Манфред Пфайфер:«Дәл осы уақытта қысқы спорт түрлерiнiң спортшылары жарыстарда жүр. Бiздiң спортшылар келер жылғы Алматыда өтетiн Универсиадаға тыңғылықты сақадай-сай дайын болады деп есептеймiн. Универсиаданы ұйымдастыру комитетiнiң бiздер орналасатын Атлетикалық қалашық салып жатқанына дән ризамыз. Барлық спорт нысандары бiздерге жоғарғы нәтиже көрсетуiмiзге мүмкiндiк бередi деп есептеймiн.

Ауғанстан студенттiк спорты федерациясының бас хатшысы Вахидулла Хамиди: «Бiз қысқы Универсиаданың деңгейi жоғары болады деп есептеймiз. Студенттер ойынында бiздiң елдiң атынан 3 спортшы бақ сынайды. Олардың бiреуi ер, екеуi қыз бала. «Көптеген адамдар Ауғанстандағы Бамиан провинциясын қысқы спорттың аймағы деп бiледi. Сондықтан Бамиан провинциясынан жарысқа қатысушы делегацияны жасақтадық.

Бүкiләлемдiк қысқы Универсиада-бiздер үшiн iрi жарысқа қатысуға таптырмайтын мүмкiндiк. Универсиада ойындары, Олимпиададан кейiнгi екiншi iрi жарыс. Сондықтан оның бәсi өте жоғары».

Ұлыбритания университеттерi мен колледждерi одағының өкiлi Нил Роджерс: «Қазiр бiз студент спортшыларды жан-жақты iрiктеудi бастадық. Сыннан сүрiнбегендер, келер жылы Алматыда өтетiн қысқы Универсиадаға барады. Бiз Ұлыбританияның барлық спорт федерацияларымен тығыз қарым-қатынастамыз. Олар бiздерге жаттығу жұмыстарына көмек қолын созуда. Хоккейден ерлер құрамасы 29-шы қаңтар күнi, 2017 жылғы қысқы Универсиадаға тура бiр жыл қалған уақытта дайындықтарын бастап кеттi. Алматыдағы қысқы ойындарға Ұлыбритания атынан 90 спортшы келедi деп жоспарланған. «FISU қанаты астындағы Универсиада ойындары- жауапты әрi қызықты, жоғары деңгейлi жарыс. Бiз Алматыдағы қысқы ойындарды асыға күтудемiз. Қазақстанның мәдениетiмен, халқымен жақынырақ танысқымыз келедi. Бұған дейiн Универсиада ойындары өткен Трентино (2013) мен Гранада (2013) қалалары Ұлыбританияға жақын болғандықтан, спортшылар үшiн аса таңсық болмаған. Ал, Алматыдағы жарыс бiздерге өте қызыққа толы болмақ.Ұлыбритания құрамасы Универсиадаға қатысушылардың барлығына ұмытылмастай қызықты сәттер тiлейдi. «Бiз 2017 жылғы Универсиадада, 2018 және 2022 жылғы Олимпиададағы негiзгi қарсыластарымызбен жолығуға асықпыз».

Германия студенттiк спорты федерациясының бас хатшысы Кристов Фишер: «Барлық спортшылар мен Германия спорт федерацияларының өкiлдерi Алматыға баруды асыға күтуде. Бiз Алматыдағы барлық қарлы әрi мұзды спорттарға арналған нысандардың озық екенiне тәнтiмiз.

Спорт нысандарының Атлетикалық қалашыққа жақын орналасуы Алматыдағы Универсиаданың өзгелерге ұқсамайтынын аңғартады. Барлық спортшылар мен спорт делегаттары 2017 жылғы Универсиаданы ұзақ есiнде сақтайтын болады.

Германия құрамасы сапында 40 атлет бар. Олар Универсиада алдында 2015/2016 қысқы маусымында өз тәжiрибелерiн арттыруда. Олардың кейбiреулерi Әлем кубоктары мен Еуропа және ұлттық серияларда өнер көрсеттi.

Бiз барлық спортшыларға тек сәттiлiктер тiлеп, әлем спортшылары бiр-бiрiнен үйренерлерi көп деп үмiттенемiз.Алматыдағы iрi додада спортшылар дiн, дiл, ұлт демей, барлығы бiр атаның балаларындай күй кешедi деп ойлаймыз».

Оңтүстiк Корея Олимпиада комитетi директорының орынбасары Чхве Мин Ген: «Бiз Алматыға келудi, қала туралы көптеп бiлiп, Қазақстанда естен кетпес оқиғаларды бастан кешiрудi тағатсыздана күтiп жүрмiз. Бiз дәстүрлерiмiз жайлы ақпарат алмасып, Алматыда үлкен тәжiрибе жинақтаймыз деп үмiттенемiн. Оңтүстiк Корея елiнен нақты қанша спортшының жарысқа қатысатыны белгiсiз, дегенмен 150-ге жуық спортшы Алматыға келедi деп жоспарлап отырмыз. Бiз Алматыдағы Универсиада жарысының жақсы ұйымдастырылатына сенемiз және ұйымдастырушы комитет пен ерктiлердiң көмегiне үмiт артамыз. Оңтүстiк кореялық спортшылар барлық қатысушыларға сәттiлiк тiлейдi, әртүрлi дiни-наным, әдет-ғұрыптағы спортшылармен етене араласып, жаңа достарды табуға үмiттенедi».

Латвия студенттiк спорт федерациясы: «Бiз бобслей, хоккей, кёрлинг, шаңғы спорт түрлерiне әуеспiз. Сондықтан дәл осы спорт түрлерiнен Универсиадаға қатысқымыз келедi. Дәл қазiр бiзге қаражатпен көмектесетiн демеушi табу мiндет болып тұр. Өйткенi шағын елдер үшiн бiр хоккей клубын шетеодiк жарысқа апару ауыр тиедi. Сондықтан бiзге демеу көрсететiндер табылса, тек қуанамыз. Бiз Алматыдағы Универсиада ойындарына хоккей командамыз бен басқа да спортшыларымызды алып келгiмiз келедi.

Универсиадаға қатысушылардың барлығына алдына мақсат қойып, соған жетуiне тiлектеспiз.

Моңғолия студенттер спорты федерациясының өкiлi: «Алматыда өтетiн Универсиадаға 38 спортшы және Моңғолияның 24 ресми өкiлдерi барады деп жоспарлап отырмыз.

Бұл бiздiң спортшыларымыз үшiн қуанышты жағдай. Алматы Моңғолияға жақын орналасқандықтан, әуе билеттерi аса қымбатқа түспейдi, сондықтан бiз барынша көп спортшымызды әкелмекпiз.

Жарысқа қатысушылардың барлығына ақ жол тiлеймiз. Универсиада — арманыңды жүзеге асыратын дода».

Чехия студенттер спорты едерациясының Президентi Франтишек Дворак: «Бiз барлық спортшылар мен делегаттардың Атлеттер қалашығына орналасатынына қуанып отырмыз, себебi бұл өте ыңғайлы. Бұған дейiн қысқы Универсиада тарихында Атлеттер қалашығы болмаған.

Жарысқа Чехиядан 137 студент-спортшы келедi. Бiз Алматыдағы студенттер ойыны абыроймен өтетiнiне сенiм бiлдiремiз».

Швейцарияның студенттiк спорт федерациясының бас хатшысы Сесиль Бюссе: «Бiздi Алматыда өте қызық жарыс күтiп тұр деп ойлаймыз. Бұған дейiн бiздiң жолымыз Қазақстанға көп түспедi. Бiз дода өтетiн елмен жақынырақ танысқымыз келедi. Сондықтан келер жылды асыға күтемiз.

Бүгiнгi таңда Швейцарияның жас спортшылары өздерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жолында ұлттық және халықаралық жарыстарға етене қатыса бастады. Келер жылғы қысқы Универсиада ойындарына дейiн олар тыңғылықты дайын болады деп есептеймiз. Келер жылы Алматыда өтетiн қысқы Универсиада ойындарына Швейцариядан 80 спортшы қатысады.

Қазақстан спортының өкiлдерi (спортшылар, бапкерлер, ардагер спортшылар)

Нұрберген Жұмағазиев, шорт-тректен Қазақстан құрамасының капитаны: 2017 жылғы қысқы Универсиадаға сақадай-сай дайынбыз. Қазiр Голландияда оқу-жаттығу жиындарында жүрмiз. Келер жылы Алматыда өтетiн дүбiрлi додада тек алтын алу үшiн барымызды саламыз. Бiздiң команда мықты жiгiттерден жасақталған. Сондықтан өзiмiзге сенемiз. Универсиада мен үшiн Олимпиада ойындарымен пара-пар. Өйткенi бұл жарыстарға Олимпиада ойындарына қатысып жүрген командалар келедi. Ал олардың арасынан топ жару, Олимп шыңын бағындырумен тең.

Виктор Ким, ҚР керлинг ассоциациясының Президентi: «2017 жылғы қысқы Универсиадаға дайындық қызу жүруде. Бiз қазiр сол жарыста қызмет ететiн төрешiлердi, мұз төсейтiн мамандарды шетелдерге жiберiп, дайындап жатырмыз. Керлингке қажеттi құрал-жабдықтарды сатып алудамыз. Келер жылы өтетiн қысқы ойындар ел спортының дамуына оң әсерiн бередi. Әсiресе, елiмiзде кенжелеп қалған керлинг спортының әлеуетiн арттырады деп есептеймiн.Бүгiнде Қазақстанда 800 адам керлингпен айналысады. Ел құрамасының сапына 220 адам қабылданған. Олардың барлығы жастардан тұрады және халықаралық жарыстарда жүлде алуға мүмкiндiктерi бар спортшылар. 2017 жылғы қысқы Универсиадаға елiмiздiң атынан екi команда қатысады. Олар: ерлер және әйелдер құрамасы. Универсиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғайтын спортшылар белгiлi. Олар қазiр дайындықтарын бастап кеттi. Универсиада ойындардында жүлдеге таласамыз».

Елена Хрусталева, 2010 жылғы Ванкувер Олимпиадасының күмiс жүлдегерi: «Қазақстан — дамушы мемлекет. Бiздiң елде спорт пен басқа салалардың дамып жатқанын көрiп жүрмiз. 2017 жылғы қысқы Универсиада ойындарын өткiзу, елдегi спорттық инфрақұрылымның дамуына әкеледi. Қысқы спортқа ден қоюуымыз керек. Өйткенi бiз елiмiздi бүкiл әлемге танытуымыз қажет. Ал Универсиада соған жол ашып бередi деп есептеймiн. Универсиада ойындарында жетiстiкке жеткен спортшылар, 2018 жылы Кореяда өтетiн Олимпиада ойындарында үздiк нәтижеге қол жеткiзуi мүмкiн деп есептеймiн».

Жанбота Алдабергенова, 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қатысушысы:

«Универсиада әр екi жыл сайын өткiзiлетiн iрi спорттық шара. Ол жарыста тек студент спортшылар қатыса алады. Мен де қазiр Университетте оқимын. Және келер жылы Алматыда өтетiн Универсиада ойындарында бағымды сынамақ ниеттемiн. Бұрын-соңды елiмiзде өткен халықаралық жарыстарға қатыспадым. Менiң фристайлға деген қызығушылығымды 2011 жылы Алматы мен Астана қалаларында өткен 7-шi қысқы Азия ойындары оятты. Сол кезде осы спорт түрiне әуесiм ауып, айналысуды шештiм. Қазiр көрсетiп жүрген нәтижелерiм жаман емес. Сочиде өткен Олимпиада ойындарына қатысып, 6-шы орын алдым. Былтыр Универсиадаға қатыспақ едiм. Бiрақ, шаңғы акробатикасы Универсиада бағдарламасына кiрмей қалды. Сондықтан 2017 жылды асыға күтудемiн. Менiң ойымша, Универсиада бiздiң елiмiздi әлемге тағы бiр мәрте танымал етпек».

Жанпейiсов Қаиыргелдi, Ұлттық штаттық командалар және спорт резервi дирекциясының директоры:

«Бүкiләлемдiк қысқы Универсиада ойындары саяси және спорттық жоба ғана емес, сондай-ақ Алматының дамуы мен көркейуiне септiгiн тигiзетiн бiрегей жоба. Өйткенi барлық салынып жатқан спорттық нысандар Универсиада аяқтала сала, халықтың игiлiгiне берiледi. Осы арқылы елiмiзде бұқаралық спорттың да дами түсетiнi ақиқат. Бiздiң спортшылар алысқа сабылмай, өз елiндегi спорттық нысандарда жаттығады. Бұл кететiн уақыт пен қаржыны үнемдеу деген сөз. Универсиаданың арқасында қаншама адам жұмыспен қамтылады. Бұл аздай, ертең алда-жалда Олимпиада ойындарын өткiзiп қалуымыз мүмкiн. Ал ондай жарысты қабылдап жатсақ, тағы да көпке шашылмаймыз. Өйткенi бiзде барлығы дайын. Келешекте Универсиада нысандарында әлем чемпионаттары мен кубоктары, басқа да iрi жарыстар өтетiнi белгiлi. Өйткенi нысандардың барлығы халықаралық талаптарға сай. 2017 жылғы Универсиадада бiздiң спортшылар жоғарғы нәтиже көрсетедi деп үмiттенемiн. Дегенмен, 2011 жылғы Азия ойындарында көрсеткен нәтижемiздi қайталау қиынға соғады. Өйткенi ол кезде тек Азия елдерiнңң командалары қатысса, келер жылы әлемнiң әр түкпiрiн спортшылар келедi. Бiрақ бiздiң елде өтетiн жарыста, жанкүйерлердi жерге қаратуға болмайды. Спортшыларымыздың бағы мен бабы келiсiп, ел намысын абыроймен қорғап шығатынына сенiмдiмiн».

Мақсұт Жұмаев, альпинист, Қазақстанның бiрнеше дүркiн чемпионы: «Қазiр жаңа спорттық нысандар құрылысы жүрiп жатыр. Олардың барлығы әлемдiк стандарттарға сай келедi. Ең бастысы 2017 жылғы Универсиададан кейiн нысандар бос болып қалып қалмай, халыққа қол жетiмдi болу керек. Әлемдiк деңгейлi жарыстарды мүмкiндiк болса жиi өткiзiп тұру керек. Баяғыда спортшыларымызды дайындау үшiн Еуропаға жiберетiнбiз. Ал қазiр олардың өз елiмiзде шынығуларына мүмкiндiктерi бар. Бiзде дайындық жасауға деген жағдай өте жоғары деңгейде. Ендiгi мақсат, шетелдiк спортшыларды Қазақстанда дайындық жасайтындай жұмыс жасау. Жақында Ақбұлақтағы АИБА Бокс Академиясын барып көрдiм. Ол жер шетелдiң спортшыларына лық толы екен. Бұл деген жетiстiктiң бастамасы. Барлық қазақстандықтар спортшылардың ойындарын тамашалап, жанкүйер болады. Лондон Олимпиадасы естерiңiзде ме? Ел болып қолдап, батырларымыз керемет нәтижеге жеттi. Осы жолы да дәл солай болады, басқа жол жоқ».

Наргиза Исаева, керлингтен Қазақстан құрамасының капитаны: «Алматы қаласында Универсиаданы өткiзу ел спортының қарыштап дамуына септiгiн тигiзедi. Бiзде халықаралық талаптарға сай спорттық ареналар бой көтерiп, бәрiмiз салауатты өмiр салтын ұстанамыз деп ойлаймын. Мәселен, 12000 орынға арналған Мұз сарайы керлингтен халықаралық жарыстарды ұйымдастыруға таптырмайтын нысан дер едiм.Универсиада ойындарына қатысамын. Және оған дайындығым ойдағыдай жүрiп жатыр. Әр жаттығу кезiнде бiздiң команда 100 пайызға барын салып, қызу дайындалуда. Универсиада өз елiмiзде өткеннен соң, жанкүйерлердi жерге қаратуға болмайды. 2017 жылғы қысқы Универсиадаға әлемнiң мықты студенттiк командалары келедi. Және бiз олардың арасынан үздiк шығуға тырысамыз. Өйткенi бiздiң командамыз да осалдардың қатарынан емес».

Регина Глазман, мәнерлеп сырғанаушы: «2017 жылы Алматыда өтетiн қысқы студенттер ойыны менiң қатысатын алғашқы Универсиадам. Сондықтан жауапкершiлiктi сезiнгендiктен, бойымда алаңдаушылық бар. Дегенмен бәрiн ысырып тастап, өзiмдi дайындауым керек. Өз елiмде өтетiн қысқы ойындарда барымды салып, жоғары нәтижеге қол жеткiзгiм келедi. Бiз өз жанкүйерлерiмiздiң алдында өнер көрсетемiз, сондықтан олардың қолдауы бiзге дем бередi.

Жақында маған ота жасалды. Қазiр мен қалпыма келiп жатырмын. Алайда ақпаннан бастап, жұмысқа кiрiсемiн. Бiз бапкерлерiмiзбен бiрге арнайы жаттығу кестесiн жасап қойдық. Соның негiзiнде дайындаламыз. Және Универсиадаға дейiн, нағыз бабымда болсам деймiн».

Серiк Сәпиев, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы: «Бiздiң елiмiзде спортқа және оның инфрақұрылымына үлкен назар аударылады. Қазақстанда қысқы спорттың дамып келе жатқанын айқын байқауға болады. Өз елiмiзде қандай шара өткiзсекте, бұл бiздiң мемлекетiмiзге айтарлықтай жетiстiк әкеледi. Универсиада сияқты iрi дода, спортты насихаттап қана қоймай, әлеуметтiк рөл де атқарады. Қазақстанның әлем алдындағы әлеуетi артып келедi. Бiздiң спортшылар жоғарғы нәтижеге қол жеткiзедi деп есептеймiн. Дегенмен өз елiңде өтетiн сайысқа қатысқанда, жауапкершiлiк еке есеге артады. Өйткенi миллиондаған қазақстандықтар сенiң жеңiсiне сенiм артады. Сенiң мойныңда үлкен жүктiң барын сезiнiп, олардың сенiмiн ақтауға тырысасың. Алайда жеңiспен қатар, ащы жеңiлiсте жүредi. Осы кезде жанкүйерлердiң қолдауы аса қажет. Барлық спортшыларға төзiмдiлiк, жеңiс тiлеймiн!»

Элизабет Тұрсынбаева, 2014 жылғы Қазақстан чемпионы: «Әрине, мен қысқы Универсиада ойындарына қатысқым келедi, бiрақ оған жас мөлшерiм жетпейдi. Дегенмен, көңiл-күйiмдi түсiргiм келмейдi. Себебi, Қазақстан әлi де талай жарыстарды ұйымдастырып, соған қатысатыныма сенiмдiмiн.Әрине, өз елiңнiң қабырғасында өнер көрсеткен керемет. Қысқы Универсиаданы өткiзу елiмiзде спорттың қарқынды дамып жатқандығын тағы да дәлелдей түседi. 2017 жылы қазақстандықтар әлемнiң ең мықты спортшыларын өз көздерiмен көре алады және бұл елiмiздiң спорт саласының дамуына үлесiн тигiзерi анық. 2017 жылы бiздiң барлық спротшыларымыздың жанкүйерi боламын. Жарыстың өз елiмiздiң қабырғасында өткiзiлетiндiгi және жанкүйерлер қолдауы қазақстандық спортшылардың жеңiске жетуiне өз септiгiн тигiзедi. Оларға көп медальды қанжығаларына байлауды тiлеймiн! Бар күштерiн салып, өз жанкүйерлерiн қуантсын дегiм келедi! Барлық қазақстандықтар жанкүйер болады!»

Юлия Галышева, 2015 жылғы қысқы Универсиаданың чемпионы: «Гранададағы Универсиада мен қатысқан алғашқы студенттер додасы болды. Бiрiншi рет аталған сайыстың деңгейiне көз жеткiздiм. Ендi онда жинаған тәжiрибемнiң арқасында, 2017 жылы елiмiзде өтетiн Универсиада ойындарында сәттi өнер көрсетемiн деп ойлаймын. 2017 жылы Универсиада ойындарынан бөлек, әлем чемпионаты мен Азия ойындары бар. Осы жарыстың барлығында сүрiнбеуге тырысамын. Оған шама толықтай жетедi. 2017 жылғы қысқы Универсиадаға дайындығым ойдағыдай өтiп жатыр. Жарысқа арнайы бағдарлама дайындамақпын. Елiмiзде өтетiн додаға қатысатын барлық спортшыларға сәттiлiк тiлеймiн! Универсиада ойындарының Қазақстанда өтетiндiгiне шынайы қуаныштымын».

Юрий Мельниченко, 1996 жылғы Олимпиада чемпионы: «Универсиада — Олимпиада ойындарынан кейiнгi ең маңызды сайыстардың бiрi. Жарыстың деңгейi өте жоғары деп сенiммен айта аламын. Өйткенi әлемнiң небiр мықты спортшылары осы додада бақ сынайды. Бұл жарыс бiздiң елiмiздi әлемге жақынырақ таныстыруға таптырмайтын шара дер едiм. Универсиаданы өткiзу арқылы, бiз болашақта Қазақстанда Олимпиада ойындарын қабылдауға нық қадам жасаймыз. Өйткенi, Универсиадада пайдаланылатын барлық нысандар, Олимпиадаға да жарамды. Алматыдағы спорт нысандары халықаралық талаптарға сай салынған. Алматыны спорттық инфраструктурасы дамыған шахар деп айтуға болады. Менiң ойымша, қазақстандық спортшылар Универсиадада толағай табыстарға жетедi деп үмiттенемiн. Бiрiншiден, олар осындағы ауа-райына дағдыланған. Екiншiден, Қазақстанда спорт десе iшер асын жерге қойуға дайын ұйымшыл жанкүйерлер қалыптасқан. Бiздiң жанкүйерлер сайыс басталғанда, нысандарға барып, спортшыларға демеу көрсетуге әзiр тұрады.Олар барда, спортшылар жерге қаратпас».

Аслан Тоғбаев, спорттық баңдарлаудан 2011 жылғы Азия ойындарының чемпионы: «Универсиада сияқты доданың өтуi жастар үшiн пайдасы зор. Мұндай спорттық шара Қазақстанда жыл сайын өткiзiле бермейдi. Және де әлемге белгiлi спортшыларды көре бермейсiз. 2017 жылы Алматыға өз елiнiң чемпиондары келедi. Бiздiң спортшылар олармен иық тiрестiрiп өнер көрсетулерi қажет. Өйткенi бүкiл әлемнен миллион алық осы жарысты тамашалайды. Мемлекет кәсiби спортқа көп көңiл бөлiп жүр. Жарыс өтедi де кетедi, бiрақ Универсиаданың несiбесi алыққа қалады. Барлық спорт нысандары тек кәсiби спортшыларға ғана емес, спортты серiк еткен әуесқойларға да қолжетiмдi болады. Бiздiң құрамада талантты, мықты спортшылар жетерлiк. Және олар 2017 жылғы қысқы Универсиадада ел намсымын абыроймен қорғайды деп сенемiн. Оларға тек жеңiс тiлеймiн».

Анна Алябьева, көркем гимнастикадан 2010 жылғы Азия ойындарының чемпионы: «Қысқы спорт түрлерiнен бiзде мықты спортшылар тобы қалыптасқан. Ең iрi жарыстарда олардың көрсетiп жүрген жетiстiктерiмен мақтануымызға болады. Универсиада өз елiмiзде өтетiнiн ескерсек, бiздiң спортшыларға бұл үлкен шабыт берерi сөссiз. Бiр жылда Экспо мен Универсиаданың өтуi, бiздiң Отанымыз үшiн айтулы оқиға.Қазақстан азаматтары екi шараға да атсалыса алатыны қуанышты.2017 жылыАлматыда әлемнiң ең мықты спортшылары басқосады. Оларды қолдап келетiн жанкүйерлердiң де қарасы көп болады.Универсиаданы дәрежесi жағынан Олимпиада ойындарына теңер едiм. Ал аталған додаға қатысу, спортшы мансабының маңызды бiр оқиғасы деуге болады. Аталған iрi шаралардың Қазақстанда өтуi, елiмiздiң барлық бағытта дамып келе жатқандығын көрсетедi».

Данияр Елеусiнов, бокстан әлем чемпионы: «Қазiр бiздiң спортшылар алдағы додаға тыңғылықты дайындалуда. 2017 жылға дейiн олар бiраз сындарда шыңдалмақ. Универсиаданың алтынына таласу үшiн əр елден 2000-нан астам спортшы келедi. Олардың кез-келгенi өз елiнiң үздiгi. Бәсеке жоғарғы деңгейде болмақ! 2017 жылы қазақстандық спортшылар үздiк нəтиже көрсетедi деп сенемiн. Олардың əрқайсысының мойнында ауыр жүк тұр, сондықтан жарысқа 100 пайыз дайындықпен келедi деп үмiттенемiн. Өз елiңде өтетiн жарыста жеңiлiп қалмау керек, ең жоғарғы жүлдеге қол жеткiзу қажет. Бүкiл Қазақстан өз Отандастарының аяқ-алысын аңдып, тiлеуiн тiлейдi. Жеңiстерiне күə болады деп ойлаймын».

Мұхит Тұрсынов, «Қазақстан барысы»: «Универсиаданың бiзге берерi, алдымен инфрақұрылымның дамуы. Осы додаға арнап қаншама спорттық нысандар салынуда. Сонымен қатар, қысқы спорт түрлерiнен өтетiн болғандықтан осы бiр салаға қызығушылық артады. Дамуына үлкен серпiн бередi. Келер ұрпақ, жасөспiрiм балалар мен жастардың спортқа деген қызығушылығы оянады. Елiмiзге жан-жақтан туристер ағылады. Соның арқасында, мемлекетiмiздiң танымалдығы артады деген ойдамын. Бiздiң мұндай дәрежедегi жарысты өткiзуден тәжiрибемiз бар. 2011 жылғы Азия ойындары өте керемет өттi. Ал Универсиада ендiгi 12 спорт түрiнен өтедi. Соның арқасында, осы спорт түрлерiнiң бәрi белгiлi бiр шеңберде дамиды. Өзiм, қысқы спорттан шаңғы тебуге қызығамын».

Ислам Байрамуков, еркiн күрестен Олимпиада ойындарының күмiс жүлдегерi: «Универсиаданың елiмiзде өтетiнiн қолдаймын. Мұндай жарысты әлемнiң кез келген елi өткiзе бермейдi. Өткiземiн дегеннiң өзiнде әрбiр елдiң қолынан келе бермейдi. Бiздiң мемлекет бұл жағынан жарап тұр. Универсиаданың пайдасы өте көп. Халықты салауатты өмiр салтына шақырады, сонымен қатар, жарыс аяқталғаннан кейiн қаншама спорт нысандары елдiң игiлiгiне берiледi. Бұл жарыстың елiмiзде өтуiнiң басты мақсаты, қысқы спорт түрлерiн дамыту деп ойлаймын. Спортшы болғаннан кейiн барлық спорт түрлерiн қараймын. Әсiресе, шаңғы тебу мен хоккей жаныма жақын. Одан бөлек, биатлонға қызығамын. Трамплиннен секiрудiң өзi, өз алдына бiр өнер. Кейде ойлаймын, трамплиннен секiру үшiн қандай жүрек жұтқан адам болу керек».

Жақсылық Үшкемпiров, Олимпиада чемпионы: «Бұрындары мұндай iрi дәрежедегi жарыстар өтпеушi едi елiмiзде. Қазiр осы жарыстардың арқасында спортымыз дамып келедi. Спорттық нысандардың салынуымен спортымыз дами түседi. Соңғы Олимпиадада үлкен жетiстiктерге жеттiк. 2011 жылы елiмiзде өткен Азия ойындарында жоғары нәтиженi көрсеттiк. Ендiгi Универсиадада осындай жетiстiктерге жетемiз деп ойлаймын. Әрине, ойымыздағыдай болмай шығу мүмкiн, өйткенi бұл спорт. Спортта бәрi болады. Универсиаданың арқасында жастарымыз қысқы спортқа қызыға түседi. Өзiм спорт десе жанын беретiн адаммын. Сол себептi осындай iс-шаралар менi тек қана қуантады. Бұл жарыс барлық жағынан да спортты дамыта түседi. Мұндай әлемдiк доданы кез келген мемлекет өткiзе алмайды. Өткiзу үшiн де талай еңбектену қажет. Барлық елдер осындай халықаралық жарыстарды қабылдауға тырысады, әрi бiр-бiрiмен жарысады. Спортқа қызығушылардың саны артқан сайын, халқымыздың денсаулығы жақсара түседi».

Жiбек Арапбаева, 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының күмiс жүлдегерi:

«Мен, 2011 жылы Қазақстанда өткен 7-шi қысқы Азия ойындарына қатысқан болатынмын. Сол сында күмiс еншiлеп, тұғырға көтерiлген сәттi ешқашан ұмытпаймын. Содан берi, аттай алты жыл өттi. Жеңiстер де, сәтсiздiктер де болды. Жарақат алсам да, спорттан қол үзген емеспiн. Өйткенi мақсатыма толық жеттiм дей айта алмаймын. Келер жылы елiмiзде өтетiн Универсиада ойындарын асыға күтудемiн. Осы сынға қатысуды көптен берi армандап, жоспарлап қойғанмын. Бұрын-соңды Универсиада ойындарына қатысып көрмегенмiн. Елiмнiң мерейiн асырғым келедi. Мен өзiм айналысатын спорт түрiн халыққа насихаттап, оның дамуына септiгiмдi тигiзгiм келедi. 2011 жылы бiздiң командада, фристалдың акробатика түрiнен бар-жоғы 3-4 адам болса, қазiр бiршама көбейiп қалдық. Ал Универсиада аяқталғаннан кейiн, фристайлдың акробатикасына қызығып, осы спортқа ден қоятындардың қатары тiптi арта түседi деп есептеймiн. Жеңiстi күнде жолыққанша!»

Ермахан Ибраимов, Сидней Олимпиадасының чемпионы:

«2017 жылы Алматыда өтетiн қысқы Универсиада, халық арасында қысқы спортқа деген қызығушылықты оятады. Және қысқы спортпен айналысып жүрген спортшыларымыздың әлеуетiн арттырады. Соңғы екi Олимпиада ойындарында бiздiң спортшылар бар-жоғы екi медаль ғана жеңiп алды. Бұл өте аз. Бiз келешекте Смирнов, Тен, Хрусталеваның iзбасарларын көргiмiз келсе, қысқы спортты дамыта беруiмiз керек. Ал қысқы спорттың дамуына Универсиада тiкелей әсер етпек. Қазiр осы жарыстың арқасында Алматыда жаңадан спорт нысандары салынып жатыр. Ертең, қысқы ойындар аяқталғаннан кейiн, нысандардың барлығы халықтың спортпен шұғылдануы үшiн пайдалануға берiледi. Керемет емес пе? Мен өз басым қысқы спортқа қызығамын. Маған допты және шайбалы хоккей ұнайды. Ондағы тартысты көргенде делебем қозады. Кезiнде елiмiздегi бiр хоккей клубына менi кеңесшi – жаттықтырушы ретiнде шақырған. Бiрақ мен келiспедiм. Дегенмен бiр рет барып, бiлген-түйгенiмдi жiгiттерге үйретiп кеткенiм бар. Нәтижесi жаман емес сияқты. Дамир Рыспаев сияқты ер жүректi жiгiттердiң шығып жатқаны қуантады».

2017 жылғы қысқы Универсиад 2017 жылғы қысқы Универсиад 2017 жылғы қысқы Универсиад 2017 жылғы қысқы Универсиад 2017 жылғы қысқы Универсиад

    Мақаланы құрған күні 06.05.2016 10:10
    Мақаланы жаңартқан күні 06.05.2016 11:13
    Қаралым саны: 687

    Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 индексі: 020000

    Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі:
    8 (7162) 29-72-00

    Қабылдауға жазылу:
    8 (7162) 29-72-43

    Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат:
    8 (7162) 29-72-71

    Шығыс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
    8 (7162) 29-72-49

    Кіріс хат-хабарлар бойынша ақпарат:
    8 (7162) 29-72-44

    Факс:
    8 (7162) 29-72-98

    Электрондық пошта адресі: akim@akmo.kz

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-25, 29-72-54, 29-72-23

    Яндекс.Метрика
    @2017 Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

    ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

    Астана қаласының әкімдігі

    Алматы қаласының әкімдігі

    Ақтөбе облысының әкімдігі

    Алматы облысының әкімдігі

    Атырау облысының әкімдігі

    Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

    Жамбыл облысының әкімдігі

    Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

    Қарағанды облысының әкімдігі

    Қостанай облысының әкімдігі

    Қызылорда облысының әкімдігі

    Маңғыстау облысының әкімдігі

    Павлодар облысының әкімдігі

    Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

    АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

    Көкшетау қаласының әкімдігі

    Степногорск қаласының әкімдігі

    Ақкөл ауданының әкімдігі

    Аршалы ауданының әкімдігі

    Астрахан ауданының әкімдігі

    Атбасар ауданының әкімдігі

    Бұланды ауданының әкімдігі

    Бурабай ауданының әкімдігі

    Егіндікөл ауданының әкімдігі

    Еңбекшілдер ауданының әкімдігі

    Ерейментау ауданының әкімдігі

    Есіл ауданының әкімдігі

    Жақсы ауданының әкімдігі

    Жарқайың ауданының әкімдігі

    Зеренді ауданының әкімдігі

    Қорғалжын ауданының әкімдігі

    Сандықтау ауданының әкімдігі

    Целиноград ауданының әкімдігі

    Шортанды ауданының әкімдігі

    ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫШТЫ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫ

    Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы

    Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

    Ақмола облысының ветеринария басқармасы

    Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

    Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

    Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы

    Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы

    Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

    Ақмола облысының мәдениет басқармасы

    Ақмола облысының білім басқармасы

    Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

    Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы

    Ақмола облысының дін істері басқармасы

    Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы

    Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

    Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы

    Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

    Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

    Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

    Ақмола облысының құрылыс басқармасы

    Ақмола облысының туризм басқармасы

    Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

    Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

    Ақмола облысының қаржы басқармасы

    Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы